Кейбір қылмыстар бойынша криминалистикалық талдауда жәбірленушінің типологиялық ерекшеліктері алдыңғы орынға ие болады. Себебі, жәбірленуші алдын ала тергеу мен сот мәжілісінің орталық фигурасы болып табылады. Жәбірленуші тұлғасының ерекшеліктері жөніндегі мәліметтер криминалистикалық жоғары маңызға ие. Олар:
жәбірленушінің әрекеттерінің қылмыс механизмінің қалыптасуына тигізетін әсерін анықтауға;
жәбірленушінің тұлғасын, оның қылмыскермен қарым-қатынасын зерттеуге;
тергеу кезіндегі жәбірленушінің жүріс-тұрысын болжауға;
жәбірленушінің тұлғасы мен жүріс-тұрысымен байланыста болатын қылмыстың жасалуына итермелеген себептер мен жағдайларды бекітуге;
жәбірленушінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикалық әдістерін таңдауға көмектеседі;
Жәбірленушінің тұлғасы туралы типологиялық мәліметтер жауап алу және оның қатысуымен өзге тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жәбірленушімен психологиялық байланыс қалыптастыру үшін маңызы бар.