Бастауыш кластарда математиканы оқыту мектепте сабақ және сабақтан тыс (жеке және топ-топқа бөліп) жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады; үйде - өзіндік үй тапсырмасы формасында; табиғатта, музейде, өндірісте - экскурсиялар формасында. Басқа пәндер сияқты, математиканы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылады.Математика сабағының ерекше болуына ең алдымен оқу пәнінің өзінің ерекшеліктері себепші болады. Математиканың бастауыш курсы арифметикалық материалды оқып үйренумен бірге алгебра мен геометрия элементтері енетіндей етіп құрылған. Ендеше бір сабақта арифметикалық материалмен қоса, алгебралық және геоиетриялық материал да өте жиі қарастырылады. Курстың әртүрлі бөлімдерінен материал енгізу математика сабағының құрылысы мен оны өткізу методикасына сөзсіз әсер етеді.

Математиканың бастауыш курсының екінші бір ерекшелігі -теориялық және практикалық мәселелерді бір-бірімен байланыста қарастыру. Сондықтан әрбір математика сабағында білімді игеру жөнінен істелетін жұмыс оқушылардың біліктері мен дағдыларын қалыптастырумен бір мезгілде жүргізіледі.