«Математика әлемі» Таңдау курсы 7-класс Түсінік хат



Дата25.08.2017
өлшемі80,7 Kb.
#27477
Алға аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

«Математика әлемі»
Таңдау курсы

7-класс


Түсінік хат

Бүгінгі ұрпаққа сапалы,тиянақты білім,саналы тәрбие беруді қалыптастыру қазіргі тааңдағы негізгі міндеттердің бірі. Оқушының математика пәнін игерудегі жетістіктерін, одан әрі тереңдете отырып,пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. Арнайы курс сабағының мақсаты оқу жоспары бойынша қарастырылған материалдарға қосымша білім беру , оқушы білімін жан-жақты кеңейту. Оқушылардың математика сабағына деген қызығушылығын арттыра отырып,оның белсенділігін қалыптастыру.Оқушының жүйелі логикалық ойлау қабілетін ,шапшаңдығын,жан-жақты математикалық сауаттылығын арттыру .

Математиканың сабақтан тыс қырлары мен сырларын ашып ,шығу тарихымен танысу,әр түрлі жұмбақ, ауызша есептер,ребустар мен сөзжұмбақ, математикалық ойындар мен терминдер,логикалық есептер арқылы оқушының ой-өрісін дамыту,білім білік дағдыларын қалыптастыру.

Осы арнайы курс сабақты таңдай отырып жыл бойы барлығы 4сағат, аптасына

1сағат,аптасына 1 сағат арналып отыр.

Пікір

Математика пәнінің мұғалімі Т.К.Машыбаеваның «Математика әлемі» атты таңдау курсының бағдарламасында мектеп курсынан алған білімдерін одан әрі қарай кеңейту,теориялық білімін практикаға ұштастыру көзделген.

Құрылған бағдарлама мазмұны математика пәнінің мазмұнымен үйлеседі. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықпен жұмыс жасауына жағдай жасалған.Бағдарламада сабақтан тыс тақырыптар мен 7-сынып бағдарламаның негізгі тақырыптары қамтылған. Бұл курс бағдарламасы 7-сынып оқушыларын есеп шығаруда өз білімін көтеру, тереңдету, тиімді жолдарын таба білу және білімдерін бекіту мақсатында есептердің шығару тәсілдерін үйренуде, іскерлік-дағдыларын қалыптастыруда маңызы зор.

Бағдарлама жоспары әдістемелік бірлестік отырысында талқыланды.



Мақсаты:

Математикадан арнаулы курсының мақсаты бағдарламада жоспарланған тақырыптарға қосымша материалдарды пайдалана отырып, оқушының білімін, логикалық ойлау қабілеттін жан-жақты дамыту.

Оқушыларды логикалық ойлау және танымдық қызметімен түсініктерін дамыту. Шығармашылық қабілетін дамыта отырып, зейінімен іскерлік машығын бірте – бірте дамыту. Ауызша, жазбаша ойлау, іскерлік –дағдыларын қалыптастыру. Жалпы оқушының математикалық мәдениеттін дамыта отырып өз бетімен шығармашылықпен жұмыс жасай алатын, жеке тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

-оқушының ой өрісін, іскерлік дағдысын қалыптастыру;

-логикалық ойлау қабілеттін, шапшаңдығын дамыту;

-алға қойылған мақсаттарға жету жолында, өз бетімен өз бетімен жұмыс жасауға үйрету;

-практикалық есептерді шешуді үйрету;

-стандарт емес есептерді шешу тәсілдерін қалыптастыру;

- жалпы оқушының математикалық ойлау қабілетін жан-жақты дамыту;

-күрделі есептерді шешу жоспарын құру;

-күрделі есептерді жай есептерге айналдырып шешу;

Бағдарламаны оқытуда қойлатын талаптар

Білімі:

-логикалық есептерді шешуді білу;

-ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру;

-формулаларды, есептерді еске сақтай отырып теңбе – теңдіктерді дәлелдеу, шешу;

-математиканың даму тарихынан мағлұматтар алу;

-көпмүшеліктерге амалдар қолдана білу;



Білігі:

-Оқушының практикалық әдіс- тәсілдерін қалыптастыру;

-Жеңілден, күрделіге қарай жүйелік нәтиже алу;

-қарапайым теңдеулер шешу тәсілдерін білу;

-өз бетімен практикалық жаттығуларды (есептерді) орындай білу;

Мазмұндық құрылымы

Ұйымдастыру, іздену жұмыстары (16 сағат).

Математиканы математика тарихымен байланыстыру, ауызша білім – білік дағдыларын қалыптастыру. Логикалық есептер, математикалық ребустар, цифрлаулар, сандар мен берілген ойын есептер, стандарт емес есептер.

Алгебра 16 сағат

Бірмүшелік пен көпмүшеліктер.

Қысқаша көбейту формулалары.

Бірмүшелік пен көпмүшеліктерге амалдар қолдану. Көпмүшелік түрінде берілген теңдеулер мен теңбе – теңдіктерді дәлелдеп шешу.



Геометрия 2 сағат

Циркуль, сызғышты пайдаланып, салу есептерін шешу.




«Математика әлемі» таңдау курсы. 7- класс.

Барлығы -34сағат.

Аптасына-1сағат.



Тақырыбы

Сағат саны

Күні, айы

1

Бірмүшелік және көпмүшеліктер тарихы

1




2

Есептер шығару

1




3-4

Арифметикалық физкульминут

2




5-6

Ұлттық дәстүрмен сабақтартырылған сабақ

2




7-8

Қазақ халық қолданған ауызша есептерді теңдеулердің көмегімен шешу.

2




9

Математикадан ауызша жаттығулар

1




10-11

Пуассон есебі

2







12

«Озық ойлы оқушы» сайысы

1




13

Циркуль мен сызғыш туралы. Циркуль, сызғыш сөзжұмбағын құрастыру

1





14

Циркуль, сызғышты пайдаланып салу есептерін шығару

1




15-16

«Көпмүшелер мен амалдар»

2




17

Көпмүшені көбейткішке жіктеу

1




18-19

Теңбе – теңдікті дәлелдеу

2




20-21

Қысқаша көбейту формулалары

2




22

Тесттер

1




23

Математикалық ребусттар

1




24

Математикалық цифрлаулар

1




25

Математикалық оқиғалар

1




26-27

Дәлелде,шеш,есепте.

2




28-29

Логикалық есептерді шешу тәсілдері

2




30-31

Стандарт емес есептерді шешу

2




32

6-7 класс курстарының кейбір тақырыптарына тесттілік есептерді шығару

1




33

Қорытынды сабақ «Білімділер сайысы»

1




34

Қорытынды тест

1







Барлығы:

34сағ






Күтілетін нәтиже

-Математикалық ұғымдарды, формулаларды, белгілеулерді, дұрыс атау, жазу, оқу.

-Алған теориялық білімдерін практикалық жұмыста (есеп шығаруда) дұрыс қолдана білу.

-Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, пәнді жан –жақты тереңірек түсінуге ықпал ету.

-Өз ойын қорыта білуге, айта білуге үйрету.

-Алған білім, білік дағдыларын өмірде қолдана білу.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Математика тарихы». Глейзер

  2. «От игры к знаниям» Е.М.Минскин.

  3. «Алгорифм», «Математика в школе», «Математика және физика» журналдары.

  4. «Алгебра есептер жинағы»,6-8 кластар Ю.Н.Макарычев, т.б.

  5. «Задачи повышенной трудности» Н.П.Кострыкина.

  6. «Математические олимпиада школников». И.С.Петриков.

  7. «Пойсковые задачи по математике в 5-6 классах» В.К.Совайленко

  8. «Математикадан кластан тыс жұмыстар» 7-9 кластарға арналған В.А.Гусев, А.И.Орлов.

  9. «Факультативный курс по математике» И.Л. Николская.

  10. «Олимпиадалық математика және ой дамыту» Т.Күшай.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет