фотоөткiзгiштiк деп атайды. Осы фотоөткiзгiштiк
құбылысына негiзделген құралдарды
фотокедергiлер деп атайды. Қарапайым фотокедергiнi әдетте
изолятор пластиналарға жартылай өткiзгiштiң жұқа қабатын жағу арқылы жасайды. Мұндай
пластиналарға жарық түскен кезде фотоэффект салдарынан туындылаған электрондар мен
кемтiктердiң арқасында тiзбекте фотоөткiзгiштiк пайда болып, ол арқылы ток өте бастайды. Өтетiн
токтың шамасы кедергiден тәуелдi болғандықтан бұл құрал жарық ағынының өзгерiсiн тiкелей
электр сигналдарына айналдыруға мүмкiндiк бередi. Мұндай фотокедергiлер дыбысты кинода,
теледидарда, автоматтандыру мен телемеханикада кеңiнен қолданылады.
Фотокедергiлер адамдар тiкелей бақылай алмайтын жердегi өтiп жатқан өндiрiстiк үрдiстердiң
қалыпты өтуiн жiтi бақылай алады. Бұл үрдiстердiң қалыпты өтуi бұзылатын болса сәйкес
фотокедергiге түсетiн жарық ағыны өзгередi де бiз оны фототоктың қалыптан тыс өзгерiсi арқылы
сезiп, үрдiске сәйкес түзетулер жасаймыз.
Фотокедергiлер сонымен қатар әртүрлi халық тұтынатын заттарды өлшемдерi мен түрлерiне қарата
iрiктеуге мүмкiндiк бередi. Қарапайым фотокедергiлер метро стансаларына кiре берiсте
жолаушылардың жолақыны дұрыс төлеуiн қадағалайды.
Бақылау сұрақтары 1.Жылулық сәулелер деген не?
2. Сыртқы фотоэффект деген не?
3. Фотон деген не?
4. Кван энергиясы қалай анықталады?
Сабақ № 57 Тақырыбы: 4.2.4 Жарықтың салмағы қысымы. П.И. Лебедев тәжірибесі. Сабақ жоспары: 1.
Жарықтың салмағы қысымы
2.
П.И.Лебедев тәжірибесі
Максвеллдiң электромагниттiк теориясынан жарық толқындары қандай да бiр бетке жұтылып
немесе одан шағылған кезде оған қысым түсiретiндiгi шығады. Бұл теория беретiн ол қысымның
мәнi мынаған тең
p=(1+R)ω орт (1)
Мұндағы
R – толқынның өзi түскен беттен шағылысу коэффициентi, ал
ω орт – толқын
энергиясының орташа тығыздығы. Шағылысу коэффициентiнiң мәнi өзiне түскен жарықты
толығымен шағылыстыратын айна бетi үшiн 1 –ге, ал оны толығымен жұтатын шымқай қара бет
үшiн 0 –ге тең.
Бұл (6.4) өрнегi жоғарыда айтқанымыздай, жарықтың толқындық теориясының негiзiнде алынған.
Ал екiншi жағынан жарықты кванттық теория тұрғысынан қарастыру да тура осындай нәтижеге
алып келедi. Бұл теорияның көмегiмен жарықтың қысымын есептеу үшiн алдымен фотондардың
импульсiнiң ұғымын енгiзу қажет. Ол үшiн арнаулы салыстырмалылық теориядағы энергия мен
импульс арасындағы байланысты және фотонның тыныштық массасының нөлге тең екенiн
пайдаланамыз. Онда
(2)
Ендi қандай да бiр дененiң бетiнiң бiрлiк ауданына перпендикуляр бағытта бiрлiк уақытта
n фотон
түсiп тұрсын делiк. Оның бiраз бөлiгi жұтылып, қалғаны керi шағылсын. Онда бетке жұтылған әрбiр
фотон оған
p=hν/c -ға тең импульс бередi. Ал беттен шағылған фотондардың оған беретiн импульсi