Математика мен дүниетанудың арасындағы байланыстар:
— дүниедегі құбылыстарға дәл де әділ баға бере білу; — өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру; — математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтіру; — айналадағы дүниеде танып білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабақтарында пайдалану; — еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, байлығын, шаруашылығының түрлерін , ғылым мен мәдениетін, табиғатын сипаттайтын фактілерді, деректерді, мәліметтерді және анықтағыш материалдарды пайдалану.