Бірдей бес орамда 360 м. шыт, ал бірдей үш орамда 108 м сәтен бар. Бір орамдағы шыт сәтеннен неше метр артық? Бір орамдағы сәтен шыттан неше есе кем?
Бірдей 5 орамда- 360 м шыт -? артық
Бірдей 3 орамда – 108 м сәтен -? есе кем
№9 Өрнек түрінде жаз және мәнін тап:
а) 860 және 160 сандарының айырмасын 8 есе арттыру;
ә) 90 және 5 сандарының көбейтіндісінен 370-ті азайту;
б) 1000-ның 2-ге бөліндісін 120-ға арттырып, қосындыны 2 есе кеміту;
Логикалық тапсырма
1-топтың тапсырмасы оқулықтың 118-бетінде
2-топқа: Ануарда 20 кәмпит бар.Ол кәмпиттерді қарындасына 2-еуі артық тиетіндей етіп бөлгісі келді. Әнуар кәмпиттерді қалай бөлуі тиіс? 3-топқа: Үш дос бала үстелде жатқан жаңғақтарды қалай бөлісуді ойластырды. Серік айтты: «Егер әрқайсымыз 8 жаңғақтан алсақ, екеуі артылып қалады, ал егер 9жаңғақтан алсақ, 1 жаңғақ жетпей қалады» Үстелде неше жаңғақ жатыр?
Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабағымыздан не үйрендіңдер?
Қандай ой түйдіңдер?
Сабақ сендерге ұнады ма?
Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек» (Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға іледі)
Топтың атына және математикаға байланысты қандай мақал, өлең, нақыл сөздер білесіңдер? (постер құруға да болады)
Үйге тапсырма
№7, 118 бет Сабақ аяқталды. Бағалау Тыңдағандарыңызға рақмет!