Мазм ұ н ы Кіріспе



бет1/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
мустапаева


М а з м ұ н ы


Кіріспе ....................................................................................................................4


1 ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ СУММАТИВТІ ЖӘНЕ ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Талантты және дарынды балалардың педагогикалық және психологиялық сипаты ……………………………………………………………………………..8
1.2. Талантты және дарынды балаларды бағалаудың әлеуметтік маңызы …18


2 ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ


2.1. Оқушыларды оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудағы тиімді стратегиялар.…………………………………......................................................35
2.2 Педагогикалық тәжірибе барысында оқушыларды бағалаудың нәтижелері ………………………….....................................................................55
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................76
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................78
ҚОСЫМШАЛАР ................................................................................................81


Кіріспе

Мемлекетіміз білім беру жүйесін жаңаша қалыптастырып, оны бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ұластыру бағытын ұстанып отырғаны белгілі. Соңғы кездегі қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер, ғылыми-техникалық ақпараттар ағынының қарқыны, басқа да әлеуметтік-саяси жағдайлар білім беру саласының алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр.


«Жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзіретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттеріңбірі – жеке және қоғам өміріне қажетті әрі қарай кәсіби білім алуы менжұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алуына оқушыға мүмкіндік беру болып табылады» - деп, көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру стандартында. 
Білім берудегі негізгі мақсат - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден –бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет