Тапсырма орындалуын бағалау
Іс әрекеті:құзыреттіліктің бірінші деңгейі (анықтау, есептеу)
мазмұны: заттың салмағы
Ситуация: ғылыми
Тапсырма ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы. Тапсырманың бағалауы – 500 ұпай (орташа деңгей).Картоптың салмақ сипаттамасына сәйкес келетін, 3 кг картоптың салмағын табу талап етіледі. Бұл таза математикалық есеп. Оқушаларға математикалық терминдері бар, мәтінде көрсетілгендей картоптың салмағына байланысты мәліметтерді табуды талап етіледі. Ауызша түрде, математикалық терминдерді қолдана отырып сәйкес3 жене 5 кг тор дорбаның салмағын табу керек.
8 ТАПСЫРМАЛАР ТОПТАМАСЫ .
Велосипедші Айжан
Айжан жаңа велосипед сатып алды. Велосипедтің рулінде жылдамдық өлшегіш қондырылған. Жылдамдық өлшегіш Айжан велосипедпен жүріп өткен қашықтық пен жолдағы орташа жылдамдықты көрсетеді.
Айжан өз велосипедімен үйінен 4 км қашықтықтағы жатқан өзенге
дейін барды. Оған 9 минут қажет болды. Ол үйіне 3 км қысқа жолмен қайтты.
Бұл үшін оған 6 минут қажет болды. Айжанның өзенге дейінгі және артқа қарай орташа жылдамдығы (км/сағ) қандай? Орташа жылдамдық қанша км/сағ.
Сипаттау:
Екі жүріп өткен жол мен кеткен уақытты ескере отырып, екі жолдың
ораша жылдамдығын есептеу.
Математикалық сала:
Өзгерістер мен қатынас.
Мәнмәтін: Жеке бастық.
Оқу-танымдық әрекет түрі: Қолдану.
Сұрақ форматы: Құрылымдық.
Күрделілік: 696,6 (6 деңгей).
Толық жауап: 28 км/сағ.
Жауап қабылданбайды: 28.3 (Бұрыс әдіс: 2 жолдың орташа жылдамдығы
(26.67 және 30), жауап жоқ.
Түсініктеме: Осы сұрақ орташа жылдамдық мәнін тереңірек түсінуді талап
етеді. Жылдамдықты үстемелеу арқылы алынған (26,67 км/сағ және 30 км/сағ), осы берілген жағдайдағы дұрыс емес жауапқа қарамастан (28,3 км/сағ), орташа жылдамдық, тек жылдамдықты үстемелеген жолмен алынбайды.
1 деңгей: Өз жолында Айжан алғашқы 10 минутта 4 км жүрді, ал содан соң
қалған 5 минутта 2 км жүрді. Келесі айтылғандардың қайсысы дұрыс?
А. Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минутта, кейінгі 5 минутқа
қарағанда артық болды.
B. Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минутта да, кейінгі
5 минутта да бірдей болды.
C. Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минутта, кейінгі 5 минутқа
қарағанда кем болды.
D. Осы ақпараттан Айжанның орташа жылдамдығы туралы ешнәрсе айту
мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |