МазмұНЫ. Кіріспе. I — тарау. Эндемиялық бұғақ ауруына жалпы сипаттама


Қалқанша без ауруының қатерлі ісігі



бет3/3
Дата31.01.2018
өлшемі2,39 Mb.
#36391
1   2   3

Қалқанша без ауруының қатерлі ісігі.

BLASTOMA GLANDULA THYREAIDAE.

Қалқанша бездің рагы —барлық жаңа қатерлі ісіктердің 10% нен да болады. Ол негізінен түйінді бұғақ ауруынан аса сирек те болса диффузды бұтақтан дамиды. Радиоактивты йодпен ұзақ емдеу де рактың пайда болуына себепші болады. Әйелдер ерлерге қарағанда 4 есе жиірек ауырады.

ТНМ жүйесі бойынша халықаралық жіктеу бізде қолданылмайды дерлік. Сатылар бойынша жіктеу;

1 саты - қалқанша бездегі мойын пішінін өзгертпеген, жалқы ісік.

2а саты- мойын пішіні өзгерген, бірақ метастазсыз жалқы немесе бірнеше ісіктер.

26 саты — 2а сатысындағыдай ісік өзгерістер бар, бірақ мойынның закымдалған жағындағы лимфа түіндерінде метастаздар да болады.

3 саты — ісік қалқанша бездің қабығының шегінен тыс шығып, сыртындағы өзін қоршаған тканьдерге жабысы өсіп-өнеді немесе көршілес мүшелерді басып-жаншып, топтап өседі. Ығыстырылатын, жылжытылатын лимфа түйіндерінде метастаз болады.

4 саты — жылжытылмайтын, өзін қоршаған мүшелерді бұзып-жарып, солардың ішіне ене өсетін ісік. Лимфа түйіндерінде қозғатылмайтындай болып метастаздар сіресіп өседі. Мойын лимфа түйіндерінде, көкірек орталық қуысында және басқа мүшелерде контрлатералды метастаздар болады.

Қатерлі струманың жалпы симптологиясы мен клиникалық өтуі. Қатерлі струманың мынадай түрлерін ажыратқан орынды.

1. өзгермеген қалқанша безде дамитын алғашқы қатерлі струма;

2. бұрын болған бұғақтың (струманың) салдарынан пайда болған бездің қатерлі ісігі;

3. метастаз беруші аденома;

4. қосымша қалқанша бездердің қатерлі ісіктері.

Қалқанша бездің көптеген қатерлі ісіктері оның бір бөлігінде орналасады, оның көлемі едәуір (5см-ден көбірек), консистенциясы тығыз, ығыспалы емес. Көптеген науқастарда тыныс алудың, жұтынудың қиындығы, дыбыс аппаратының бұзылғандығы байқалады. Кейбір науқастарда біресе айқын, біресе көмескі көрінетін гипертиреоз болады.



II ТАРАУ. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭНДЕМИЯЛЫҚ БҰҒАҚ АУРУЫМЕН АУЫРҒАН АДАМДАР САНЫ.
2.1. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АУДАНДА ЙОД ЖЕТІСПЕУШЕ БАЙЛАНЫСТЫ ОРГАНИЗМДЕ ЙОД АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ.
Адамзат ағзасында йод қандай жолжармен түзіледі 90 пайыз йод тамақпен, 5 пайыз сумен және 5 пайыз ауамен беріледі екен. Бірақ бұл көрсеткіш ауа мен топырақта йод жеткілікті мөлшерде сақталған аймақтарға ғана қатысты. Өйткені, йод табиғатта біркелкі орналаспаған; бір жерлерде ол жеткілікті мөлшерде, тіпті өте көп жиналған. Теңіз жағасында болғанда йодтың аңқыған иісін сезуге болады. Ал құрлықта, судан алыстаған сайын йодтың мөлшері азая бераді. Бұл ауада да, суда да, топырақта да бірыңғай байқалатын құбылыс. Жер қыртысынан йод жауған қар, жаңбыр суымен, таудан еріп ағатын қар суымен шайылып кетіп отырады.

Сондықтан Қазақстанның Каспий теңізіне жақын батыс облыстарынан басқа көпшілік аймақтары йод жетіспеушілігінен болатын жемсау ауруының қауіпті нүктесі болып саналады. Жан-жақты зерттеулерге қарағанда, бұл аймақтардағы адамдар мен жануарлардың бойлары аласа, әлжуаз, жұқпалы дерттерді тез қабылдағыш, ауру-сырқауға төзімсіз.

Йодтың жетіспеушілігі, әсіресе жасөспірімдер мен балаларға қатты әсер етеді; меңіреулік, құлақ пен тіл байлануы, қолдың тартылуы, қылилық және ергежейлілік ауруларына ұшырайды. Сондай-ақ йод жетіспеушілігі екіқабат әйелдерде түсік тастау, өлі не жетілмеген ауру бала туу қаупін тудырады.

Жемсау, микседема, гипотиреоз ауруына ұшыраған адамның шашы түседі, әлсізденіп, жұмысқа ынтасы келмейді, денесінің қызуы қатты төмендейді, ойлау қабілеті нашарлайды.

Бұл неден болады. Адам ағзасындағы бездердің ролі туралы жалпы мәліметтерден басқа олардың (бездердің) зат алмасу процесіндегі орны туралы біле бермейміз. Өйткені, бездердің жұмысы тікелей йодқа байланысты. Сондықтан бұл микроэлементтің (йодтың) мөлшерден сәл ауытқуы денсаулыққа әсерін тигізеді. Ал бұған елде меңдей бастаған экологиялық ахуал, тұрмыстық - әлеуметтік қиыншылықтар, эпидемиялық жағдай қосылғанда йод жетіспеушілігінің қандай ауыртпашылықтар әкелетініне таңданбай-ақ қойыңыз.

Қазір іштен туа біткен (неонатальды) гипотиреоз ауруы көбейіп барады, мұндай науқастар Алматы қаласындағы ауруханаларда емделушілердің 7 пайызын құрайды. Жемсау ауруы Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл, Қатон-Қарағай аудандарында тұратын балалар арасында 12 — 35 пайыз, оқушылардың (Кентау қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы) арасында 26 пайыз, ал аталған аудандарда тұратын ересек адамдар арасында 50-60 пайызға жеткен.

Йод жетіспеушілігінен іште жатқан нәрестенің миы зақымданып, ақыл-есі кем балалар туылуы мүмкін. Сондықтан екіқабат әйелдердің денсаулығын мұқият бақылап, ағзадағы йод мөлшерін бір қалыпта ұстау қажет. Ағзадағы йодтың жетіспеушілігін қалыпқа келтіруге болады және қалыпта болуы тиіс. Бұл туралы 1923 жылдың өзінде-ақ, алғашқы болып тұзды йодтаудың әдісін ұсынған Дэвид Мэрин былай деген еді; Ауырмаудың жолдарын алдын-ала ойлап, ескерсек, жемсауды жай ғана сырқат деуге болады... Жемсауды тіпті адам баласы ауыратын тізімінен шығарып тастауға көп күш керек емес.

Ағзадағы йод жетіспеушілігін қалыпқа келтірудің ең жеңіл әдісі — тамаққа йод қосу. Әлемнің бірқатар елдерінде, кейінгі 60 жыл шамасында ішетін тамақты, оның ішінде тұзды, нанды, майды, сүтті, ауыз суды, қантты, кәмпитті, шәйді йод қосып дайындау жолға қойылған. Ең оңайы және қолайлысы ас тұзын йодтау болып табылады. Өйткені кез-келген адам ас тұзын мөлшермен бір көлемде пайдаланады деп есептелінеді.

Ересек адам тәулік бойына орта есеппен 100-300 микрограмм йод пайдаланады. Адам ағзасына йод тұз және ас-су құрамымен енеді. Сондықтан йодталған ас тұзын дұрыс пайдаланудың маңызы ерекше. Ал тұз құрамындағы йодтың дұрыс сақталуы үшін ас тұзын қандай жерде ұстау керек. Соны білу шарт йодталған ас тұзын күннен, жылу көздерінен алыс, жабық ыдыста қараңғы, салқын жерде ұстаған жөн.

Ағзада йодты қажетті мөлшерде сақтаудың тағы бір жолы теңіз балықтары және өсімдіктерімен тамақтану. Олар нәлім (треска), камбала, майшабақ, теңіз капустасы, шаян, су шаяны, криветка, т.с.с.

Құрамында йод түзетін тағамдар; қарақұмық, ет және сүт тағамдары, жұмыртқа, жеміс және көкөніс. Бірақ, аталмыш азықтық өнімдер дұрыс сақталмаған жағдайда құрамынан 33-65 пайыз йодты жоғалтады. Сондықтан, йод түзетін тағамдарды сақтау мен дайындаудың шарттарын жақсы білу керек. Мысалы, қуырып, көп қайнатып пісірген тамақта йод мөлшері азаяды. Тіпті дұрыс дайындалған астың құрамындағы йодтың сіңімділігінің өзі түрлі жағдайларға байланысты. Әсіресе, тамақ құрамында белок компоненті, май, көмірқышқылы, дәрумендер және минералдық заттардың болуы маңызды.

В.В. Ковальскийдің (1970) дәлелдеуінше топырақтағы йод пен өсімдік денесіндегі элемент деңгейі тығыз байланысты. Топырақ құрылымы ұсақ болса, ондағы йод өте жақсы байланыста болады.



Жалпы организмге керекті йодтың реттік таңбасы 126,9 қоңырқай қара түсті жылтырлау металдық өңді зат, өзіндік иісі бар, суда өте нашар (1;5000), ал спиртте жақсы ериді. Мөлшерден жоғары шамада қолданғанда йодтан дене уланып та қалады, ас қорыту органдарының сірі қабықтары қатты қабынып, гастоэнтериттіңауыр түріне шалдығады. Денеге мөлшерден тыс сіңген йод жүрек жұмысын нашарлатып, бүйректі қабындырып, дененің басқа мүшелеріне де ауыр зардап тигізеді. Оның ауадағы шектеулі мөлшері 1 мг/м3. Сонымен қатар йодтың радиоактивтік жасанды 125,131 және 132 изотоптары бар, олар 60,2, 8,05 тәулік және 2,26 сағат ішінде жартылай бұзылады (реті бойынша). Бұл изотоптарды тамақ асты бездерінің ауруын емдеу үшін қолданады (без фолликулаларын бұзу үшін), себебі олар бетта және гамма радиоактивті сәулелер бөледі. Денеде тамақ асты бездері b-тироксин (b-тетрайодтиронин) және үш йодты тиронин гормондарын түзеді. Міне, тамақпен түскен йод осы гормондарды синтездеуге тікелей қатынасады. Йодтар қан арқылы (айналымдағы) тамақ асты бездеріне сіңіріледі де, тотығып, йод түзеді, соңғысы тирозин амин қышқылымен байланысып, моно және дийодтирозин қосылысын түзіп, тироидты гормондар синтездейтін зат болып табылады, Осы айтылған қосылыстардан синтезделетін заттар - тироксин және үш йодты тиронин тамақ асты бездерінің фолликулаларында жиналып, белокпен қосылып тиреоглобулин түзеді. Тамақ асты бездерінің жалпы қасиеті және қызметі — организмдегі зат алмасуын қоздытып, жандандыру. Негізгі зат алмасуы жақсарып, дененің оттегін сіңіруі жоғарылап, қызуы дұрысталады, сонымен қатар денедегі холестериннің мөлшері төмендейді. (сурет 6).

Ковальскийдің зерттеулеріне қарағанда топырақтағы, өсімдіктегі және жануарлар мен адам денесіндегі йод денгейінде тікелей байланыс бар.

Топырақтағы йод элементінің денгейі 1,8-8,5 мг-кг болса, көп жылдық шөпте 12 - микроэлементінің денгейі жоңышқа мен сарыбас жоңышқаға қарағанда көп болды. Ғылыми деректерге сүйенсек өсімдіктерде йод көп, мал рациондарында да бірталай, бидай мен астық тұқымдастардың құрамындағы ( 1кг. құрғақ затқа шаққанда) йод мөлшері 00,4-0,5 мг. Ал кебекте 0,1-0,5 мг. Шамасында, балық ұнында 1-14, мал еті мен сүйегінен жасалған ұндағы мөлшері 1,0 мг. Ескеретін бір жағдай тұрақтандырғыш қосқанның өзіндей йод заттың сақталу мерзімі ұзарған сайын жоғала бастайды. Біздің примекстерді тексеріп жүргізген тәжірибелерімізде дәлелдегендей (2-диограмма А), оның құрамындағы йод екі жарым айдан соң бұзылып, белсенділігін жоғалта бастады, ал алты ай сақтағанда примекстің құрамында йод қалмады (А.Свамбаев, 1979-2002). Сондай-ақ йодталған ас тұзын сақтау кезінде де йод микроэлементі тұздың құрамынан белгілі бір уақытта өзінің күшін жойып, жоғалады (2-диограмма Б), тіпті малға арналған жалатпа тұз құрамындағы йод та осындай күйге ұшырайды. Мұны йодтың сыртқы ортадағы температура әсерімен возгонкалық күйге ұшырауынан деп есептейміз. Сыртқы орта температурасы төмен болған жағдайда примекстер құрамындағы йод мырыш, мыс темір т.б. химиялық элементтердің тұздарымен иодаттар түзетіндіктен, ол қосылыстар денеге сіңбей, организімнің йодқа деген мұқтаждығын арттырады. Сонымен қатар йодты денеге сіңдірмейтін гойторогенді заттар бар. Олар — мышьяк, оның тұздары, теллур тұздары, цианидтер т.б., көптеген химиялық, биологиялық және дәрілік заттар болып табылады. Рационда осы гойторогенді заттардың болуына байланысты адам немесе мал организімінде йодқа деген мұқтаждық артып, тіпті қоспа түрінде қосылған йод болмаса оның тұздары денеге сіңірілмейді. Жұмыртқалайтын тауықтар мен бөденелерге жүргізген тәжірибелерімізде байқалған, жемге селен қосқанда йодтың денеге сіңірілуі азаяды. Бұған айтылған микроэлементтінің тәжірибе тобындағы тауықтар мен бөденелердің бүйректеріне 35 пайызға дейін төмен болуы дәлел. Бүгінде йодты анықтау тәсілдері ір түрлі. Соның ішінде көпке танымалысы персульфаттық тәсіл. Бірақ оның да өзіндік кемшіліктері бар. Соны ескере отырып біз өз лабораториямызда йодты биологиялық нысандарда анықтау тәсілін ойлап таптық. Бұл тәсіл бұрынғы бүкілодақтық мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу институтында ведомствоаралық тексеруден өткен және Қазақстан Республикасындағы ғылыми- зерттеу, бақылау зертқанасында жетілдіріліп қолданылуда. Қарапайымдылығы себепті бұл тәсіл биологиялық нысандардағы йодты дәл анықтауға мүмкіндік береді. Ол биологиялық нысандарға йод мөлшерін 96,2-97,5 пайызға дейін анықтайды, сонымен қатар басқаларға қарағанда тез, дәл және арзан.

1. Йод микроэлементі организм үшін өте маңызды галогендік химиялық элементтердің бірі, оның тапшылығына гойторегендік факторлар себеп болады.

2. Йодты жем мен тамаққа қосып қолданғанда міндетті түрде оның сол өнімдердегі жалпы деңгейін және радиоактивтік түрлерін анықтап алу керек.

3. Организмдегі йод мүқтаждығын толтыру үшін өнімдердегі элемент мөлшерін ай сайын бақылап отырған жөн.

Денің сау болып, түрлі сырқат мазаламас үшін адам ағзасындағы йодтың да елеулі орны бар екен. Ендеше, жоғарыда айтылған йод жетіспеушілігінен болатын ауру түрлерінен аулақ болу үшін йодтың ағзадағы мөлшерінің қалыптылығын бақылау, йодтың азықтық өнімдерде сақталу жолдарын үнемі есте ұстау қажет екендігі өзінен өзі түсінікті.
2.2 ЭНДАМИЯЛЫҚ БҰҒАҚ АУРУЫН АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ.

Аурудың негізгі белгісі қалқанша бездің әр сатылы ұлғаюы. Алқымның алдыңғы бетінде орналасқан бұғақты басқа ісіктерден ажыратуға болатын белгі - ол ауру адамды жұтындырғызғанда бұғақ жоғары қарай жылжытылады. Бұғақтың барын анықтауда маңызды көмек беретін тексеру тәсілі ол қалқанша безді пальпациялап (сипап) қарау. Қалқанша безді тексергенде ауруды тік тұрғызып немесе отырғызып қарағанда оның иегін аздап төмендеу түсірткізген дұрыс болады. Сонда ғана қалқанша безді сипалап қарап шығуға мүмкіндік туады. Бұғақтың консистенциясы әртүрлі болады; диффузды паренхиматозды бұғақта жұмсақ келеді, коллоидты бұғақта-тығыздау. Түйінді пальпацмямен анықтау жеңіл, оңайырақ келеді. Қалқанша бездің жылжымалылығының шамалануы қабыну процестерінде немесе қатерлі ісікке айналғанында байқалады.

Тіпті ірі мөлшерлердегі эутиреоидты эндемиялық бұғақтар әдетте жағымсыз сезімдер бермейді. Қалқанша бездің жеке учаскілері біркелкі ұлғаймағанда мойынның формасы едәуір бұзылуы мүмкін. Ондайда алқымдағы (мойындағы) қантамырлардың, нервілердің және кеңірдектің басылып қысылғандағы белгілері кейде байқалады. Ондайда аурулардың тыныс алуы тарылады, дауысы өзгереді немесе қарлығады, дисфагия құбылыстары пайда болады. Аурулар осындай асқынулардың дамығанын егжей-тегжейлі сұрағанда шағым ретінде айтып береді. Бұғақ төстің ішкі бетінде орналасқанда тыныс жолдарының, жоғары қуыс венаның, өңештің қысылу белгілері білінеді.

Диагностикасы. Бұғақтың диагнозын анықтауда қалқанша безді сканирлеудің маңызы аса зор. Бұл әдіс бездің мөлшерлерін, оның орналасуын, бездің ұлғайған, өскен, түйіндеген жерлерін анықтауға көмектеседі. Онымен қатар бұл әдіс кеуде қуысының ішінде орналасқан бұғақты және орталық көкірек қуысындағы ісіктерді ажыратуға көмегін тигізеді. Эутиреоидты бұғақта организмде негізгі зат алмасудың көрсеткіштері қалыпты цифрлардың мөлшерінде болады.

Емдеу. Эутериоидты диффузды бұғақ ауруын антиструминмен, йодтың микродозасымен, гипертиреозды формасын дийодтирозинмен, мерказолилмен, гипотиреозды түрін тиреоидинмен емдейді. Диффузды бұғақтар прогрессивті өскенде, түйінді және аралас бұғақтарға хирургиялық операциялар қолданылады.

Сақтандыру шаралары. Йодталған тұз (1 тонна тұзға 25 грамм йод), бұғақ ауруы дамып келе жатыр деген күдікті адамдарға жетісіне 1 рет 1 таблетка антиструмин беріледі.



Кездейсоқ (спорадикалық) бұғақ аурулары клиникалық тұрғысынан эндемиялық бұғақ ауруларынан ешбір айырмашылығы жоқ, бірақ олардың пайда болуы эндемиялық ошақтарсыз болады. Әйелдер мен еркектердің бұл аурудағы қатысы 2;1-ге тең. Емделуі қиынырақ.
2001-2003 ж.ж. аралығындағы әндемиялық зоб ауруымен ауырған балалардың статистикасы

2001-2002 ж.ж. аралығындағы әндемиялық зоб ауруымен ауырған жасөспірімдердің статистикасы



2001-2003 ж.ж. аралығындағы әндемиялық зоб ауруымен ауырған ересек адамдардың статистикасы



2001-2003 ж.ж. аралығындағы әндемиялық зоб ауруымен ауырған жалпы адамдардың статистикасы





Қорытынды
А.П.Виноградовтың 1982 ж. еңбектеріне қарағанда адамның организміне керекті йодтың балансы өсімдіктер, дәндер арқылы жердің топырағынан келеді екен. А.П.Виноградов пен Е.В.Менжинскаяның зерттеулеріне қарағанда эндемиялық бұғақ аурулары бар аудандар табиғатта йодтың жетіспеуі және күнделік организмге керекті норманың минимумынан (0,00004г.) төменгі деңгейде йодты пайдалану қалқанша бездің бірте-бірте өсіп-өніп ұлғаюына апарады. Бұл ұлғаю қалқанша без тканьдерінің йодтың жетіспеуіне бейімделуі болып саналады. Міне осы себептен қалқанша безінің эндемиялық бұғақ ауруы пайда болады. А.П.Виноградов пен оның әріптестерінің деректері бойынша бұғақ эндемиялары жер қыртысының белгілі бір зонадағы топырақтарымен әсіресе күлгін топырақ (йодзолистая почва) және соғыс ұқсас топырақтарымен байланысты. Бұл мәселені Қазақстанның белгілі бұғақ эндемиясы бар аудандарда медицина ғылымының докторы Б.А.Айдарханов зерттеп шыққан.

Қорыта айтқанда эндемиялық бұғақ ауруларының негізгі этиологиялық факторы болып белгілі бір географиялық ауданда йод жетіспеуі және сонымен байланысты организмде йод алмасуының бұзылуы болып саналады. Мұнымен қатар барлық эндемиялық ошақтарда, бұғақтың қай түрінде болмасын тұрмыстағы санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауы да негізгі себепкердің бірі болуы күмәнсіз. Ауасы жеткілікті тазартылып отырылмайтын, суық, ылғалды баспаналар, таза ауаның жетіспеуі, кірленген, былғанған ішетін сумен қамтамасыз етілетін жерлер, сапасы нашар тағамдар - міне осылардың бәрі адамның жалпы организміне зиянды әсерін тигізеді. Солардың байқалатын.

Қазақстан жерінде эндемиялық бұғақ аурулары 1939 жылдан- зардабынан адамның организмі йодтың жетіспеуіне, инфекцияларға, бұғақ ауруларының басқа да этнологиялық факторларына өте сезгіш-қабылдағыш болып кетеді.

Бұрынғы Кеңес Одағында бұғақтың эндемиялық ошақтары Ладога көлінің аймағы, Еділ өзенінің бас жағында, Алтайда, Оралда, Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанның таулы жерлерінде, Шығыс Сібірдің көптеген жерінде 1972 жылға дейін бірталай экспедициялар арқылы зерттеді. Солардың арқасында эндемиялық бұғақ ауруларының ошақтары Алматы облысының Жамбыл ауданында (1939-1940 ж.ж.), Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Бостандық (1950 ж.), Түлкібас (1952 ж.), Жаңақорған (1949 ж.), Семей және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында, Ертіс өзенінің жағалауларында, Семей атом полигонының маңайында (1958-1970 ж.ж.) анықталды. Бұл эндемиялық ошақтарда күрделі профилактикалық және емдеу жұмыстарын жүргізу қажет. 1952 жылы Алматыда Эндемиялық бұғақ ауруларымен күресетін Республикалық диспансер жұмыс істейді. Эндемиялық бұғақ ауруларымен күресуге 1949 жылдан бастап қазақ Ғылым Академиясының хирургия институтында ғылыми проблема жоспарланған. Ол проблеманың жетекшісі академик А.Н.Сызганов болатын. Сол жылдар Қазақстандағы эндемиялық бұғақ аурулары жөнінен ондаған ғылыми еңбектер шықты. Қазақстан көлемінде жүргізілген шаралардың арқасында және Ұлы Отан соғысынан кейінгі бірте-бірте жақсарған халық тұрмысының нәтижелерінде республика бойынша эндемиялық бұғақ ошақтары біртіндеп жойылған, бірақ қазіргі уақытта осы аурумен ауырған адам саны өсіп келе жатыр.

Эндемиялық бұғақтар ошақтарында халықтың 18 пайызға дейінгісі аурады. Оның ішінде 20 мен 40 жас аралықтарындағылар көбінесе аурады. Әйелдар еркектерге қарағанда бұғақ ауруымен 10 есе жиі аурады. Сонымен бұғақ эндемиясының этнологиялық негізгі себебіне белгілі бір географиялық зонада йодтың жетіспеуі болып табылады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
1.Қ.С.Рымжанов, И.М.Төленбек «Адам мен жануарлар физиологиясы».

2. М.Құланбаев «Факультеттік хирургия»,

3. Ж.Н.Нұрғалиев, С.Т.Төлеуханов «Эндокриндік жүйелер физиологиясы». Алматы 2000 ж.

4.А.А.Трушина «Что такое эндемический зоб». А.-А. Қазакстан 1978 г.

5. «Физиология и патология щитовидной железы». Ташкент, 1966

6. Шурыгин, Д.Яковлевич и С.Е.Попов. «Пособие по клинической эндокринологий». Медицина, Ленинград-1968 г.

7.Л.Н.Аносова «Краткая эндокринология».

8.Н.Ю.Бомаш «Морфологическая диогностика заболеваний щитовидной железы». Медицина 1981 г.

9. Заграфски, Страшимир. «Эндокринная хирургия». Медицина и физкультура 1977 г.

10. Б.А.Атчабаров «Очерки профессиональной эндокринологий», Алматы-Ғылым 1991 г.

11. В. В. Потемкин «Эндокринология».

12. Б.В.Алешина «Руководство по эндокринологий». Медицина 1973 г.

13. Л.С.Славина «Заболевания эндокринных желез». Медицина 1984 г.

14. Н.Т.Старкова «Клиническая эндокринология».

15. П.И.Федорова, Э.Г.Бабаджанова «Вегетативно-сосудистая при токсическом зобе». Ташкент, Медицина 1975 г.

16. Б.В.Петровский, В.С.Семенов. «Клиника и хирургическое лечение тиреотоксического зоба». Медгиз 1961 г.

17. А.А.Атабек «Радиоактивный йод в терапий тиреотоксикозов» Медгиз 1959 г.

18. «Жаршы», журналы 2003 ж.

19. «Жаршы», журналы 1996 ж.

20. «Денсаулық» журналы 1996 ж.



21. «Денсаулық» журналы 1999 ж.

22. «Денсаулық» журналы 1997 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет