166
Тҧжырып айтатын болсақ, рулық-тайпалық жҥйе ҿзінің қалыпты ахуалында панасыздарға пана болған, асып
туғандарды биік дҽрежеге жеткізген, осылайша, ҿзін-ҿзі қайта жаратып, ҿркендеп отырған. Бҧл – халқымыздың
жақсысын асырып, жаманын жасыратын жағымды тҧсы. Ал оның кемшілігі рулық-тайпалық қҧрылымнан
туатын, сол руды меншіктеу, иемдену, яғни рушылдық сана-сезімде кҿрінеді [3].
Ҧлттық қарым-қатынас тар саласындағы кҥрделі де нҽзік, қарама-қарсы қасиеттерді жинақтаған белгілі ҧлттық
психологияның ерекшеліктері. Оның қалыптасуы мен ҿрбу заңдылықтары бойынша ру халықтың тарихымен
етенелесіп келе жатыр. Оның кҿріністеріне абыздары, ойшылдары, жыраулар, ақынжазушылар қалам тартып
ҧрпақ игілігіне қалдырған. Бҧл мҽселеден ғалымдар мен саясаткерлер қоғам қайраткерлері де шет қалмаған.
Дегенмен бҧрынғы Одақ дҽуірінде ҧлттық психологияларының проблемаларына ден қою шет қақпайлыққа
ҧшырап келді. Соның салдарынан халықтар рухындағы ҧлтаралық достық, бірліктің ҧрандық сипаты басым
болды [4].
Республикалық жҽне облыстық деңгейдегі қазақтардың ҥлесіне тиесілі орындарға орыс патшалығының
нҧсқауымен, жергілікті шовинистердің басқыншылармен жҧмыс істейтін тіл алғыш ―басшылар‖ іріктелініп
алынды. Содан соң олардың қолымен ҿзге мамандарды ҧсақтау жҥзеге асырылды. Қызметке тағайындалған,
қазақтан шыққан басшы атаулы нҿкерімен, рутайпа болып кҿшіп жҥретін болды. Ауданға бір басшы ауысып
келсе, ондаған ірілі-ҧсақты орындықта отырғандар орнынан алынып, жаңа басшының адамдарына жол берді.
Облысқа келген басшы жҥздеген адамды судай сапыра алады. Шаруашылықтың жекеленген салаларында,
мекемелерде, оқу орындарында белгілі ру, тайпа немесе жҥздердің ҿкілдері ҥстемдік ететін континенттер
қалыптасты. Рушылдықты қоздыру жергілікті ҧлт ҿкілдерінен шыққан кадрларды іріктеудегі принципті
жҥзеге асыру ҥшін таптырмайтын ҽдіс.
Рушылдық ҥстемдік еткен жерде халықтың бірлігіне, қоғамдық ой тҧтастығына, «бір жеңнен қол, бір жағадан
бас шығаратын» бҥкіл ҧлттық ынтымақтастыққа қол жеткізу мҥмкін емес. Рушылдық, жершілдік механизмі
халықтың демографиялық ҿрлеу мен ішкі миграциясына да кедергі жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: