Мазмұны III. Мектеп қызметі – Үрдіс 23



бет10/16
Дата04.07.2018
өлшемі2,93 Mb.
#46575
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16



Қорытынды:

  1. Екі жыл ішінде 5-11 сынып оқушыларын аттестаттау нәтижесі ЖМБ барлық пәндер бойынша теріс динамика – 1 % көрсетті.

Екі жыл ішіндегі ЖМБ барлық пәндері бойынша үлгерім нәтижесі қалыпты деңгейде 99,2% - 100% құрайды. Екі жылдағы ЖМБ барлық пәндері бойынша білім сапасы шамамен 44% - 70%, бұл жеткілікті деңгей болып табылады.


  1. 2016-2017 оқу жылындағы

бастауыш сыныптарында оқу пәндерін оқыту

Бастауыш сыныптарда оқыту нәтижесінің талдауы бойынша негізгі

пәндер: орыс тілі, математика, әдеби оқу, дүниетанудан – білім үлгерімі 100% құрайтынын көрсетті. Бұл үлгерімі төмен оқушылармен үздіксіз тұрақты жұмыс жасау нәтижесі. Алайда 1-4 сыныптар арасындағы 55 оқушының үлгерімі күмән келтіруде (барлық бастауыш мектеп 9%, болғаны - 9%). Бұл әсіресе 1-ші сынып оқушылары: Марат Ислам, Андреев Глеб, Ким Ерлан, Плотинникова Кристина, 2-ші сынып оқушылары: Панченко Сергей, Ягодка Иван, Раздобедин Виталий, Пухов Вячеслав, Тортаев Мадияр, 3-ші сынып оқушылары: Меретуков Артем, Таскаев Расул, Исабеков Ильяс, Исломов Парвизжон, Судакова Ева, Денежкина Милена, 4-а сынып оқушысы Амангелді Алхам.

Білім сапасы көрсеткіштеріне келетін болсақ, мұғалімдер «4» пен «5»-ке оқитын оқушылардың санын сақтап қалуға тырысады.

2-сыныптарда пәндер бойынша білім сапасы тұрақты, тіпті: 2-б сыныбында (А.М. Хасенова) дүниетану пәні бойынша білім сапасы – 5%-ға ( 79% - 84%), 2-в сыныбында (Г.М. Горецкая) - 4%-ға (92% -96%); 2-г сыныбында (Н.М. Бұрымбаева) - 6%-ға (70% -76%); математика бойынша 2-г сыныбында (Н.М. Бұрымбаева) – 6%-ға (70% - 76%) артқаны байқалады.

Дегенмен, әсіресе математика бойынша оқушыларды білім сапасының

төмендеуі байқалады: 2-а сыныбында шамалы төмендеу (И.Н. Садовая) - 5%-ға (85% -80%), 2-в сыныбында (Г.М. Горецкая) - 11%-ға (92% -81%) және айтарлықтай жоғары төмендеу 2-б сыныбында (А.М. Хасенова) - 18%-ға (75% -57%), 2-д сыныбында (Ю.Ю. Выренкова) - 22%-ға (76% -54%). ТБМ-де 2-ж сынып оқушылары келесі көрсеткішпен аяқтады: 100% үлгеріммен, математика, әдеби оқу және дүниетанудан білім сапасы-100%, орыс тілінен - 66% (жаңа мұғалім Т.В. Гетманчук).

Әрине, 2-сыныптардың оқу материалы 1-сыныпқа қарағанда әлдеқайда ауырлайды, оқушылар 1-сыныпқа келгенде балабақша бағдарламасында берілген материалдарды қайталайды. Сондықтан «Русская грамота» интеграцияланған курсын басқа пәндермен: орыс тілі, әдебиет оқу салыстыруға келмейді.

3-сыныптарда оқушылардың білімі тұрақты. 3-а сыныбында (Е.Н. Потарская) математика бойынша (71% - 72%), орыс тілінен (63% - 64%), тіпті әдебиеттен 9%-ға жоғарылау байқалады (83% - 92%), дүниетанудан 3%-ға төмендеу (83% - 80%), 3-б сыныбында (Л.А. Головенко) орыс тілінен (82% - 82%), әдебиеттен (100% - 100%), дүниетанудан білім сапасы 3%-ға артты (91% - 95%), тек математикадан 9%-ға шамалы төмендеу байқалады (91% - 82%); сондай-ақ 3-в сыныбы (Н.М. Бұрымбаева) да мықты және тұрақты білімдерін көрсетті, орыс тілінен 7%-ға (68% - 75%) жоғары, әдебиеттен 8%-ға жоғары (88% - 96%), дүниетанудан 4%-ға (88% - 92%) және математикадан шамалы төмендеу 4%-ға (80% - 75%); 3-г сыныбы (И.Н. Садовая) білім сапасының шамалы төмендеуімен тұрақтылығын көрсетті: математикадан 4%-ға (92% - 88%), орыс тілінен 4%-ға (92% - 88%), әдебиеттен 4%-ға (100% - 96%), дүниетанудан 12%-ға (96% - 84%). 3-е сынып оқушылары (О.В. Аубакирова) оқу жылын келесі пәндер бойынша білім сапасының шамалы төмендеуімен аяқтады: орыс тілінен 7%-ға (57% - 50%), дүниетанудан 4%-ға (71% - 67%), математикадан 13%-ға (71% - 58%) және әдебиеттен ғана шамалы жоғарылау 2%-ға (81% - 83%) байқалады. Ағымды оқу жылында 3-д және 3-з сыныптарында жаңа мұғалімдер И.В. Тычина мен Т.В. Гетманчук сабақ берді. 3-д сынып оқушылары оқу жылын білім сапасының шамалы төмендеумен аяқтады: орыс тілінен 7%-ға (70% - 63%), әдебиеттен 8%-ға (91% - 83%), дүниетанудан 8%-ға (87% - 79%) және математикадан 28%-ға (91% - 63%) – бұл білім сапасының үлкен төмендеуі; 3-з сыныбы (Т.В. Гетманчук) білім сапасының мықтылығын дүниетану бойынша (100% - 100%), математика бойынша білім сапасының 17%-ға (83% - 100%) артқанын көрсетті, бірақ орыс тілінен білім сапасының 50%-ға (83% - 33%) үлкен төмендеуі байқалады. Білім сапасының 2%-дан 10%-ға дейін шамалы төмендеуі бағдарлама материалының қиындығымен, жаңадан келген оқушылармен, жеке оқушылар бойынша ата-аналар тарапынан бақылаудың болмауы, бірақ 3-д сыныбындағы сияқты білім сапасының (И.В. Тычина) математикадан 28%-ға, 3-з сыныбында (Т.В. Гетманчук) орыс тілінен 50%-ға үлкен төмендеуі – оқушылардың бұл пәндер бойынша білімі таяз болғандығын, тұрақты емес екендігін көрсетеді.

4-ші сынып оқушылары пәндер бойынша тұрақты білімдерін көрсетті, алайда 4-а сынып (бұрынғы 3-е) оқушыларынан басқа білім сапасының шамалы төмендеуі байқалады. Бұл сынып 2-ші сыныптардан жиналған және өкінішке орай, жыл сайын мұғалімдер ауысып отырды. Оқушылар оқу жылының соңына келесі нәтижелермен келді: дүниетану бойынша білім сапасы 4%-ға (88%-84%) төмендеді – мұғалім Л.А. Головенко, әдебиеттен 19%-ға (88%-69%) – мұғалім М.В. Копнышева, ал математика мен орыс тілінен білім сапасының айтарлықтай төмендеуі байқалады: математикадан 27%-ға (88%-61%) – мұғалім Л.А. Головенко, орыс тілінен 34%-ға (84%-50%) – мұғалім М.В. Копнышева. Мұндай төмендеудің себептері3-ші сыныпта мұғалім Р.К. Мананбаеваның бағаларды көтеруі және ата-аналар бақылауының болмауы.

Гимназиялық 4-б сынып оқушылары (С.В. Канавец) келесі пәндер бойынша білім сапасын растайды: әдебиет бойынша білім сапасы 100%, орыс тілі және дүниетанудан - 96%-ға (4%-ға төмендеу), математикадан - 92% (8%-ға төмендеу). 4-г сыныбы (А.Ю. Бойко) математикадан - 9% (67%-76%) және әдебиеттен - 3%-ға (85%-88%) білім сапасының шамалы жоғарылауы, ал орыс тілінен - 4%-ға (56%-52%) және дүниетанудан 1%-ға (85%-84%) шамалы төмендеуі байқалады. 4-в және 4-д сынып (Е.В. Маркина) оқушылары оқу жылының соңында келесі сабақтар бойынша тұрақты білім көрсеткіштерін көрсетті: 4-в сыныбында математика және дүниетанудан білім сапасының 2%-3%-ға шамалы жоғарылауы (сәйкесінше 64% - 66% және 80% - 83%) және әдебиет және орыс тілінен 5%-6%-ға төмендеу (сәйкесінше 96% - 91% және 76% - 70%) байқалады.

Осыған байланысты, бастауыш сынып мұғалімдері білім сапасының нәтижесін қалыпты, әрі жоғары деңгейде сақтауға тырысады, сондықтан оқушылардың жеке пәндер бойынша білім сапасының төмендеу себебін анықтап алған жөн, сол оқушыларға аса көңіл бөліп, ата-аналарымен өзара тығыз қарым-қатынаста болып, оқушының сол пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттырып отыру қажет.







Мұғалімнің аты-жөні

2015 – 2016 оқу жылы

2016 – 2017 оқу жылы

сын

математика

Орыс тілі

Әдеби оқу

дүниетану

сын

математика

Орыс тілі

Әдеби оқу

дүниетану

үлг

сапа

үлг

сапа

үлг

сапа

үлг

сапа

үлг

сапа

үлг

сапа

үлг

сапа

үлг

сапа

1

Садовая И.Н.

1-а

100

85

100

85







100

96

2-а

100

80

100

76

100

88

100

92

2

Хасенова А.М.

1-б

100

75

100

75







100

79

2-б

100

57

100

57

100

81

100

84

3

Горецкая Г.М.

1-в

100

92

100

92







100

92

2-в

100

81

100

81

100

100

100

96

4

Бурумбаева Н.М.

1-г

100

70

100

70







100

70

2-г

100

76

100

61

100

85

100

76

5

Выренкова Ю.Ю.

1-д

100

76

100

68







100

84

2-д

100

54

100

54

100

73

100

62




Гетманчук Т.В.




























2-ж

100

100

100

66

100

100

100

100

7

Сарымбетова А.К.

1-ж

100

100

100

75







100

100

1-з

100

100

100

0







100

100

8

Маркина Е.В.

3-д

100

79

100

79

100

100

100

83

4-д

100

73

100

77

100

100

100

88

9

Канавец С.В.

3-б

100

100

100

100

100

100

100

100

4-б

100

92

100

96

100

100

100

96

10

Маркина Е.В.

3-в

100

64

100

76

100

96

100

80

4-в

100

66

100

70

100

91

100

83

11

Бойко А.Ю.

3-г

100

67

100

56

100

85

100

85

4-г

100

76

100

52

100

88

100

84

12

Мананбаева Р.К./ Головенко Л.А.

3-е

100

88

100

84

100

88

100

88

4-а

100

61

100

50

100

69

100

84

13

Тунгушева Р.С./ Гетманчук Т.В.

3-з

100

100

100

33

100

100

100

100

4-з

100

66

100

66

100

100

100

100

14

Коптелова А.В.




























1-а

100

82

100

78







100

93

15

Нечвиенко Е.Б.




























1-б

100

89

100

81







100

89

16

Брехт Л.Ф.




























1-в

100

100

100

96







100

100

17

Потарская Е.Н.




























1-г

100

89

100

85







100

89

18

Алимбаева К.А.




























1-д

100

100

100

96







100

100

19

Бойко А.Ю.




























1-е

100

89

100

67







100

93

20

Потарская Е.Н.

2-а

100

71

100

63

100

83

100

83

3-а

100

72

100

64

100

92

100

80

21

Головенко Л.А.

2-б

100

91

100

82

100

100

100

91

3-б

100

82

100

82

100

100

100

95

22

Бурумбаева Н.М.

2-в

100

80

100

68

100

88

100

88

3-в

100

75

100

75

100

96

100

92

23

Садовая И.Н.

2-г

100

92

100

92

100

100

100

96

3-г

100

88

100

88

100

96

100

84

24

Иманшарипова Ш.К./

Тычина И.В.



2-д

100

91

100

70

100

91

100

87

3-д

100

63

100

67

100

83

100

79

25

Аубакирова О.В.

2-е

100

71

100

57

100

81

100

71

3-е

100

58

100

50

100

83

100

67

26

Тунгушева Р.С./ Гетманчук Т.В.

2-з

100

83

100

83

100

83

100

100

3-з

100

100

100

33

100

100

100

100




  1. 2016-2017 оқу жылының тәрбие жұмысы анализі

2016-2017 оқу жылдарында тәрбие жұмысының негізгі міндеттері төменегідей болды:

- Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру;

- оқушылардың сабақтан тыс жұмысбастлық сұрақтары бойынша сынып жетекшілер, үйірме және спорттық секция жетекшілерінің өзара сапалы әрекеттесуін күшейту;

- ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тәрбие шаралары және шара жоспарлар жүйесі арқылы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру.

Жоғарыда аталған тапсырмаларды шешу мектептің тәрбие жұмысын дамытуға бағытталған. Бұған түрлі бағыттар бойынша балалар мен үлкендердің бірлескен шығармашылық қызметі мүмкіндік берді: - азаматтық-патриоттық тәрбие; - рухани-адамгершілік тәрбие; - дене-шынықтыру-сауықтыру; - экологиялық тәрбие. Тәрбие жұмысының бұл бағыттары: - дәстүрлі мектеп шаралары; - «Жас Ұлан» б/ұ жұмысы; - пәндер бойынша сыныптан және сабақтан тыс қызмет; - қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылды.

Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптсатыру мен дамытуда мектеп өсіп келе жатқан ұрпақта әлеуметтік маңызы бар құндылықтардың пайда болуына, өз еліне, тарихы мен дәстүріне махаббат сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік беретін басты рөлді азаматтық-құқықтық тәрбиеге береді.

Оқу үдерісінің тәрбие компоненттерін күшейту және патриоттық тәрбие мазмұнын байыту мақсатымен оған мәдени-тарихи, рухани-адамгершілік, идеологиялық компоненттерді қосу арқылы мектепте оқушыларды патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс жоспары және 2016-2017 оқу жылдарына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын түсіндіру мен оқуды ұйымдастыру бойынша жеке жоспар бар.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған маңызды шаралардың бірі ұлттық мұраға (дәстүрлерге, салттарға, мәдениетке), ҚР Конституциясына, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу бойынша жаңа оқу жылында жалғасын тапқан «Мен – өз Отанымның патриотымын» деген тақырыпқа Білім күнін өткізу болды. Білім күнін өткізу кезінде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясында айтылған барлық қазақстандықтарды біріктіретін және бідің еліміздің болашақ негізін қалайтын құндылықтарға басты екпін қойылды.

2016 жыл – Қазақстан тарихында торқалы жыл, ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Осыған байланысты оқу жылының басынан барлық шаралар бұл атаулы күнге арналды. Бұл қатысушылары 25 жылдық педөтілі бар мұғалімдер және ҚР тәуелсіздігінің құрдас мұғалімдер болған келесі тақырыптар бойынша біртұтас сабақтар: «Теңгенің пайда болу тарихы», «Достық пен көршілік сағаты», «Универсиада», «ЭКСПО-2017», «Президент сағаты», «Тәуелсіздіктің құрдастары» дөңгелек үстелі. Шараға «Халық радиосынан» журналист шақырылды. Бұл материал 2016 жылдың 30 қыркүйегінде жаңалықтар блогында жарыққа шықты. Мектепте радиодағы жазу бар.

Отбасы күніне, ҚР тіл апталығына арналған шаралар қатары дәл сондай ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдық қамқорлығымен өтті. «Отбасылық альбом» қалалық сайысына қатысып, мектеп гран-приді ұтып алды.

Білім басқармасының маманы Т.И. Аленовты, қалалық маслихат депутаты Д.Е. Корепановты және жауынгер-десантшыларды шақырумен әскери-спорттық эстафета жоғары деңгейде өтті. Мектеп Білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру «Мектеп шежіресі» мұражайын да ашуға мүмкіндік берді. Бұл оқушылар үшін, ата-аналар, түлектер және мұғалімдер үшін де маңызы бар шара. (21.12.2016 ж. «Ирбис» телеарнасының репортажы). Мұражай үшін материалдарды балалар мен үлкендер жинады. Ал бұл қиын да, бізге таныс емес жұмысты басшылыққа алған педагогикалық еңбек ардагері В.И. Гришина, оған көмектескен мектеп кітапханашысы М.П. Куклина және педагогикалық еңбек ардагерлері Т.А. Попова, Л.Г. Козлова, И.В. Герасимова, т.б. Мұражайдың салтанатты ашылуына Білім бөлімінен, педагогикалық еңбек ардагері және мектеп түлектері келді.

Оқушылардың «Жас қыран» және «Жас Ұлан» қатарына өтуі, «Менің Отаным-алтын бесігім» көрмесі және «Тәуелсіз менің елім» суреттер көрмесі қазақстандық патриоттықты білдіретін жасөспірімдердің азаматтық саналылығының көрсеткіші болып табылады.

Аға тәлімгер Б.Б. Кенжебаеваның және 9-шы сынып оқушысы Ұланбасы Д. Листратов жетекшілігімен бұл бағыттағы «Жас Ұлан» балалар ұйымының да маңызы зор. «Президентті құттықта», «Ардагерге хат жаз» сияқты акцияларды ұйымдастырып өткізу және «25 қадам» қалалық жобадағы жеңіс ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шаралар қоржынын толтырды. Біздің Жасұландар «Дала поштасы» акциясына белсенді қатысты. Мектеп баяғыдан бері №2 шағын ауданның ардагерлер төрағасы Зиновьева Нелля Тимофеевнамен тығыз байланыста. Дәл осы кісі бізге оқушыларды ҰОС ардагерлерінің ерліктері арқылы тәрбиелеу, Жеңіс туралы естелікті сақтау, ардагерлеге құрмет пен қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу мақсатымен әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Samruk-Kazyna Trust» бастаушы болған «Дала поштасы» республикалық акцияға қатысуға ұсынды. Біздің мектептің оқушылары бұл ұсынысқа белсене қатысты. Астана қаласындағы штабқа Қазпошта арқылы 83 хат жіберілді. Біздің хаттар жолданушыларға жеткенін хабарласып білдік. Акция ұйымдастырушылары қатысқанымыз үшін алғыс білдірді. Біздің мектептің бұл акцияға қатысуы туралы ақпарат хештег #Zhenys әлеуметтік желісіне салынды.

Ата-аналарды балаларды тәрбиелеуге жұмылдыру мақсатында оқушылар да, ата-аналар да белсенді қатысқан жыл сайын өтетін «Екі жұлдыз» фестивалі өтті. Сайыста отанға, отбасыға, туған өлкеге деген махаббат, сонымен қатар президенттің сүйікті әні орындалды. Сайысқа 11 жұп қатысты.

Мектепте Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу пән мұғалімдері Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары арқылы, сонымен қатар Тілдер апталығы, Алғашқы Президент күні, ҚР Тәуелсіздік күні сияқты шаралар шеңберінде ұйымдастырылған шаралар арқылы жүзеге асырды.

Биылғы жылы мектептің алдында қосымша білім беру мекемелерімен бірге жүзеге асыратын оқушылардың отбасымен қарым-қатынас, оқу-тәрбиелік үдеріс, ақпараттық-ағартушылық жұмыс, мектептің тәрбиелік шаралар жүйесі арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі үшін қажетті жағдайлар жасау тапсырмасы тұрды.

Көп жылдан бері біздің мектеп қаланың мәдени мекемелерімен: көбінесе №4 кітапханамен, Ж. Аймауытов ат. қазақ музыкалы-драм театрмен, БШЖО, БМ, мұражайлармен бірге қызмет жасайды. Мектептің педагогикалық ұжымы мектеп оқушыларының бос уақытын түрлендіруге, оларды экскурсиялық жұмысқа, зерттеу қызметіне, волонтерлік қозғалысқа жұмылдыруға тырысады.

Рухани құндылықтарды қалыптастыруда мектептің дәстүрлері үлкен рөл атқарады. ҚР Тәуелсіздігін, Наурыз мерекесін тойлағанда мектеп оқушылары, қонақтар, мұғалімдер мен ата-аналар қатысқан барлық параллельдерде Достық Фестивалі өтті. 1-11 сынып оқушылары Қазақстан халқы туралы шығармашылық презентациялар көрсетті, ұлттық тағамдар әзірледі, ұлттық киімдерді көрсетті. Оқушылар фестивальге қатысу үшін Қазақстан территориясында тұрып жатқан түрлі ұлттардың әндері мен құттықтау сөздерін жаттап алып, көрермендер мен әділқазыларды қуантты. Әсіресе, бәріне ұллтық асүй ұнады: қазақтың бауырсағынан, құртынан, тәжіктің палауынан, лавашынан, орыс халқының қаймақ қосылған құймағынан және т.б. ауыз тиюге мүмкіндік болды.

Қазан айында дәстүр бойынша балалар өздерінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін көрсете алатын, параллельдегі балалармен жақын танысуға мүмкіндік болатын күзгі балды өткізуді асыға күтеді. Әсіресе 9-шы сыныптар «Жоғары сыныптарға өтуді» күтеді. Ереже бойынша әр параллельде: орта буында «Күз ханшайымы», ал жоғары буында «Күз патшасы мен ханшайымы» атағына сайыстар өтеді.

Қарттар күні, Мұғалімдер күні, Жаңа жылды қарсы алу, Түлектердің кездесу кеші, ҰОС ардагерлерін құттықтау, түрлі қамқорлық акцияларға қатысу және т.б. дәстүрлі ұжымдық-шығармашылық сияқты шаралар баланың бойында рухани-адамгершілік қасиетті дамытуға мүмкіндік берді. Осылай, жасұландардың белсенді тобы жыл бойында «Қол ұшы» қамқорлық акциясының мақсаттары мен міндеттерін адал ниетпен жүзеге асырды. Жасұланшылар «Тұрғылықты жері жоқ балалары бар әйелдердің әлеуметтік-психологиялық оңалу мен бейімделу» орталығының (Қамзин көш. 20/1) жетекшісімен қажетті киімдер мен заттарды, жеткізу күнін белгілеу үшін байланысты. Балалар мәдени-сауық бағдарламасын дайындады. Алдын ала макулатура тапсырып, түскен ақшаға балаларға тәтті сыйлық алды. «Ни дня без доброго дела» волонтерлік жасақ жыл бойы аралас-құралас көмек көрсету үшін және балаларды қолдау үшін «Самал» орталығына барып тұрды. М.М. Катаев ат. Оқушылар сарайында қаңтар айында әділқазылар назарына барлық жасаған жұмыстарын, барлық игі істерін көрсеткен «Ақ жүрек» жобасына белсене қатысты. Қорытынды бойынша «Ең шығармашыл команда» номинациясы берілді. Ал мамыр айында волонтерлік жасақтардың «Отаныма арналған 25 игі істер!» облыстық фестивалінде «Қамқорлық» номинациясымен марапатталды.

Биыл «Жас Ұлан» б/ұ қызметі белсенді және жемісті болды. Мұнда аға тәлімгер Б.Б. Кенжебаева және оның командасының еңбегі зор.

Қазан айынан бастап «Жасыл старт» акциясы басталды, балалар макулатура жинады. Акцияның мәні мектепте макулатура жинау және оны екінші рет қайта жасап шығаруға жіберу, неғұрлым көп макулатура жиналса, соғұрлым шығын мәселесін шешуде және әлем ресурстарын шамадан тыс пайдалануда көмек көрсету. Мамыр айында «ЭКО БОЛАШАҚ-ЭКО БУДУЩЕЕ» республикалық әлеуметтік-экологиялық жобаға қатысып, балалар 3 күнде макулатураны үлкен көлемде жинады. Ешкім бұл акцияға немқұрайлы қараған жоқ. Оларды ата-аналар мен мұғалімдер қолдады. Акция қорытындысы бойынша мектепке көшеттер берілетін болды, ал 7-а сынып оқушысы, бала күнінен мүгедек Н. Борамбайға планшет берілді.

Мектеп педұжымының оқу-тәрбие жұмысындағы оң сәттерінің бірі оқушылардың кәсіптік бағдары бойынша белсенді қызметі болып табылады. Жыл ішінде жұмыстың бірлескен жоспары бойынша мектеп арнаулы орта оқу орындарымен бірге қызмет жасады. 2-ші жартыжылдықтан бастап апта сайын 9-шы сынып оқушылары үшін қала колледждерінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып отырды. Тоқсанда бір рет колледж өкілдерін шақырумен ата-аналар жиналысы өткізіліп отырды. Істеліп біткен жоспар бойынша Ашық есіктер күнінде мектеп оқушылары сынып жетекшілермен және ата-аналармен оқу орындарына экскурсияға шақырылды. Бұл жұмысты сынып жетекшілермен бірге «Мамандықтар әлемі» клубының жетекшісі Г.И. Ютлина жүзеге асырды.

Павлодар облысы кәсіпорындар палатасының өкілі А.А. Сайтқұловамен бірге ұйымдастырылған Қазэнергокабель және Қазақстан Алюминийі сияқты қаланың кәсіпорындарына экскурсия 9-шы сынып оқушыларында ерекше әсер қалдырды. 11-ші сынып оқушылары үшін сынып сағаттарға ПМУ, ИнЕУ, ПМПИ оқытушылары шақырылды. Ашық есіктер күні шеңберінде түлектер бұл ЖОО-на барды.

2012-2017 жылдарына арналған оқушыларды тәрбиелеудегі кешенді бағдарламасы міндеттерін орындау мақсатымен оқушыларда құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысқа, құқықтық тәрбиеге аса маңызды көңіл бөлінді. Оқу жылының басында өндірістік жиналыста мұғалімдер, сынып сағаттарында балалар, ата-аналар жиналысында ата-аналар ҚР «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы» Заңына енгізілген өзгерістермен танысты. Ортаңғы және жоғары буындағы әр паралель сыныптарда жоспарланған құқық сағаттары өткізілді. Осы шара келесі мұғалімдерде өте қызықты өтті: М.В. Марченко, З.В. Хотянович және А.Х. Қабыкенов. Осы бағытта биыл келесі іс-шаралар өткізілді:


  • құқықтану жаршысы басылымы: «Менің құқығым» (5 сынып), «Менің міндеттерім» (6 сынып), «Бала құқығы туралы конвенция» (7 сынып);

  • ата-аналар жиналысы: «Ата-анам мені түсінбейді немесе жасөспірімдердің көңілін табу жолы» (6 сынып), «ҚР әкімшілік кодексінің баптарымен танысу» (9 сынып);

  • оқушылар мен ата-аналар рейдтері;

  • «Путь к себе» ББУҚШО, ГПШ «Заң» жобасына және т.б. белсенді қатысу.

Оқу жылында құқықтық жалпы міндетті оқу қызметі тарих мұғалімі

Кабыкенов А.Х. және «Болашақ» құқықтық клуб оқушыларымен жүзеге асырылды. Бұл құқықтық білім айлығы (қазан, қаңтар), ақпараттық сағаттар, «Болашақ» клубының отырысы.

Адамгершілік-құқықтық тәрбиеге ықпал ететін шараларға профилактика кеңестерін, инспектор сағатын, тренингтерді, ата-аналармен жеке кеңестерді жатқызу керек. Мектепішілік тіркеуде және КІБ тұрған балалармен әрдайым профилактикалық сұхбат өткізіліп тұрады. Осы оқу жылы сабақ үлгерімі, қатысу және сабақтан тыс уақытын қамтуды профилактикалық кеңес мүшелері, көбіне әлеуметтік педагог Б.С. Юсупова және КІБ инспекторы Е.Д. Калкамбеков белсенді атсалысты. Қала әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша комиссиясына оқудан бас тарту себебі бойынша 10-шы сынып оқушысы Е. Клецкова және ата-аналар міндетінен бас тарту себебімен 3-ші сынып оқушысы Д.Назарованың екі ісі қарастыруға берілді. Осы бағыттағы тәрбие жұмысында мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауы жағымды нәтиже болып есептеледі.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжым, аға тәлімгер Б.Б. Кенжебаева, оқушылар активтері атсалысып, оқушылардың сабақтан тыс уақытын қамтуды тиімді ұйымдастыру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізді.

2016-2017 оқу жылының басында негізгі мектебіміз бен ТБМ-де 2016 жылғы 2 қыркүйектегі №350 бұйрыққа сәйкес, спорттық секциямен қатар 49 бюджеттік үйірме және 17 спорттық секция жұмысын бастады.

Қыркүйек айы ағымында үйірме жетекшілерімен үйірме және спорттық секцияға қатысатындар тізімі анықталды, оған аз қамтылған отбасындағы балалар, жетімдер, оқушылар, КІБ, МІБ және «тәуекел топта» тіркеуде тұрған балалардың сабақтан тыс бос уақытын қамту жұмысы ескерілді.

Сондай-ақ жұмыс кестесі құрылып, тақырыптық жоспарлар өңделіп, өткізу орны таңдалды. Сабаққа қатысу және материалдарды өтуді қағаз жүзінде тіркеу мақсатымен сынып журналдарында жеке беттер бөлініп, оның толтырылуын жетекшілік ететін меңгерушілер тексеріліп отырды.

Үйірмелер және спорттық секция қызметіне қатысатын балалар саны 1040 адамды (92%) құрайды.



Оқушылардың жұмысбастылық мониторингі мектеп және мектептен тыс үйірмелері мен секцияларында оқушылардың жұмысбастылығының өскенін көрсетеді.

Қыркүйек айында 1-11 сыныптары жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі отырысы өтіп, 2016-2017 оқу жылы мектеп үйірмесі және спорттық секция жұмысын ұйымдастыру мәселесі талқыланды (жауапты С.З. Каирбаева, Б.Б. Кенжебаева).

Сабақ жүйелі түрде өткізілетін үйірмелерде жақсы көрсеткіштер бар: спортшылар арасында номинанттар, жүлдегерлер, жеңімпаздар (барлығы дене тәрбиесі мұғалімдері), сондай-ақ вокалистер мен бишілер, суретшілер, қолөнермен айналысатын оқушылар (мұғалімдер Котова Л.Н., Бауржан Л.Б., Санко И.Б., Белая Г.И., Нукенов К.А.).

Құқықтық үйірмелер дебатқа қатысушылардың жеткізушісі болуы мүмкін, лингвистикалық – олимпиадалар мен сайыстардың, ғылыми – жобалардың және т.б. Үйірме және секция қызметінің нәтижесі өлшемді, көріну қажет, демек, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқау мен жарыстардан тұру қажет.

Мектеп ұжымы қызметінің негізгі бағыты – балалар мен жасөспірімдерді қамту және жазғы демалысты ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі «Жаз-2017» әлеуметтік жобаның жоспары бойынша мектепішілік лагерьдің екі маусымында 300 баладан астам, оның ішінде жетім - 5, аз қамтылған отбасындағы бала – 32 демалды.

«Жұлдыз» профлагерьдің ашылуы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды: «Олимп» (әскери-спорттық бағыт), «Патриот» «5-7 сыныптарды патриоттық тәрбиелеу, «Болашақ» (интеллектуалды-танымдық), «Білімпаз» (болашақ бірінші сыныптар). Профотряд пен клубтарда – 412 бала қамтылды. БШҚО жазғы жобасына белсене қатысқан – 500 баладан астам.

Аз қамтылған отбасынан «Жас дәурен» қаладан тыс лагерьде (2 адам) демалды.

Сынып жетекшілер ӘБ-нің жұмысы туралы бірнеше сөз. «Оқушының жеке басын дамту құралы ретінде сынып жетекшінің инновациялық қызметі» семинар-практикум ойдағыдай өтті.

Тәрбие жұмысы жүйесіндегі инновациялық технологиялар туралы тәрбие жұмысының меңгерушісі Б.М. Шәкенова айтты. Сынып жетекшілерге өз жұмыстарында келесі инновациялық тәрбиелік технологияларды қолдану ұсынылды:


  • ақпараттық – коммуникативтік (сайттар, идеялар жинақтамасын, бейнесюжеттер, ғаламтор, медиотека)

  • бейстандартты технологиялар (суырып салма, ғылым мен мәдениет күндері, Ашық есіктер күні, интеллектуалдық марафон («Умники и умницы», «21 ғасыр көшбасшысы» және т.б.)

  • ұйымдастырылған-қызметтік ойындар

  • зерттеу қызметінің технологиясы (альбомдар)

  • жобалар технологиясы

  • дидактикалық технологиялра

  • баланың физикалық және психологиялық денсаулығы үшін қажетті денсаулық сақтау және сауықтыру технологиялары және оны сақтау дағдысына үйрену (физкультминуттер, көзге арналған гимнастика, дұрыс тамақтану ережесі және т.б.)

  • жеке тұлғаға бағытталған технология

  • арт-технологии (арт-выставки ДПИ, оқушылар жұмысының дербес көрмесі).

Оқушылар тұлғасын тәрбиелеудегі инновациялық тәсіл туралы семинар барысында Садовая И.Н., Байғабылова Ж.Т. және Зыкова Ю.А. сияқты сынып жетекшілер тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп психологы Ю.В. Штукерт сынып жетекшілерге оқушылармен жұмыста психологиялық диагностиканың нәтижелерін ескеріп қолдануды ұсынды.

Оқушыларды патриоттық, адамгершілік-құқықтық тәрбиелеуде «Мәңгілік ел» ұлттық идеяны жүзеге асыру» педкеңесінің жұмысы жемісті болды. Бұл идеяны жүзеге асыруда мектеп жұмысының тәжірибесі толық көлемде тәрбие ісінің меңгерушісі Б.М. Шәкеновамен көрсетілді. Педкеңес шеңберінде мектепте балалардың рухани әлемін дамытуға, патриоттық сезімді, махабатты, Отанға, туған қалаға, отбасына және мектепке деген сыйластыққа бағытталған Ашық шаралар апталығы ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер И.Н.Садоваяның, Н.М.Бұрымбаеваның, Г.Б.Алиеваның, Э.Г. Семенькованың және И.Б. Санконың жұмыс тәжірибелеріне ұжымнан оң пікір айтылды.

Бірақ, оқушылардың «Мәңгілік Ел» маңызды мемлекеттік құжатты білуіне жүргізген сауалнама нәтижелері бізді үлкендерді қуантпады. Балалардың көбі мазмұнын да, патриоттық акттың атауын да естерінде сақтамапты. «Патриотизм сен үшін не?» деген сұраққа нақты атауларды атамай, жалпы сөздермен жауап берді. Сондықтан, педкеңестің шешімі келесідей:


  1. 13 сәуір күні бұл құжаттың негізгі мазмұнын оқып түсіндіру бойынша «Мәңгілік Ел» біртұтас сабағын өткізу.

2. Нақты әрекеттер жүйесі арқылы патриоттық, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу (жауапты 1-11 сын.)

3. 2017-2018 оқу жылының екінші жартыжылдығында педкеңес шешімін орындау нәтижелері бойынша мониторинг жүргізу.

Сонымен, өткен оқу жылының маңызды оқиғалары деп келесілерді атауға болады:

- мектеп оқушыларының қалалық спартакиадасында 1-ші, 3-ші орын;

- «Отбасылық альбом» қалалық сайыста гран-при;

- «Менің отбасымның тарихы» қалалық сайыста гран-при;

- ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «25 қадам» жобасында І дәрежелі диплом;

- «Мы заявляем о себе» көпбалалы отбасылар арасында қалалық конкурста

3-ші орын;

- «Балауса-2017» 3 лауреат (жауапты Котова Л.Н., Гришина В.И., Бауржан Л.Б. );

- Ауғанстаннан Кеңес әскерін шығаруының 28 жылдығына және ҚР Қарулы күштерінің қалыптасуының 25 жылдығына арналған әскери-патриоттық әндер фестивалінде лауреат;

- Әскери-спорттық ойындарға белсенді қатысқаны үшін қала әкімі

Н. Ашимбетовтың сертификаты.

- жемісті бірлестік үшін «Жас Отаннан», «Жасыл отряд» жастар қозғалысының, Ж.Аймауытов ат. қазақ музыкалы драм театрдың алғыс хаттары;

- «Екі жұлдыз» жобасының және пәндік апталықтардың сәтті аяқталуы;

- мектеп жанындағы лагерьдің 2 маусымға ашылуы және жазғы уақытта балаларды 100% демалыспен және бос уақытын қамту.

Қорытындыға келетін болсақ, оқушылар мен ата-аналардың ұсыныстарын ескере отырып, 2017-2018 оқу жылында келесі тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру қажет:


  • Нақты қызметтер жүйесі арқылы патриоттық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру

(жауапты 1-11 сынып жетекшілері);

- оқушының жеке дамуы ретінде жазғы демалысты ұйымдастыруда және сынып ұжымын тәрбиелеу қызметінде сынып жетекшілер инновациялық технологияларды пайдалану (жауапты 1-11 сынып жетекшілері);

- оқушыларды патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбиелеуде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру бойынша мектеп жұмысының тәжірибесін қалалық тамыздық педоқуда көрсету (тәрбие ісінің меңгерушісі Б.М.Шәкенова);

- рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мәнмәтінінде мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру бойынша бағдарламаны енгізуді жалғастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет