Валенттік байланыс бағытталған байланыс қасиетіне ие. Сондықтан атомдардың бір-бірінен аздап ығысуының өзі байланыс күшін бірден төмендетеді. Ығысу нәтижесінде басқа қасындағы атоммен байланысуынан бұрынғы байланыстың қирауы жылдам өтеді, сондықтан валентті типті кристалдарда (сурьма, висмут, мышьяк, селен, т.б.) пластикалық деформациялану қасиетіне ие болмайды. Оларда серпімді деформация өтуімен морт қирайды.
Металдық байланыс бағытталған қасиетке ие болмағандықтан, керісінше атомдардың тангенциалды ығысуынан байланыстың қирауы баяу өтеді, сондықтан атомдардың ығысуы өте үлкен (мың атом аралығына дейін ығысады) ара қашықтыққа тордың бір бөлігі екінші бөлігінен ығысады, сондықтан да мұндай типті кристалдар үлкен дәрежелі пластикалық деформацияға ие.