Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері



бет34/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

4. Өлшеп түсіру әдісі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында кейбір объектілердің ұзындығын, көлемін немесе олардың арақашықтығын анықтап білу қажеттілігі туындауына байланысты қолданылатын криминалистикалық техника бөліміндегі сот-жеделдік түсіру әдістерінің бірі. Өлшеп түсіру әдісі масштабты және метрлік болып екі түрге бөлінеді:
а) Масштабты түсіру әдісі – бұл идентификациялауға қажетті (іздердің, белгілердің, жеке заттардың және т.б.) объектілердің көлемін анықтап бекіту үшін қолданылатын әдіс. Суретке түсірілетін объектінің жанына масштабты сызғыш (сантиметрлік немесе миллиметрлік сызықтарға «шкалаға» бөлінген сызғыш) қойып түсіріледі. (РИСУНОК 11: Сурет 11. Масштабты фототүсірілім. Бәкі. «Victorinox». Швецария.) (РИСУНОК 11-1: Сурет 11-1. Масштабты фототүсірілім. Винтовкалы патрон 7,62x54.) Масштабты түсіру әдісіне қойылатын талаптар: біріншіден, суретке түсіру барысында түсірілетін объектінің жазықтығы мен фотоаппарат объективі арасындағы жазықтық толығымен параллель болуы қажет; екіншіден, түсірілетін объекті мен өлшеу шкаласы бір жазықтықта жатуы керек; үшіншіден, қолданылатын масштабты сызғыштың сантиметрге, миллиметрге бөлінген сызықтары міндетті түрде болуы тиіс.
Масштабты түсіру әдетте тегіс беттегі іздер мен көлемі үлкен емес басқа да объектілерді (аяқ киім іздерін, бұзу құралдарынан қалған есіктегі іздерді және т.б.) детальды түсіру әдісі ретінде қолданылады.
Ірі көлемді затты суретке түсіру барысында, көп бейнедегі әрбір іздің жанына масштабты сызғыш қойып жеке-жеке түсіріледі. Бұл кезде масштабты сызғыштың астына бір нәрсе қойып ірі көлемді заттың жазықтығымен теңестіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет