Мазмұны балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің


-2024 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының



бет28/67
Дата26.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#193585
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67
2023-2024 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының
мақсаты мен негізгі міндеттері.
Мақсаты:
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.
Міндеттері:
1. Тәрбие бағыты:
Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен мәдениеті негізінде тәрбиелік компонентті күшейту мақсатында:
-білім алушылардың жалпыадамзаттық құндылықтары мен эмоционалдық интеллектін дамыту Абайдың "Толық адам", Шәкәрімнің "Ар-ұждан" және басқа да ағартушылардың мәдени мұрасына, идеяларына негіздеу;
-білім алушылардың физикалық, психологиялық, әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін отбасы тәрбиесін дамыту;
- мектептің тәрбие процесіне ата-аналардың қатысу белсенділігін арттыру, олармен ынтымақтастықтың жаңа формаларын құру;
- білім алушылардың қызығушылықтарына сай мектептен тыс ұйымдарына және тегін мектеп үйірмелеріне қамтылуын арттыру;
- ЕБҚ балалардың қосымша біліммен қамтылуын қамтамасыз ету;
-мектеп-лицейдің кітапхана қызметін бүгінгі күн талабына сай деңгейге көтеру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ролін арттыру;
-мектеп-лицейді басқару құрылымдарын дамытып, оқушыларға жан-жақтан білім алуына жағдай жасау мақсатында сыртқы ортамен серіктестік байланыстарын одан әрі дамыту;
-оқушылардың ерте жастан мамандық таңдауына кәсіптік бағдар беру жұмысын одан әрі дамыту;
-жасыл мектеп жобасын одан әрі дамыту.
2. Әдістемелік бағыт:
1.Төмендегі бағыттар бойынша педагогтердің біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігінің даму деңгейін арттыру:
- IT-құзыреттілікті дамыту;
- эмоционалды интеллектіні дамыту;
- сабақтарды зерттеу;
- іс-әрекеттегі зерттеу;
- сыни ойлау;
тайм-менеджмент;
- ЕБҚ балалармен жұмыс;

2. Білім алушыларды болашаққа дайындау бағытында:


-білім беру мазмұнының құндылық аспектісін өзектендіру;
-оқу бағдарламалары аясында жаһандық құзыреттіліктерді, эмоционалды зияткерлікті, сыни ойлауды, білім алушылардың кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылығы негіздерін белсенді қалыптастыру;
- мектеп түлегінің пәндік, метапәндік және негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру;
-білім берудің STEM тәсілдері негізінде жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқытудың тиімділігін арттыру;
- жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл және ағылшын тілі пәндерін оқытудың қарқындылығы күшейту және сапасын арттыру;
-пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізуді кеңінен дамыту, цифрлық ресурстарды кеңінен пайдалану;
-білім берудің барлық деңгейлерінде экологиялық білім беру сапасын арттыру;
- ЕБҚ балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау деңгейін арттыру;
- дарынды балаларды қолдау жүйесін дамыту;

3. Мұғалімдердің зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру:


-жаратылыстану бағыты бойынша ғылыми зертханалар ұйымдастыру,жүргізу;
-LS әдісі арқылы оқушылардың оқу іс-әрекеттерін зерттеу;
-мұғалімдерді авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер құруға белсенді бейімдеу.
-ғылыми негізде зерттеу, жобалау жұмыстарын жүргізуде гидропоника кабинеті мен STEM виртуалды зертхана кабинетінің мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалану;

4. Лицейдің МТБ-сын жаңа кабинеттер мен зертханалармен толықтыру:


-SТЕМ кабинетін ашу;
-жаңа модификациялық химия кабинетімен қамтамасыз етілу;
-мультимедиялық кабинетпен қамтамасыз етілу;
-бастауыш сынып оқушыларына арналған:
шкафтар алу;
бөлек киім ілгіш ұйымдастыру;
шахмат және интеллектум кабинетін құру;
-2-ші қабат дәлізін оқушыларды дамыту бағытында рәсімдеу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет