Мазмұны III. Мектеп қызметі – Үрдіс 19


СӨС қалыптастыру бойынша жұмыстары



бет45/88
Дата05.02.2022
өлшемі3,35 Mb.
#25641
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88

8. СӨС қалыптастыру бойынша жұмыстары


2015-2016 оқу жылында СӨС қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы №41 қаулысымен бекітілген, «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасындағы нормативтік құжаттар, Павлодар облысы Білім басқармасының 2011 жылғы 27 сәуірдегі №1-05/150 бұйрығы және Денсаулық сақтау басқармасының «Денсаулықты нығайтуға әсер ететін мектептер» жобасы желісін кеңейту туралы» №271 ортақ бұйрығы, «Денсаулық» 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасына сәйкес жоспарланды және жүзеге асырылды.


Осы нормативтік база негізінде балалардың СӨС қалыптастыруға бағытталған ортақ шаралар жоспары өңделді және бекітілді:

  • ҰСӨСҚО;

- ШЖҚ «Павлодар облыстық наркология орталығы»;
- ГУ «Павлодарский областной центр по профилактике и борьбе со СПИД»;
- БШҚО;
- ОФ «Здоровая нация»;
- «Жигер», «Азат», «Марафонец» балалар сауық орталығы;
- қалалық емханалар.
Оқушылардың денсаулығын сақтау және шынықтыру саласындағы педагогикалық ұжым қызметінің талдауы 2015-2016 жылдарға қойылған өзекті міндеттерді шешуде өз ықпалын тигізді.

  • «Оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс уақытын қамту» семинарын өткізу (қараша);

  • оқыту-тәрбие үрдісінде СанПин-ға қойылатын талаптарды орындау, сабақта және сабақтан тыс шараларды өткізу кезінде денсаулық сақтау технологиялардың психологиялық аспектілерін есепке алу;

  • оқушылардың СӨС қалыптастыру мәселесін ата-аналармен бірлесіп шешу;

Оқу жылы ағымында жұмыс жоспары құрылып, осыған сәйкес ата-аналармен бірге тақырыптық Онкүндіктер, айлықтар өткізілді:
- «Денсаулық фестивалі» акциясы;
- БЖЖ алдын алу онкүндігі;
- «Денсаулық жолы» акциясы;
- Дүниежүзілік жүрек күні;
- Артериальды гипертонияның алдын алу онкүндігі;
- Ұлттық алкогольді пайдаланудан бас тарту күні;
- Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен күресу күні;
- Дүниежүзілік диабетпен күресу күні;
- Шылым шегудің алдын алу онкүндігі;
- АИВ/ЖИТС алдын алу айлығы;
- Респираторлық вирустық инфекция, тұмау және пневмокок инфекциясын алдын алу айлығы;
- онкологиялық және т.б. аурулардың алдын алу онкүндігі.
Шаралар жоспары ТЖ жөніндегі орынбасар, СӨС басшылық ететін қызметкер, Влащенюк О.О., СӨС координаторы Аменов Р.С. ұсыныстары бойынша жүзеге асырылды. Сынып сағаттары және басқа іс-шаралар сынып жетекшілер оқушылармен бірге өткізді, ата-аналар да қатысты. Осы шараларға белсене қатысқан бастауыш мектеп оқушылары мен 5,8,9,10 сыныптар арасында болды.
Оқу жылы ағымында қатаң түрде және белгіленген мерзімімен сыртқы ұйым өкілдерімен жоспарланған барлық кездесулер өткізілді, осы бағытта көзделген мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары, жасөспірімдер мен жастарға СӨС қалыптастыру:

  • ШЖҚ «ПОНД» КМК наркологы Колпакова В.А. бірге қыркүйек айында жұмыс жоспары құрылып, «Спайсы», «Миксы», «ПАВ профилактикасы», «Жасөспірімдермен жеке сұхбаттасу» және т.б. тақырыптары өңделді;

  • ПСӨСҚО маманы Саканова Г.Б. тиімді денсаулық сақтау мәселелері және мектепішілік лагерь педагогтары үшін аса қауіпті инфекцияның алдын алу;

  • ПСӨСҚО медқызметкері Аралбаевамен остеохондроздың алдын алу;

  • «Дені сау ұлт» мамандарымен кездесу;

  • СЭС қызметкері Сычева Н.А кездесу;

  • ПОНД фельдшері, нарколог Гарусова З.Н. жоғары сынып оқушыларымен жеке сұхбаттасу және шылым шегудің алдын алу;

2015-2016 оқу жылының басынан 2015 жылғы 04 қыркүйектегі №266 бұйрыққа сәйкес, 16 спорттық секцияның жұмысы басталды, оған 300 адам қатысты (жалпы оқушының 25%), орта есеппен алғанда әр топта 15-25 адамнан. Секция меңгерушілерімен қатысатын оқушылар тізімі анықталды, оған қарапайым балалардан басқа, аз қамтылған отбасындағы балалар, жетім балалар, КІБ, МІБ, тәуекел топтағы оқушылар кіреді. Олардың сабаққа қатысуын тексеру үшін ӘБ меңгерушісі Джанкин К.К. арнайы журнал бастап, басшылық ететін оқу-іс меңгерушілерімен тексеріліп отырады.
СӨС қалыптастыру бойынша мектепте жүзеге асырылатын негізгі бағыттар:
- оқушыларды тамақтандыру;
- наркопост жұмысы;
- аурудың алдын алу;
- оқушылардың дене тәрбиесін дамыту;
- адамгершілік-жыныстық тәрбие.
Осыған байланысты мектеп асханасында жетім балалар мен аз қамтылған отбасындағы мұқтаж жандарға тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Мектептегі барлық оқушыларға, сондай-ақ педагогтар мен жұмыскерлерге қызмет көрсету тәртібі СанПин-ға қойылатын талаптарға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырады.
Наркопост жұмысы (меңгеруші Каирбаева С.З., әлеуметтік педагог) Нормативтік құжаттарды реттеумен айналысады: ҚР 2012-2016 жылдарға арналған наркомания және наркобизнеспен күресу салалық бағдарламасы, ЖОО-да, колледж, мектеп оқушыларының арасында шылым шегу, наркоманияның алдын алу бойынша көпсалалы білім беру бағдарламасы, мектепте 2015 жылғы 04 қыркүйектегі «Мектеп наркопостын құру туралы» №254 бұйрығын шығару, Бағдарлама, Наркопост ережесі, отырыстар мен ата-аналар жиналысының хаттамалары, әлеуметтік-психологиялық қызмет, стендтер мен бұрыш, әдістемелік нұсқаулық, диагностиалық компьютерлік бағдарламаларды меңгеру т.б.
Оқу жылы ағымында наркопост оқушылармен (сауалнама, топтық, жеке жұмыс), сондай-ақ сынып жетекшілермен (ӘБ отырысы, дәріс оқу), ата-аналармен (жиналыс, консультация) бірлесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесі ай сайын наркопост отырысында талқыланды.
Әлдеқайда қызықты өткен шаралар: «Я выбираю жизнь…», «Мы рисуем жизнь» суреттер сайысы, денсаулық сынып сағаттары және «СПИД не спит» сынып сағаттары, «Жизнь без вредных привычек», «Свобода или наркотики», «О вреде курения», «Признаки употребления ПАВ» консультациясы, ата-аналар жиналысы т.б.
АИВ/ЖИТС алдын алу айлығы аясында:
- Колпакова В.А. жоғары сынып оқушыларымен сұхбаттасу және жоғары сынып оқушыларын кәсіби қарау;
- «Мы за здоровый образ жизни!» 9 сыныптар араасында сынып сағаты (жауапты: Хотянович З.Н.).
Кітапхана меңгерушісі Куклина М.П.. АИВ/ЖИТС алдын алу бойынша 7 библиографиялық каталог және 19 оқу және көрнекі құралдары құрылған.
2015-2016 оқу жылындағы наркопост жұмысы қанағаттанарлық деп айтуға болады.
Осы проблема жөнінде білгісі келсе де, АИВ/ЖИТС жұғу жолдары туралы жасөспірімдердің хабардар болуы төмен деңгейде екендігі байқалады, ВИЧ-инфекцияның жұғу жолдары және оның адамға қатысы жөнінде аса біле қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет