Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2


БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 62 сессиясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.О. Шәкіровтің сөзі (Нью-Йорк қ.)



бет10/19
Дата25.12.2016
өлшемі6,52 Mb.
#5253
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 62 сессиясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.О. Шәкіровтің сөзі (Нью-Йорк қ.)
Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді орындау саласында айтулы оқиға 2007 жылы 30 мамырда Қазақстанның БҰҰ Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетте Баланың құқықтары туралы конвенция нормаларын орындауы туралы есебін тыңдауы болды. Комитет қазақстандық делегациямен болған сындарлы сұхбатқа жоғары баға берді, азаматтық және саяси құқықтар туралы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілерді, сондай-ақ Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес туралы конвенция сияқты маңызы зор халықаралық шарттардың ратификацияланғанына қуаныштарын білдірді.

Сонымен бірге Комитет өзінің Қорытынды ұсынымдарында (2007 жылғы 19 маусымдағы CRC/C/KAZ/CO/3) заңнамаға, тәуелсіз мониторингке, ұлттық іс-қимыл жоспарына, отбасылық ортаға, босқын балаларға, ювеналды әділетке, балаларды, сондай-ақ көшедегі балаларды экономикалық пайдалануға, жыныстық пайдалануға және сатуға қатысты ұсынымдарды қосқанда бұрынғы көптеген ұсынымдарға жеткілікті көңіл бөлінбейтінін атап өтті.

Комитеттің Қорытынды ескертулерінде қайта бірікті және оңалту бағдарламаларына көбірек назар аудара отырып, баламалы күтіп-бағу саясатын әзірлеу, нормативтік тұрғыдан реттеу және практиканың қажеттігі туралы ұсынымдар да айтылған.

Баланың отбасында өсу құқығы әлі күнге дейін елімізде толық іске аса қойған жоқ. Мұны балалар үйі мен басқа да интернаттық мекемелер жүйесінің болуы растайды. Білім беру жүйесінде 16 883 бала, денсаулық сақтау жүйесінде 2084 бала бар (2007 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша). Олардың ішінде 80 % әлеуметтік жетімдер, яғни ата-анасының көзі тірісінде жетім қалған балалар екені проблеманы ушықтыра түседі.

Балалар мекемелерінің мониторингі шеңберінде ағымдағы жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ақмола облысы Шучье қаласындағы, Алматы облысы Талдықорған қаласындағы нәрестелер үйін аралады, Уәкіл мекемесінің қызметкері Ақмола облысы Степногор қаласындағы балалар үйіне барып қайтты.

Нәрестелер үйінде балалар үшін аса қолайлы жағдай жасалған, тек мемлекет тарапынан ғана емес, демеушілердің тарапынан да қаржылық қолдау көрсетіледі. Жоғарыда аталған нәрестелер үйін аралау қорытындысы осы сенімізді растады: барлығында да жұмсақ ойыншықтар, спорттық керек-жарақтар, әдістемелік құралдар бар, музыкамен және спортпен шұғылдануға арналған арнайы бөлмелер жасалған.

Шучье қаласындағы нәрестелер үйінің штаты қызметкерлермен жинақталған, барлығы 82 адам бар, ал осы нәрестелер үйінде лимит орын – 50. біз аралаған сәтте 43 нәресте болды, осылайша әрбір балаға штат қызметкерлерінен екі адамнан келеді. 2006 жылы нәрестелер үйіне 28 бала келіп түскен. Оның ішінде қолайсыз отбасынан келгендер – 27. Барлығы 37 бала кетті. Оның ішінде 20-сын асырап алды (16 баланы АҚШ азаматтары, 4-еуін Ақмола облысының тұрғындары асырап алды), 2 бала мүгедек балаларға арналған үйге, 10 бала балалар үйіне жіберілді, 4 баланы ата-анасы алып кетті.

«Талдықорған қаласындағы нәрестелер үйі» мемлекеттік мекемесін аралау барысында мекеменің бас дәрігері нәрестелер үйіндегі балаларды ұстау мерзімін 3-тен 4 жасқа дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Мерзімді ұзарту қажеттігін осындай жабық мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балалардың өте баяу дамитындығымен дәлелдеуге болады. Балалардың дұрыс сөйлеуінің қалыптасуы 3 пен 3,5 жасқа дейінгі кезеңде байқалады.

Білім беру немесе халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі интернаттық мекемелерге ерте ауыстыру балалардың жаны мен жеке күйі үшін өте ауыр болып табылады. Олардың бұрынғы үйреншікті жерінен өзгеше жаңа орынға беімделуі қиынырақ өтеді. Осындай дәлелдерді басқа да мекемелердің басшылары растап отыр.

Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Премьер-министріне нәрестелер үйінде сәбилердің 4 жасқа дейін болуын ұзарту туралы мәселенің қаралуын мақсатға сәйкес келетіндігіне қатысты үндеу жолдады. Сол арқылы балаларға соңғы жылдарында олар үшін жаңа жағдайда дайындалуға және онда тұру үшін белгілі бір дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді.

Балалардың баяу дамуы сияқты салдарлар бала үшін нағыз тәрбие ортасы отбасы болып табылатынын айғақтай түседі.

Қазақстан отбасылық үлгідегі балалар мекемесін дамыту, қорғаншылық пен патронат, бала асырап алу жүйесін дамыту арқылы жетім балалардың мүддесін қамтамасыз етуге қадам басты.

Қазақстандық заңнама балалардың Қазақстан азаматтарының да, шетелдіктердің де асырап алуына мүмкіндік береді. Алайда шетелдіктердің бала асырап алуы қоғамда әркелкі пікір туғызып отыр. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл елдегі бала асырап алу процесімен танысу, Қазақстаннан бала асырап алған отбасыларымен және бала асырап алумен айнадысатын ұйымдармен жеке танысу үшін АҚШ-қа іссапармен жол жүріп келді.

Осы іссапарды жалғастыру үшін 2007 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасындағы «Фридом Хаус Инк.» өкілдігінің қолдауымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен «Астана» телеарнасы «Қазақстанға баланы шетелдіктердің асырап алуы керек пе?» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізді.

Шетел азаматтарының бала асырап алуы арқылы іске асырылатын отбасындағы баланың құқықтарын талқылау қоғамдық тыңдаудың мақсаты болды. Тыңдауға қатысушылар асырап алынған балаларды бақылау рәсімдерін әзірлеуге, бала асырап алу процесінің барлық сатыларында айқындылықты қамтамасыз етуге, бала асырап алу процесінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау тетіктеріне байланысты халықаралық бала асырап алу саласындағы аса маңызды мәселелер талқыланды.

Қоғамдық тыңдаулар түрлі үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, халықаралық бала асырап алу жөніндегі мамандардың басым түскен пікірлері мен ұстанымдарын айқындауға ықпал етті. Оларды «Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға қосылуы және оны ратификациялауы туралы» заң жобасын «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қабылдау процесінде бағдарға алуға болады.

Қоғамдық тыңдаудың қатысушылары ретінде Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет