Түсінік хат Математика пәнінен факультатив курсына арналған күнтізбелік тақырыптық жоспар
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларын;
«Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдарын негізге ала отырып құрастырылды.
Қарастырылып отырған сұрақтар оқушыларды сабақта алған білімдерін толықтыруға және тереңдетуге арналған. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 7-сыныпқа арналған алгебра оқулығынан және стандартқа сай емес есептер жинағы бойынша құрастырылған. Негізгі саақтарда берілетін оқулық оқушыларға басты құрал болып табылады. Мұғалімдердің, сондай- ақ оқушылардың сабаққа дайындалуына, үй тапсырмасын орындауға уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Курс бағдарламасы сегіз бөлімнен тұрады, сондықтан бағдарламаның кез келген тақырыбы басқа тақырыпты өтуді қажет етпейді. Мұнда негізгі курстың материалдарымен байланысты сұрақтар енгізілген. Жаңа тақырыптар болып «Диофанттың сызықтық теңдеуі», «Гаусс әдісі», «Көпмүшелерді бөлу»болып табылады. Сабақта алған білімдерін тереңдетуге арналған тақырыптар «манның модулі», «сандардың бөлінгіштігі», «Қысқаша көбейту формулалары», «Бірінші дәрежелі теңдеулер жүйесі».
Мақсаты: жеткілікті түрде, практикалық түрде, әртүрлі ойындар арқылы оқушыларды мектеп курсында қарастырылмайтын материалдарымен таныстыру және кейбір сұрақтар бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету.