Көптеген дайын материалдарды сабақтарымда қолдана аламын.
Тест тапсырмаларын жылдам өткізіп, сол мезетте тексере аламын.
Оқытудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтыламын
Тақта алдында тұрып бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DYD, CD-ROM және интернет ресурстарын қолдана аламын
Сабақта қолданылатын көрнекіліктердің деңгейін арттырамын
Сабақтың өңімділігі артады
Ал, оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді:
Ұжымдық жұмысқа қатысуға,
Материаларың тиімді және серпінді берілуі арқылы күрделі тапсырмаларды жылдам орындауға,
Өз-өздеріне сенімді болып, шығармашылықпен жұмыс істеуге,
Ғаламтор арқылы көптеген мәліметтерді алуға,
ҰБТ-ға дайындалу барысында әртүрлі сайдтарға кіріп, тест тапсырып, нәтижесін білуге.
Компьютерлік желі арқылы өздеріне қажетті сабақтарды, тесттерді пайдалануға.
Сонымен қатар, ашық сабақтарды өткізгенде сол кездегі оқиғалармен байланыстыру арқылы одан ары қызықты етіп өткізуге тырысамын. Мысалы, елімізде қысқы Азиада ойындары болған кезде өткізген сабағымның әр бөлігін қысқы спорт түрлерімен атадым. Сабақты Азиада ұранымен бастадым және сабақта логикалық есепті бірінші болып шешкен оқушы олимпиада алауын жақты. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға медальдар берілді. Бұл сабақтың оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі маңызы зор деп ойлаймын.
9-сыныпта «Сан тізбектері» тақырыбында өткізген ашық сабағымды мектепте өткізіліп жатқан «Салауатты өмір салты» айлығымен байланыстырдым.
Достарыңызбен бөлісу: |