Математика және информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану



бет14/15
Дата14.12.2021
өлшемі68,04 Kb.
#126445
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
0004da70-57a80e5a

Талантты және дарынды баларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет- балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Дарынды бала-бұл жақсы оқитын оқушы ма? деген сұрақ туындайды. Дарынды бала дегеніміз: өз қатарынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктермен дараланатын бала. Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П.Торранс зерттеп, шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасындағы жиі кездесетінін дәлелдеді. Сауалнама арқылы, өзге адамдармен сөйлесу арқылы сыныпта шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың бар екендігін анықтап, әр сабағымда шығармашылық тапсырмалар беруге тырыстым. Реферат жазу, синквейн, эссе жазу, жұмбақ және ребус құрастыру т.б. Шығармашылық тапсырмаларды сыныпқа жаппай бергенде тек әр топтан қабілетті оқушылар орындайды, сол арқылы да талантты және дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырманы жеке орындаған оқушы да өз жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылады. Талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық модульдері ықпалдастырып өткізіледі. Себебі, үш модуль де оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып табылады. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулі оқушының танымдық дамуына негізделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет