Мазмұндамалар жинағЫ. (5-11 сыныптар) Алматы, 2009 жыл



бет6/31
Дата20.12.2023
өлшемі76,61 Kb.
#197714
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
мазмұндама жинағы

Қайрат пен Санат

Қайрат пен Санат бір жақта тұратын. Екеуінің де табиғаттану сабағынан тоқсандық бағалары «үш». Бірақ Қайраттың ылғи «үштерімен» қатар екі «төрті» бар.


Өткен жазда екеуі ауылдан шеткерірек қалың ақ теректің арасына барған. Шымшықтар оның арасына қаптатып ұя салыпты. Шиқылдаған дауыстан құлағың тұнады. Балапандары жұмыртқаны жаңа жарып шыққан ба қызыл шақа. Кейбіреуі аяғыңның астынан әлсіз шиқылдайды. Жел тұрғанда ұядан құлап қалған болу керек. Әйтеуір, айналаның бәрі шымшық, шымшықтың ұясы. Екеуінің қолында рогаткалары бар еді. Алдымен бірді-екілі шымшықты атып құлатты. Шалбарының екі қалтасы толған тас. Өздерінің әу бастағы мақсаты да шымшық ату ғой. Сәлден соң екеуі терекке өрмелеп шығып, бір-екі ұяны бұзды. Сосын үш-төртеуін…
«Әйтсе де біреулерден сұрап анықтамасақ болмайды, бұлай істегеніміз обал шығар», - десті олар.
Сөйтіп олар шымшықтың құсқа жататын-жатпайтынын мұғалімнің өзінен сұрауды жөн көрді.
Мұғалім оларға шымшықтың құсқа жататынын, оның да пайдасы бар екенін айтты. Енді олар құс атпайтын болды.
(141 сөз)

Жоспар:



  1. Табиғаттану сабағынан «үшке» оқығандар.

  2. Ақ теректің арасына бару.

  3. Шымшық ату.

  4. Ұяны бұзып, балапандарды өлтіру.

  5. Білместік.



Ала мысық

Бекежан оянғанымен, жылы төсектен тұрғысы келмеді. Тұруға ерініп, көзін бір ашып, бір жұмып, ұйқылы-ояу маужырап жата берді. Ол бір сәт көзін ашып жатып, бір нәрселер ойлаған болып еді, көзі өзінен-өзі жұмылып, мызғып кетті. Әлгі ойы түс сияқты бұлдыр тұманға айналды. Содан қайта ояна беріп, тағы бір нәрсе ойлайын деп еді, құлағына жіп-жіңішке үн ызың ете түскендей болды. Сергіп алып, құлағын түріп еді, үн жалғыз емес, бірнешеу болып үздік-үздік естілді және дәл өз төсегінің астынан шықты. Бекежан әп-сәтте жерге қарғып түсіп, етпеттеп барып, төсектің астына үңілді. Түкпірге таман, өзінің ала мысығының бауырында қыбыр-қыбыр етіп жатқан қызылшақа балаларды көрді. Ала мысықтың бір баласын қолына алып, аялағысы келді. Еңбектеп жақындайын деп еді, ала мысық көзі оттай жанып, пыр-пыр етіп, айбат шекті. Бекежан ала мысықтың бұл мінезіне әжептәуір ренжіп, не істерін білмей тұрып қалды. Кетейін десе, оларды қимайды, жақындайын десе, ала мысық жолатпайды.


(141 сөз)

Жоспар:



  1. Ұйқылы-ояу Бекежан.

  2. Құлағына келген нәзік үн.

  3. Ала мысықтың бауырындағы қызылшақа балалары.

  4. Ала мысықтың айбат шегуі.

  5. Мысықтың күшіктерін жақсы көруі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет