Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


ТЕРГЕУ ҚАРАУЫНЫҢ ТАКТИКАСЫ



бет135/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

П-ТАРАУ.
ТЕРГЕУ ҚАРАУЫНЫҢ ТАКТИКАСЫ



§1. Тергеу қарауының түсінігі, мәні және түрлері

Тергеу қарауы – қылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, құжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және қылмыстық істің мән-жайларын зерттеу мақсатында тергеушінің кез-келген объектілерді тікелей қабылдауы мен зерттеуінен тұратын тергеу әрекеті.


Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қарау – қылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды анқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті.
Криминалистикалық әдебиетте тергеу қарауының келесідей мақсаттары көрсетілген:

  • тергеушінің жеке объектіні, объектілердің жиынтығы немесе кешенін тікелей зерттеуі;

  • оқиға, қылмыстың механизмі, жері, қылмыскердің және жәбірленушінің жеке басы және де қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын өзге де мән-жайлар туралы типтік, жалпы және жеке болжауларды ұсыну үшін бастапқы ақпаратты алу;

  • қылмыстың суымаған ізі бойынша қылмыскерді іздестіруді және қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтерді алу;

  • тергеу барысында кейінгі әрекеттерді (кезектегі шараларды) жоспарлау үшін мәліметтерді алу;

  • тергелетін қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау;

Тергеу қарауының түрлерін әртүрлі негізер бойынша жіктеуге болады: қарау объектісі бойынша, жүргізу кезектілігі бойынша, көлемі бойынша.
Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеу қарауының келесі түрлері көрсетілген:

  • оқиға болған жерді;

  • заттай дәлелдемелер;

  • мәйіт;

  • сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесін.

Криминалистикада тактикалық мағынасы жағынан қарау объектілеріне:

  • үй-жайдағы оқиға болған жер;

  • ашық жердегі оқиға болған жер;

  • мәйіт;

  • қылмыстың қаруы және құралы;

  • құжаттар, фото-, бейне-жазбалар, киноқұжаттар сонымен қатар, пошта-телеграфты хат-хабар;

  • жануарлар;

  • көлік құралдары;

  • компьютерлер;

  • сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесі.

Кезектілігі бойынша тергеу қарауының екі түрін ажыратамыз:

  • алғашқы;

  • қайталама.

Қайталама қарауын жүргізу жағдайлары әртүрлі болуы мүмкін: алғашқы қарауды сапасыз жүргізу (қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, түнгі уақыт және т.б.), қажетті техникалық құрал-жабдықтарды қолданбау, тергеу барысында қайталама қарауын жүргізу қажет екендігін көрсететін мәліметтердің алынуы, алғашқы қарауын толық, егжей-тегжейлі, дұрыс жүргізілгендігінде күмән туындаса, сонымен қатар, прокурор мен тергеу бөлімі бастығының тікелей нұсқауымен жүргізіледі.
Көлемі бойынша тергеу қарауы негізгі және қосымша деп бөлінеді. Алғашқы қарау көп жағдайда негізгі қарау болып табылады. Сондықтан тергеуші қараудың жан-жақты, толық жүргізілуіне тырысып, қосымша қарау жүргізу қажеттілігін болдыртпауы қажет. Бірақ кей жағдайларда қосымша қарау жүргізу ситуациялары да кездеседі: негізгі қарау кезінде жекеленген участіктерге, объект элементтеріне қарау жүргізілмеген жағдайларда. Мысалы, бухгалтерлік құжаттарға қарау жүргізу кезінде журнал-ордерлер, ведомстер зерттелінді, бірақ №10 ведомстің болмауы себебінен қарау жүргізу мүмкін болмады. Кешірек бухгалтердің ұсынуымен №10 ведомстке қарау жүргізіліп, қосымша өарау хаттамасында бекітілді.
Барлық объектілерге қарау жүргізуде жалпы процессуалдық және тактикалық талаптар қойылады.
Тергеу қарауы екі куәгердің міндетті қатысуымен жүргізіледі, ал оқиға болған жерді қарау кезінде өзге жағдайлар да болуы мүмкін.
Куәгер болып әрекет қабілеттілігі бар, іске мүдделі емес, заң талаптарын мүлтіксіз орындайтын азаматтардың болуы қажет. Олардың міндетіне тергеушінің барлық әрекеттерін, сонымен қатар, хаттаманың толтырылуын объективті бағалауы мен куәландыруы жатады. Куәгерлер мақсатты түрде тергеушінің, криминалист-маманның барлық әрекеттеріне бақылау жүргізуі керек.
Тергеуші қарау әрекетіне жәбірленушіні, сезіктіні, куәні, айыпталушыны олардың келісімімен қатыстырта алады.
Қарауға сонымен қатар, тергеуші мамандарды шақыра алады. Қаралатын объектінің түріне байланысты криминалсит-маман, дәрігер (медицина қызметкері), экономист, инженер, химик және т.б.
Тергеу ситуациясына, қаралатын объектіге байланысты участковый, патруль, жол полиция қызметкерлері қарауға қатысады.
Тергеу тәжірибесі қарауының бірнеше тактикалық нұсқауларын ұсынады:

  1. қараудың кейінге қалдырылмай, дер кезінде жүргізілуі;

  2. мақсатты түрде жүргізілуі, қараудың барысы мен нәтижесіне талдау жасау;

  3. криминалистикалық техника талаптары мен ережелерінің сақталуы;

  4. қараудың бір бастамамен жүргізілуі;

  5. тергеу қарауының барлық нәтижелерін толық және объективті бекіту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет