Сабақтың әдісі: аралас
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, дүниетану
Сабақтың көрнекіліктері: ұзындықтары әр түрлі сызғыштар, суреттер, сандар, әр түрлі заттар
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Көтеріп шаңырақ,
Керегелер керіліп.
Өрімдей болып өріліп
Киіз үй боп көріндік.
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша есептеуге заттарды санауға, тапсырма бойынша заттар тобын арттыру және кемітуге, дыбыстарды санауға, өзара сәйкестікті қоюға (қарындашты үстелге неше рет тақылдатсан, сонша шаршыны қой; мен неше рет санасам, сонша рет еңкей, т.б.) жаттығулар беріледі
1. «Математикалық әткеншек» №1-81 бет.
IІІ. Жаңа материалды меңгеру.
1.Оқулықпен жұмыс. №2 кесінділердің қосындысы қалай табылады екенін түсіндіру.
5см +3 см = 8 см
*кесінділердің айырмасы қалай табылады екенін түсіндіру.
Мұғалім ұзындығы әртүрлі 3 жолақ қағазды алып көрсетеді.
2. 7 , 8 , 9 цифраларын жазу.
ІV. Оқулықпен жұмыс . №3, №4 дәптерге орындау.
V.Сергіту сәті
Құстай болып ұшамыз
Қанатты біз қағамыз.
Ұлу болып жорғалап,
Өсімдікке қонамыз.
Қане енді тұрайық
Қолымызды созайық.
Қанат қағып ұшайық.
Достарыңызбен бөлісу: |