Мазмұны: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру



бет3/7
Дата11.10.2022
өлшемі27,79 Kb.
#152567
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Өндірісте техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
file-7847, Сценарий-1
1.2. Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру.
Өндiрiстегi ең iрi қосалқы шаруашылық – жөндеу шаруашылығы. Жөндеу шаруашылығының құрамына:
жөндеу-механикалық және басқада цехтар, немесе жабдық жөндеу шеберханалары;
жөндеу-механикалық немесе электра-механикалық учаскiлер кiредi.
Жөндеу шаруашылығының бөлiмiн бас механик басқарады. Әрбiр геологиялық барлау, бұрғылау, өндiру кәсiпорында жабдықты пайдаланумен байланысты көп көлемде жөндеу жұмыстарын өткiзедi. Сондықтан, жабдықтың iстен шығуын алдын-ала болдырмау, оны жөндеуге кеткен шығындарды қысқартудың, бiрден-бiр амалы жабдыққа техникалық қызмет ету немесе техникалық күту.
Техникалық қызмет ету – дегенiмiз әр сменалық күту, яғни механизмдердi (тетiктердi) уақтылы қалыпқа келтiру, майда бұзылыстарды жою, профилактикалық техникалық байқау өткiзу. Мұнын бәрi белгiленген уақытта өткiзiлiп, бұзылыстардың байқалып, қалпына келтiру мақсатымен атқарылады.
Жөндеу шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру, жабдықтардың үздiксiз, әрi тиiмдi пайдалануда маңызды жағдай болып келедi. Оны ұйымдастырудың үш нысаны бар:
Орталықтандырылған;
Орталықтандырылмаған;
Араластырылған.
1. Ұйымдастырудың орталықтандырылған нысанында жөндеулердiң барлық түрi - жөндеу-механикалық цехтың жұмысшыларымен атқарылады. Әртүрлi күрделiлiгi бойынша жөндеу жұмыстары әрбiр цехiнiң бригада күшiмен жүргiзiледi. Механикалық жөндеу базасы бөлiмшiлердiң тапсырысы бойынша қосалқы бөлшектердi шығару және күрделi жөндеу жұмыстарымен айналысады. Мысалы, ұңғыларды жерасты және күрделi жөндеу үшiн арнаулы бригадалар болса, ал жабдықтарды жөндеу және модернизациялау - орталық базаларда жүргiзiледi.
Базаларда бүкiл жұмысшылар тобы және жөндеу құралдары шоғырланған. Өндiрiс цехтарында тез тозғыш бөлшектердi ауыстыруымен байланысты жабдықты күту, бақылау, майда күнделiктi жөндеу жұмыстарын атқаратың тек кезектегi жұмысшы бригадалары ғана қалады. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың бұл нысанында жөндеушiлер механизация құралдарын пайдаланатын бiртектес жұмыстарда маманданады – бұл жөндеу мерзiмiң қысқартып, еңбек өнiмдiлiгн өсiрiп, жөндеу шығындарының азаюына әкеледi.
2. Ұйымдастырудың орталықтандырылмаған нысанында кәсiпорын-ның әр цехi жөндеу жұмыстарын өзi жасайды. Жөндеу-механикалық цех бұл жағдайда қосымша бөлшектерге тапсырыс алады және агрегаттардың күрделi жұмысын өткiзедi. Бұл нысаны тиiмсiз болып табылады, себебi мұнда жөндеудi атқарушы жұмысшылар мен жөндеу құралдарын орынсыз пайдалану, жөндеудi бiтiруi мен жөндеуге дайындалу мерзiмiнiң ұзаруы айқындалады.
Жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы:
Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсатына негізгі өндірістік қорларды ұтымды пайдалану жатады. Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:
- негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;
- кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынған құрал-жабдықтарын орнату;
- қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;
- қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет