22
Сондай-ақ, графит кристалы қабаттарын да бір бағытта оңай ажыратуға болады.
Қарындашпен
жазған кезде, графит қабаттары осылай үздіксіз ажыратылады да, оның жұқа қабаттары қағаз бетінде
қалып отырады. Көптеген кристалдар жылуды және электр тогын әр түрлі
1– сурет. Мұздың ішкі құрлысы.
бағыттарда түрліше өткізеді. Кристалдардың оптикалық қасиеттері де бағытқа тәуелді. Мысалы,
кварц кристалы оған түсетін сәуленің бағытына қарай жарықты түрліше сындырады.
Монокристалдар және поликристалдар.
Металдардың құрылымы кристалдык болыгі келеді.
Сондықтан да, қазіргі кезде еңбек құралдарын, түрлі машиналар мен механизмдерді жасау үшін
негізінен металдар пайдаланылады.
Егер едәуір
бір металл кесегін алсақ, онда оның кристалдык құрылымы не сыртқы пішінінен, не
оның физикалық қасиеттерінен бірден көзге түсіп, білінбейді. Әдеттегі күйде металдарда
анизотропия байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: