Мазмұны Кіріспе 1 Өндіріс құрылымы 1Өндіріс функциялары 2



бет1/9
Дата27.07.2022
өлшемі34,89 Kb.
#147802
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
онеркасип


Мазмұны

Кіріспе
1 Өндіріс құрылымы


1.1Өндіріс функциялары
1.2 Өндірісті ұйымдастыру түрі
2 Өндіріс басқару
2.1Өндіріс рентабельділігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады.
Кезкелген мемлекеттің өндіріс саласы экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады,қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейін, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мерзімдері мен масштабтарын анықтайды.  Өндірістің мазмұны еңбек қатынастарымен анықталатын негізгі үш элементтен тұрады:
- ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы;
- адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы;
- еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.
Материалдық өндірістің өнімі еңбек пен табиғат заттарының құралуынан тұратын материалдық игіліктерді дайындауға көмектеседі.
Жаңаша өндіріс ғылыми-техникалық революцияның негізінде дамиды және оның негізгі мазмұнына өндірісті автоматтандыру жатады.
Әрбір кәсіпорын өндірістік бөлімшелерден, яғни цехтардан, шаруашылыққа қызмет көрсететін бөлімшелерді ұйымдастырумен айналысатын мекемелер және басқару органдарынан құралады.
Өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары, кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір-бірімен байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері, цехтар, бөлімшелер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен жұмыс орындары (өндірістік үрдіске тікелей немесе жанама қатысушы) арасындағы байланыстар жиынтығы өндірістік құрылымды құрайды.
Ол еңбек өнімділігінің, өндіріс шығындарының деңгейін, материалдық өндірістің техника-экономикалық және географиялық жағдайы мәліметтері бойынша табиғат байлықтарын және техникалық тиімділігін анықтайды.
Өндірістік кәсіпорын – деп өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылықты қағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субъектілер тобын айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет