14 кг ағаштан 70 қасық жасады. 50 қасық жасау үшін қанша килограмм ағаш қажет?
1 минутта бірінші станокта 12 бөлшек, ал екінші станокта 8 бөлшек жасалады. Бірінші станокта тапсырма 20 минутта орындалса, екінші станокта тапсырма қанша уақытта орындалады?
Картада тік төртбұрышты участок өлшемдері көрсетілген: 3 см және 8 см. Егер масштаб 1:5000 болса, участок ауданы неге тең?
Зат алғашқыда 10%-ке арзандатылды, сонан соң 10%-ке қымбаттатылды. Заттың бағасы қалай өзгерді?