Түсінік хат
Математика бойынша бастапқы білім сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бастауыш сынып білім алушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді шешуге, айтылған пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған. «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 3-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 180 сағат;
22-кесте. «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
3-сыныпта – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 180 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |