Материалдары


ҼОЖ 38  БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҼСЕЛЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет166/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

 
ҼОЖ 38 
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҼСЕЛЕЛЕР 
 
Шҥйінішбаева Гҥлсім Сағидуллақызы 
Камашева Жанылай Маратқызы 
Қазақстан , Ақтҿбе кҿлік, коммуникация жҽне жаңа технологиялар колледжі 
 
Аннотация 
Мақалада білім беру барысында ұлттық психологиялық мəселелерді негізге алу мүмкіндіктері қарастырылған. 
Аннотация 
В данной статье рассматривается значение и применение этнопсихологические ресурсы в образовании
ABSTRACT 
This article is considered the development of psychological science in Kazakhstan 
Этнопсихологи
я 
- ҽрбір халықтың рухани ҽрекетінің ( миф, фольклор, тіл, дҽстҥр, салт, ҽдет-ғҧрып, дін, т.б. ) 
жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін кҿрсететін негізгі ҿлшемдерін, ҽртҥрлі этникалық 
қауымдастыққа жататын адамдардың психологиялық ҿзіндік бейнеленуі туралы ғылым. Этнопсихология жеке 
ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінрек Батыс Еуропа елдерінде ( Лацариус, Штейнталь, 
Вундт т.б.) пайда болды «Этнос» гректің – etnos – тайпа, халық деген сҿзінен шыққан. Ғылымда «халық» 
терминінің орнына «этнос» термині орынды қолданыла бастады. Бҧл термин этностың негізгі тарихи тҥрі – 
«тайпа», «ҧлыс» (народность), «ҧлт» ҧғымын тҥгел қамтиды. Этнопсихологияның объектісі этностық бірлік, 
сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы ретіндегі қоғамдық психологияны зерттеу болып табылады. 
Қоғамдық психология психикалық процестер, психикалық қасиеттер жҽне психикалық кҥйлерді анықтайтын 
этностық бірліктің реттелген жиынтығын кҿрсетеді.
Х 
Халықтық психология туралы бірер жайт айтатын 
болсақ , ата-бабаларымыз ҿздерінің сан ғасырлар бойғы ҧлы тарихында жас ҧрпаққа тҽрбие берудің бай 
тҽжірибесін жинақтап, ҿзіндік салт-сана мен ҽдет-ғҧрып, дҽстҥр рҽсімдерін қалыптастырды. Бҧлар адамдардың 
тҥрмысына сіңген жҿн-жосық, жол-жоралғылары, ҽр адамның іс-ҽрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан 
нормалары мен принциптерінің кҿріністері еді. Қҿшпелі халық ҿзі ҿмір сҥрген қоғамның ҽлеуметтік-
экономикалық жағдайларына, мҽдениеті мен тарнхына, табиғатына орайлы жас буынға тҽлім-тҽрбие берудің 
айрықша талап-тілектерін дҥниеге ҽкелді.
Халық педагогикасы жайлы ҧғымды анықтау, ҽр тҥрлі ғылыми – 
педагогикалық кҿзқарастарды қалыптастыру поблемаларына кҿптеген ғалымдар, педагогтар кҿңіл аударды, 
қҧнды пікірлер айтты[1]. 


208 
Олар орыс педагогтары К.Д. Ушинский, Н. Крупская, А.С Макаренко, В.А Сухомлинский, В.Н. Водовозов, Г.С. 
Виноградов, чуваш педагогы Г.Н Волков, татар педагогы Я.И Ханбиков, азербайжан педагогы А.Ш Гашимов, 
грузин педагогы А.Ф Хинтибидзе, қырғыз ғалымы академик А.Ҽ Измайлов, қазақтың кҿрнекті педагогы 
Ы.Алтынсарин, қазақтың асқан ақыны, педагог М. Жҧмабаев т.б. 
Халықтық педагогика дегеніміз – ҽр этностық белгілердің қолданылу сипатындағы жинақталған тҽлім – 
тҽрбиелік білімдердің жҥйесі. 
Халық педагогикасының тарихын зерттеу, оның мағлҧматтарын бҥгінгі жҽне болашақ ҧрпақтың игілігіне 
айналдыру, салт – санамызды, ҽдет – ғҧрпымызды, ҧлттық дҽстҥрімізді ҿскелең ҿмір талаптарына сай жҥзеге 
асыру – аса басты міндеттердің бірі. 
Халық педагогикасының мақсаты – бірнеше ғасырларға созылған халық тҽжірибесіне сҥйене отырып, болашақ 
ҧрпақты еңбекке, ҿмірге дайындау, ҿнер, білімге баулу, бҥкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары 
адамгершілік, имандылық қасиеттерге тҽрбиелеу. 
Халық педагогикасының негізіне халық ауыз ҽдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық 
тҽрбие дҽстҥрлері, халық ойындары, отбасы тҽжірибелері т.б. жатады. 
Адамзат тəрбиесіндегі халық педагогикасының рөлі. 
Қай заманда болмасын ҧрпақ тҽрбиесі адамзаттың парызы. 
Ҽрбір халық ҿзінің тарихы мен тҽжірибесін жалғастыратын жас тҥлектерді ғасырлар бойы тҽрбие ҽдістері мен 
тҽсілдерін қолданып, ҿмір тҽжірибесі сынынан ҿткен ҽдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, 
мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сҥйгіштік, ҥлкенді сыйлау, оған ілтипат кҿрсету сияқты қасиеттерді 
олардың бойына сіңіреді. 
Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының негізі болған. Халық даналығы мақал – мҽтел, ертегі, ҿлең 
– жыр тҥрінде, ақын – жыраулардың, шешендердің сҿздері, толғау, ҿсиет ҿлеңдері арқылы баяндалып отырған. 
Халық педагогикасының қҧрамды бҿліктері қазақтың ҧлттық ойындары, мақал – мҽтелдер, жҧмбақтар, ауызша 
есеп т.б. ерте заманнан бастап жас ҿспірімдердің ой – ҿрісін, зеректігін дамыту жҽне тапқырлығы мен 
шешендігін анықтау ҥшін тҽрбие қҧралы тҥрінде қолданып келді[2]. 
Мҽселен, жас адамның жҧртқа танымал моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мҽні «сегіз 
қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сҿздермен қисындалды. Адамға қойылатын талап-тілектер 
мыналар еді: кҿшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбексҥйгіштік, қиыншылыққа тҿзе білу, ел намысын 
қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сҿз асылын қастерлеу, тапқырлык,: пен алғырлық, ат 
кҧлағында ойнау, ата салтын бҧзбау (жасы ҥлкенді сыйлау, қҧдайы қонақтың меселін қайтармау, кҿрші хақын 
жемеу, т.б.).
Халқымыздың бойындағы осынау асыл қасиеттерді ҿткен ғасырларда казақ даласында болған Еуропа 
зиялылары асқан кҿрегендікпен дҽл басып айтқан еді.
Кҿшпенді ҿмір тіршілігі қара кҥшке мығым, қиыншылыққа тҿзімді, қҧбылмалы табиғат жағдайына тез 
икемделгіш болумен бірге, жан-жҥйесі жағынан да жан-жақты жетіліп, кемел адамдарды қалыптастырды. Ҥйде 
де, тҥзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қаpaп, жҧлдыз санап ҿсті. Олардың кҿзі қырағы, қҧлағы сақ 
қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, кҥнделікті кҥйбен тіршілікпен жҥрсе де жас ҿскін ақынның 
сҿзін, жыраудың жырын, ҽншінің ҿлеңі мен ҽуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ҧтымды мақал мен 
мҽтелді, ертек пен жҧмбакты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын ҿзіне рухани азық етіп 
отырды. Ҽрдайым кҿшіп-конуға дайын отырған қазақтар ҥшін аң-қҧс аулау, мал кҥзету, жау тҥсіру тҧрмыстың 
дағдылы машығына айналды. Ҽрбір жас, ҽрі жауынгер, ҽрі малшы, ҽрі шаңырақ иесі болып саналды. Халық 
аузында мақал болып кеткен «ҿнерді ҥйрен де жирен», «Жігітке жетпіс ҿнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», 
«Жауда жҥрсе, ат ойнаткан батырым, ҥйде жҥрсе, қҧрт қайнатқан батырым» деген сияқты бес аспап адамның 
психологиясы жайлы қанатты сҿздердің біздің заманымызға дейін жеткені мҽлім. Кҿшпелі қауым бірін-бірі 
жақсы білген, ҽр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол-жоралғысына, ҽлеуметтік ортадан алатын орнына 
қарай белгіленіп отырды. Мҧндай қоғамдық, адам аралық қатынастарды қаршадайдан кҿріп ҿскен бала да ҿсе, 
ержете келе ортақ мҥдделілікті, ҿмірге кҿзқарастың сҽйкестілігін, кісіліктің белгісін, жеке бастың ҿзіне бҧра 
тартуына мҥмкіндік бермеді. Психологиялық тҧрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар ҥнемі 
ҿздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дҽстҥрлерді ҧстанды. Осыған орай кҿшпелі тҧрмыс 
тҽліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға тҿрелік айту сияқты этностық 
таптаурындар (стереотип) кең ҿріс алды. Ҽрине, осы таптық санамен бірге ҽркімнің жеке басының ҽлеуметтік 
жҽне биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктердің де болатындығы еске 


209 
алынды
[3].
. Мҽселен, кҿпшелі халық қыз баланы ерекше кадірлеп, қастерлеп, ҽлпештеді. Оны ҽдемілік пен 
ҽдеп-тіліктің, сҧлулық пен іңкҽрліктің символы деп ҧқты. Халық мінезі жақсы, ҽдепті жігітті «қыз мінезді жігіт 
екен» дейтін болды. Сондай-ақ «қыздың жиған жҥгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер де қыз 
баланың нҽзіктілігі мен шеберлігі, ҧқыптылығы мен биязылығы жайлы айтылды.Ҽрбір отбасы, ҽке-шеше, аға-
женге, бойжеткенді ылғи да таза, мінезінің жайдары болуын қадағалап отырған. Жас ҿспірім шақтағы олардың 
балқыған, толқыған, еліктегіш қаснеттерін ескеріп, оған «қырық ҥйден тыю» салу керектігін де ҥнемі еске 
алған. Халқымыз сҧлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен нҽзіктікті қажетсінетін ҥй ішіндік еңбекке (кесте, 
ҿрнек, кілем тоқу) кҿркем сҿз, ҽн-кҥй, айтыс секілді тҥрлі ҿнерге баулуды — бойжеткен тҽрбиесінің басты 
міндеті деп білген.
Ҽрине, адамның нақты іс-ҽрекетінің, тыныс-тіршілігінің ҽсері ерекше маңызды. Қорытындылай келе, білім 
саласында, жалпы ҿмірде қазіргі таңда этнопсихология ғылымының орны ерекше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет