IV. Оқыту мен тәрбиелеуді тиісті деңгеймен қамтамасыз етудегі жағдай
Кадрлар құрамы туралы мәліметтер
Білім сапасы – педагогикалық құрам сапасы негізінде анықталады. Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы «ҚР жалпы орта білім беру орта мектептері қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы» ережесіне сәйкей келеді.
Жылдар бойы мектепте тұрақты педагогикалық ұжым қалыптасты. 2015-2016 оқу жылында мектеп ұжымында 85 педагог, оның ішінде әкімшілік қатары – 5, аға тәлімгер – 1, кітапханашы – 1, психолог – 2, әлеуметтік педагог қызмет атқарады. Жалпы педагогтар санын алғанда: ер адамдар - 11,8%, әйелдер құрамы - 88,2% құрайды.
Кадрлардың тұрақтамаушылық көрсеткіштеріне қарағанда, мұғалімдердің басым көпшілігі тұрақты жұмыс атқарып келеді.
Психологиялық диагностика көрсеткіші, педагогикалық ұжым арасындағы қарым-қатынас жылы, жақсы екенін, өзара сыйластық пен сенімге ие екендерін аңғартады. Жалпы мектеп ұжымындағы қызметкерлер өз білімін жетілдіруге, дамытуға құштар.
Мектепте оқушылардың жеке дамуына жағдай жасайтын, оқытуды жоғары деңгейге көтеру үшін тынбай еңбек етуге дайын, жоғары білікті педагогикалық ұжым қалыптасты.
2015 жылдың 1 қыркүйегіне барлық педагогикалық қызметкер – 85.
Достарыңызбен бөлісу: |