Ә.Зияткерлік дайындық.Дайындықтың Бұл түрі баланың нақты білімі мен ой – өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлы түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды.Сондай-ақ жалпылай ойлау формасы мен негізгі логикалық операцияларды атқарып,есте сақтай алуы да міндетті.
Зияткерлік дайындық негізінен баланың бойындағы оқу іс әрекетінің бастапқы пайымдарын қалыптастыруды көздейді.Осы дайындық түрі жалпыға алғанда төмендегілерді қамтиды:
-саралап қабылдау; -аналитикалық ойлау; -нақтылыққа талпыныс; -логикалық есте сақтау; -білуге құштарлық; -сөйлеу тілін игеру; -қолдың қозғалысы мен көру – қозғалыс үйлесімділігі.