Мазмұны 2 кіріспе 3 І бөлім мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері 8



бет6/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,64 Mb.
#7494
1   2   3   4   5   6

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ


Зерттеу жұмысын талдау нәтижесінде мектеп пен жанұяның бірлескен жұмыстарын ұйымдастырудың формалары мен әдіс-тәсілдеріне талдау жасай отырып, оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері жеткіліксіз қарастырылғаны анықталып, оны жою жолдары педагогикалық бақылау әдісі көмегімен тексеруден өтті.

Сөйтіп «Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі» тақырыбындағы жүргізілген зерттеу жұмыстары төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

1. оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі теориялық тұрғыдан негізделді;

2. Оқылып, зерделенген ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен педагогикалық зерттеулердің нәтижесі «оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі» ұғымының мәні ашылды;

3. оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігінің мүмкіндіктері айқындалды;

4. оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысын ұйымдастырудың практикада қолданыстағы тиімді жолдары белгіленді;

Біз өзіміздің бұл еңбегімізде төмендегі педагогикалық мәселелерді зерттеуге мұрындық болар деген мақсат пен пікірдеміз. Тәрбие мазмұнының мәніне арналған төмендегі пікірлерімді ұсынамын:



  1. Тәрбие барысында Егеменді Республикамыздың және оның

аймақтарының әлеуметтік – экономикалық даму деңгейінің маңыздылығын ескеру;

2. Мемлекттік тіл – қазақ тілін жан-жақты терең игеретін жаңа тәрбие мазмұнының бағдарламасын нақтылау қажеттілігі;

3. Халқымыздың педагогикалық ойлары мен педагогика тарихының келелі мәселелері белгілі бір жүйеге келсе және мұны қарауға мұғалімдер ата-аналардың да өмірлік тәжірибелерін зерттеп жүйелей отырса;

4. Қандай халықтың болмасын өзіне тән ана-тілі, жаратылыс болмысы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті, өнері бар. Осы педагогикалық мәнді құбылыстарды ата-аналар арасында насихаттау мұғалімдердің оқытушылық қызметінің құрамдас бөліміне айналса педагогикалық жұмыс нәтижесін беретіндігіне ешбір күмән жоқ.

5. Болашақ мұғалімдерді дайындау барысында тек ғана жеке пәндерді оқытумен оның әдістемелерін үйретумен жүктелмей педагогика кафедрасы ата-аналарының педагогикалық әдістемелік шеберлігін арттыруға арналған арнайы пәндік оқу енгізсе өте дұрыс болар еді.

Ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық жұмыс мазмұнының тиімділігі төмендегідей міндеттерді шешеуге байланысты демекпіз:



  • Ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру, яғни туған елін сүюге тәрбиелеу;

  • Жер тағдыры мен ел тағдырының табиғат пен адам өмірінің бірлігін

терең сақтайтын жер, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялай оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу, яғни экологиялық тәрбие беру;

  • Эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа тәрбиелеу, тазалыққа үйрету;

  • Мемлекеттік заңдарды білу және оған сый-құрметпен қарау оны жүзеге

асыруға дайын және ынталы болу, қоғамдық тәртіптің заң ережелерін бұзушылыққа төзбестік білдіру, құқықтық тәрбие беру;

  • Еңбектің адам өміріндегі мәні мен мазмұнын түсіндіру, еңбек дағдысын

баланың бойына жастайынан сіңіру;

  • Жас ұрпақты кішкене күнінен үй болуға, шаңырақ көтеруге, яғни ұл бала мен қыз баланы құрметтеуге, қыздарды ұл балалардың алдында иба сақтауға үйрету, адамгершілік имандылық тәрбие беру;

  • Ұлттық ойын, дене шынықтыру түрлерін кең қолдана отырып жастарды

дене тәрбиесі қажеттілігіне дағдыландыру;

  • Халқымыздың ерлік жауынгерлік тарихын, өз жерін, өз елін қорғай

алатын елжанды, ұлттық намысы мол жігерлі азамат тәрбиелеу;

  • Басқа ұлттардың өкілдері мен жастардың өзара сыйластық, достық

негізінде өмір сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастардың жақсы дәстүрлерін үйрету.


ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. Н.Назарбаев Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы. «Егемен Қазақстан», 11-қазан, 1997.

  2. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. «Рауан», 1993. 154-б.

  3. Хухлаева О. Активные формы групповой работы с родителями / О. Хухлаева // Школьный психолог. – 2006, №19.

  4. Лихачев Б.Т. Формирование нравственно-эстетического отношения к действительности. − Сов.педагогика, 1981, №2, 36 с.

  5. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. Мектеп, 1992-122б.

  6. Аристотель

  7. Чернышевский Н.Г. Таңдамалы шығармалары. VII том7

  8. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика: - Астана, 1998.

  9. М.Жұмабаев. Педагогика. – Алматы: «Рауан», 1992.

  10. Г.Асанова «Отбасы – бастапқы тәрбие мектебі» Қазақстан мектебі №1, 2007 ж.

  11. Капустин Л.М. Работа школы с родителями. –М., 1983.

  12. В.А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» -А, Мектеп, 1973 ж.

  13. Керимов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. –А., 1990.

  14. Н.Назарбаев. Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады. «Егемен Қазақстан», 11 қазан, 1997.

  15. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. –А., 1985.

  16. Пинт А.О. Это вам, родители. М., Знание, 1971. 348-б.

  17. Тажибаев Т. Философские, психологические и педагогические взгляды. Абая Кунанбаева. А-А., 1957

  18. Я.А. Коменский Избранное педагогическое сочинения /Под ред. А.И. Пискунова и др/ -М: Педагогика, 1982.

  19. М.Әуезов

  20. А.Жумадуллаева. «Отбасы некелік тәрбие негіздері» Алматы 2007ж 143б

  21. Баланың құқығы туралы конвенция. Алматы. «Дәнекерә, 2000. 24-б.

  22. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б. Алматы., 1999ж.

  23. З.Әсемжанова «Менің отбасым – менің үйім» Бастауыш мектеп журналы 2005, № 9 25-26 б.

  24. Әтемова Қ. «Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі» Қазақстан мектебі, 2006 №1

  25. М.Азимов «Жанұя ықпалы» Бастауыш мектеп журналы, 1998 .6 12-13 б.

  26. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. М., «Университетское», 1990. 54-б.

  27. Гребенников И.В. Основы семейной жизни. М., Просвещение, 1991. 208-б.

  28. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі. –А., 1980.

  29. М.Валиева Білім беру технологиялары және оларды оқу тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. (әдістемелік нұсқау) – Алматы, 2002ж.

  30. Минияров В.М. Психология семейного воспитания (диагностико-коррекционный аспект). – М.: МПСИ; Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК», 2000. – 256 с. (Серия «Библиотека школьного психолога»).

  31. Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М.: 5 за знания, 2005. – 240 с. (Серия «Методическая библиотека»).

  32. Ш. Майғаранова. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. Алматы. «Ғылым» ғылыми орталығы, 2002.

  33. Капралова Р. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысы, А., 1973.

  34. Калейдоскоп родительских собраний. /Под ред. Алексеевой Н.А. Вып. 1.2. –М., 2001.

  35. Арнаутова Е.П., Иванова В.М. Общение с родителями: зачем? –М., 1993.

  36. Ж.Қоянбаев «Отбасы және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» Алматы 1990ж.

  37. А.Сейтметова «Бала тұлғасының дамуы және оның тәрбиесі» Бастауыш мектеп журналы №5, 2005 ж.

  38. Хямяляйнен Ю. Воспитание родителей. –М., 1993.

  39. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі. –А., 1977.

  40. Дереклеева Н.И. Родительские собрания. 5-11 классы. – М.: ВАКО, 2004. – 240 с. (Серия «Педагогика. Психология. Управление»).

  41. Гаврилова Т.П. Учитель и семья школьника. –М., 1982.

  42. Петряевская Л.Г. Образование родителей и школа. –М., 1999.

  43. Білім мекемесі – оқу – тәрбие ордасы. Шымкент – Алматы 2002. Қожамжарова Р.Т., Бектенгалиева С.Х.

  44. Педагогика. Харламов. М.: 1999ж.

  45. Общая педагогика. Сластенин В.А. М.: Владос, 2002ж.

  46. Егеменді Қазақстан» 7 наурыз 2003 ж. «АТА-АНАЛАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ»

  47. Ж. Қоянбаев. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. Алматы. «Рауан», 1990. 234-б.


V ҚОСЫМШАЛАР


Ата-аналар жиналысының хаттамасы

/Күні, айы, жылы. Уақыты/


Кімдер қатысты..................................................................................................

Тақырыбы...........................................................................................................


/Немесе/ Күн тәртібі:
1)..........................................................................................................................

2)..........................................................................................................................

3)..........................................................................................................................
Жарыссөзге қатысқандар..................................................................................

.............................................................................................................................

.............................................................................................................................
Ұйымдастыру және басқа да сұрақтар............................................................

.............................................................................................................................

Ата-аналардың сұрақтары, ескертпелері, ұсыныстары..................................

.............................................................................................................................

.............................................................................................................................
Қабылданған шешім..........................................................................................

.............................................................................................................................


Төраға................................................/

Хатшы.............................................../



Ата-аналардың ашық есік күні
/Күні, айы, жылы, уақыты/
Кімдер болды......................................................................................................

.............................................................................................................................

.............................................................................................................................
Кімдер арнайы шақырылды..............................................................................

.............................................................................................................................

.............................................................................................................................





Жұмыстың тақырыбы


Орындаушы, уақыты

1.

Ата-аналар жиналысын өткізу.

а) ІІ ширектегі қорытынды.

ә) Өткен жарты жылдықта орындалған немесе орындалмаған жұмыстар.

б) Баламен сөйлесіп отыру қажет.

в) Концерт: би, ән, хор.


Сынып жетекшісі

Ұжым (сынып)




Оқушының аты-жөні

Жұмыстың мақсаты

Ата-ана жауабы

Ата-ананың қолы

Байғұнысова Жадыра

Оқушының үйіне барып сабақ үлгерімі тәртібі жөнінде ата-анамен пікірлесу

1. Жадыраның кейінгі кезде сабақ үлгерімі нашарлауына үй тапсырмасын орындамауына себеп не екенін айта аласыз ба?

2. Сабақта тыныш отырады, бірақ сабақтан кейін үзілісте қыздарды ренжітеді, мен өзімде бірнеше рет сөйлестім. Сізге де ескертуді жөн көрдім.


Ол үйдегі жалғызымыз. Уақытында бетінен қақпай еркелетіп едік, сол еркеліктен әлі де арыла алмай жүр. Ойынға көп алданады, сондықтан үй тапсырмасын орындамай барады. Келесі жолы яғни ылғи да шамам келгенше сізге көмектесейін.

Ол рас, бәрі еркелеткеннің салдары енді біз болып бірлесе тәрбиелейік, қазір еркелетіп те жүргеніміз жоқ.










Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар


1


Оқушыларға тәрбие беру жүйесіндегі бастауыш білім берудің мазмұны.


2


Төменгі сынып оқушыларының дене және психологиялық ерекшеліктері. Төменгі сыныптағы дене тәрбиесі.

3


Оқу еңбегін, қоғамдық пайдалы еңбекті және дұрыс тынығуды ұйымдастыру.

4

Жанұяда және мектепте еңбекке тәрбиелеу.


5

Балалардың тәртібі.


6

Эстетикалық тәрбие.


7


Ата-аналар «Атамекен» бағдарламасы туралы не білу керек?


8

Әдеп сабағы.


9

Ата-ана бала тәрбиесі жөнінде не оқуы керек?



Ата – аналар жиналысының хаттамасы
Күні, айы

Тақырыбы: Тест жүйесінің мән - мағынасы


Барлығы: 30

Қатысқаны: 24

Қатыспағаны: 6 – себепті
Қаралған мәселелер:


  1. І – тоқсан қорытындысы

  2. Білім сапасының кепілі – бірыңғай тестілеу

  3. Әртүрлі мәселелер

Мұғалім І – тоқсан бойынша сараптама жүргізді. 14 қазан күні мектепішілік олимпиадасының жүргізілуін, нәтижесін айтып өтті. Жеңімпаздардың есімі мақтанышпен аталып өтті. Қазақ тілі пәнінен І – орын Халиева Ботагөз, ІІ – орын Нақыпова Жұлдыз, ІІІ – Атымтаева Назерке. Математика пәнінен: І – орын Тәжібай Медет, ІІ – орын Әмірбеков Бекболат, ІІІ – орын Мұсабек Азамат. Дүниетану пәнінен: І – орын Төребек Қазыбек, ІІ – орын Сатқанбаева Дана. Орыс тілі пәнінен: ІІ – орын Абдраманова Айдана, ІІІ – орын Әлжанов Дәулет.

2-ші мәселе бойынша «Білім сапасының кепілі – бірыңғай тестілеу» атты баяндама оқып, талданды. Баяндама өте қызық талқыланып, пікірталас жүргізілді. Тестке дайын болу үшін білімді тез меңгеру қажеттігі анықталды.

3-ші мәселе бойынша Жаңа жыл қарсаңында орындалатын іс – шаралар қарастырылды. Біраз атқарылатын жұмысты ата – аналар өз мойындарына алды. Барлығына Сарбасова Базаркүл бас - көз болатын болды. Тағы біраз мәселелер қаралды. Мысалы, оқушылардың формасы, тәртібі т.б.с.с.


Қаулы:

  1. Мектеп, мұғалім, ата - ана, оқушы арасындағы қарым – қатынас күшейтілсін.

  2. Әрбір ата- анаға баланың тәртібін, оқуын, киім киісін қадағалау жүктелсін.

  3. «Жасыл шырша» ертенгілігін өз деңгейінде өткізуге атсалысу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет