Буылтық құрттар типі
1.Көпқылтандылардың сезім мүшесі:
А) жай көзі
В) сипап сезу, көру, тепе-теңдік+
С) иіс сезу
Д) күрделі көзі
Е) дәм сезу
2.Дәрілік мақсатқа қолданылатын буылтық құрт:
А) қылдырықбас В) шұбалшаң
С) сүлік++ Д) құмқазар
Е) керенде
3.Көп қылтанды құрттарға жататындар:
А) шұбалшаң В) қылқұрт
С) сиыр цепені Д) ішексорғы (аскарида)
Е) нереида++
4.Шұбалшаңдардың класы:
А) сорғыш құрттар
В) кірпікшелі құрттар
С) таспа құрттар
Д) азқылтанды құрттар++
Е)көп қылтанды құрттар
5.Шұбалшаңның негізгі қорегі:
А) шыбын-шіркей
В) ауадағы азот
С) өсімдіктердің шіріген қалдықтары++
Д)сазды топырақ
Е) бір жасушалы қарапайымдылар
6.Шұбалшаң бірыңғай салалы бұлшық еттерінің көмегімен:
А) бекінеді В) дамиды
С) шала дамиды
Д) қысқарып ұзартады++
Е) жабысады
7.Шұбалшаңдардың қозғалуы:
А) бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан
В) сақиналы, бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан++
С) ұзын бұлшықеттердің жиырылуынан
Д) көлденең жолақты бұлшықеттердің жиырылуынан
Е) кутикуланың жиырылуынан
8.Жауынқұрттың денесіндегі қылтанның атқаратын қызметі:
А) қозғалу В) зәр шығару
С) денені орнықты ұстау++
Д) иіс сезу Е) жиырылу
9."Гирудин" деп аталатын ерекше зат бөліп шығарады:
А) нереида В) үшкірқұрт С) желпеуіш құрт
Д) шұбалшаң Е) сүлік++
10.Шұбалшаңнның денесі:
А) жалпақ, таспалы
В) таспалы, финкасы бар
С) жалпақ, кірпікшелі
Д) жұмыр, буылтықтардан тұрады++
Е) жұмыр, өте үшкір
11. Шұбалшаң:
А) дара жынысты
В) ұрықтанбайды
С) жұмыртқадан даиды
Д) іштей ұрықтанатын гермафродит++
Е) сырттай ұрықтанатын гермафродит
12. Буылтық құрттардың асқорыту жүйесінің басқа құрттардан айырмашылығы:
А)асқорыту мүшесі дамымаған
В) тұйық тарамдалған ішек
С) ішегі алдыңы, ортаңғы және артқы ішек деп бөлінген.
Д) ауыз, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, созылған ішек, аналь тесігінен тұрады++
Е) алдыңғы, ортаңғы ішектерден тұрады
13.Денесі жұмыр, созылыңқы, бірнеше буылтықтардан құралған құрт:
А) миқұрт В) үшкірқұрт
С) сиыр цепені Д) шұбалшаң++
Е) ақ сұлама
14.Нереида аяғының қызметін атқаратын:
А) желбезектері В) сүйір құйрығы
С)қылтандары++ Д) сүйір басы
Е) буылтықтары
15. Шұбалшаңнның қан айналымы:
А) тұйық тізбек++ В) ашық тізбек
С) жеке екі сақина ғана Д) болмайды
Е) екі тамыр ғана
Достарыңызбен бөлісу: |