Мазмұны кіріспе І бөлім



бет1/5
Дата27.12.2016
өлшемі0,82 Mb.
#6319
түріСабақ
  1   2   3   4   5

МАЗМҰНЫ




Кіріспе

І Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту барысындағы өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің теориялық мәселелері

    1. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері

    2. Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру мәселесінің мәні мен қазіргі теориылық және әдістемелік жағдайы.

ІІ Бөлім. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары.

    1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің дәстүрлі әдіс амалдары.

    2. Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету әдістерін жетілдірудің жаңа жолдары мен тиімділігін арттыру өлшемдері.

    3. Сабақ жоспарларының үлгілері


Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе


Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті.

Бланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларждың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керке. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.

“Қазақстан-2030” Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктілерін қалыптасыру.

Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс: Әрбір оқушыға жеке қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар, оқушыны дамытуды мектеп алдындағы бір міндет болып саналады.

ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі ой-пікірлерден педагогикалық көзқарастары білім беруде оқушының шығармашылық қабілетін өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің мәселелері болғанын өмір дәлелдеп отыр.

Енді осчы мәселені дамыту үшін мектептің алдында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Мектептің педагогикалық үрдісіндегі негізгі мәселе – білім беру, өздігінен білімін жетілдіру, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үйрету жолдары болып табылады.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бьетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдары болып табылады. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды, ғылыми заңдылықтарды түсіну, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білімс алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.

Бұл мәселенің маңыздылығы мен қасиеттілігін П.Я.Гальперин, И.Я.Лернер, В.П.Палакмерчук, М.Жұмабаев, Т.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев т.б. ерекше мән береді.

Қ.Жарықбаев психология ғылымдарының докторы қазіргі таңдағы оқу процесіндегі білім алу мен өз бетінше жұмыс жасау білік, дағды, икемдеріне баса қатты назар аударған.

Оқыту теориясының негіздерін дамытуда дидактиканың негізін салушы Т.Сбыровтың еңбегін бағалап кетуге болады.

Оқушылардың санасында жеткілікті деңгейде білім қоры болмаса, онда оның өздігінен жұмыс істеуіне, өз бетімен жұмыс жасау біліктілігін қалыптасуы мүмскін емес. Сондықтан, бұл тақырыптың негізгіә өзектілігі жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтайды.



Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің үшінші сыныбында ана тілі сабақтарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасмау біліктіліктерін қалыптастыру жолдарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын дамытудағы оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері, педагогкикалық , психологиялық әдебеиттерге шолу жасау, оның мазмұнын аулу;

  2. Оқушының өмірге, қоғамға ғылыми көзқарасын қалыптастыру негізі оның өз бетінше жұмыс жасау жайлы түсінікті тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын анықтау;

Зерттеудің объектісі; Ана тілі сабақтарында 3 сынып оқушыларының өз бетінше жұмыс жасауға қызығуы.

Зерттеу пәні: 3сынып Ана тілі пәні.

Зерттеу әдістері. Ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық тәжірибелер, анкета, тест,бақылау, баспасөз материалдары.

Димпломдық жұмыс: Кіріспеден:

Екі бөлімнен;

Қорытындыдан;

Әдебиеттер тізімінен;

Қосымшадан тұрады.


  1. Бөлім. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды, оқыту барысындағы өз бетімен жұмыс жасауға үйрету теориялық мәселелері.

    1. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық -психологиялық негіздері.

Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың өз бетінше жұмыс істеу қасиеттерін қалыптастыру, оқу танымдық қызығушылығын арттыру, оқу тәрбие ісіндегі жетістіктердің қыры мен ысырын білу міндеттерін айқындау, соның ішінде бастауыш мектептердегі білім мен тәрбие беру тәжірибесіне сүйену ерекше көкейкесті мәселе. Қоғамджық дамудың қазыргі кезеңдегі жаңаша ой-пікірлер мен педагогикалық көзқарастараның қалыптасу белесінде әлеуметтік педагогика ғылымдарының ауқымыдылығы кеңейіп оларды зерттеу жан-жақты толыға түсуде. ҚР «Білім туралы” заңы қабылдаанып, оның негізінде “Білім” мемлекеттік бағдарламасы жалпы білім беретін мкетептің бастауыш сатыдағы білім мазмұнының тұжырымдамасы қабылданды. Осыған орай еліміздің қайта өркендеуі, әлемдік желілерге көтерілуі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық көзқарасытарын қалыптастыру, оны педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дұрыс басқару қазіргі кездегі объективті қажеттілік. Қызығушылығын дамыту– білім алудың негізі болып отыр. Сондықитан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістері, логикалық ойлау операциялары және жаңаша әдіс-тәсілдермен таныстырудың жолдарын анықтауды қажет етеді.

Жалпы орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш білім беруден қаланатыны белгілі. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс біліктерін қалыфптастыруда бастауыш білімінің маңызы зор. Бастауыш білім беру арқылы оқушыларды жалпы орта білім берудің мақсаты көзделеді.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу процесін демократияландыру, ізгілендіру принциптері оқушының белсенділігін дамыту, оқу тәрбие ісмін кешенді түрде қарап, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие бірлігін ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыпқа негіздей отырып, білім берумен қатар, өз бетіндік жұмысты барлық пәндер арқылы да біліктерін қалыптастыроуға болады. Білім беру– қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Жалпы білім беру негәізінен, үш мақсатты көздейді. Біріншісі–табиғат, қоғам, техника, өнер, туралы ғылыми білім негіздерін меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа дүниетанымдық идеялар мен сенімдер практикалық біліктер мен дағдылар және өз бетінше ойлау әрекеттері жатады.

Екінші– оқушыларды сабақтан иыс күндері практикалық іс-әрекетке, өз бетімен қоғамдық пайдалы еңбек етуге даярлау. Үшінші мақсаты– оқу пәндерін оқытуда өзіндлік жұмыстың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануды керек етеді.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысын дамыту және жетілдіруде мынадай шарттар бар:


  1. Оқушылардың білім қорының болуы және оларды қолдана білуі;

  2. Оқушылардың көрген-білгендеріне байланысты ынта-ықыласы мен діндік мағынасының болуы;

  3. Оқушылар өз көзқарастары мен сенімдерін практикалық іс-әрекеттер арқылы жүзеге асыруға дайын болуы.

Көптеген ғалым педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәрбиесіне сүйенсек, оқу-тәрбиесі үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рольді ең алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.

Себебі ,сабаққанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі сапалы орындалуы мүмкін емес. Сол себеиті де біз өз кезегімізде оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын өз бетімен жұмыс, оның түрлері бара дамуындағы мәселелер төңірегінде сөз етпекшіміз. Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел оқушыны дамытуға бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны соның негізінде жазылған жаңа оқулытар. Себебі, бұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуынждағы ролін жете көрген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялылыраның бірі ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов.

Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның “Бастауыш мектеп, “Қазақша оқу жайынан”, “Мектеп керектері” атты мақалаларында ашылған. Соның ішінде біздіңше ерекше көңіл аударарлық мәселе–бұл автордың “Қазақша оқу жайынан” автты еңбегінде айтқан пікірі.

Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі–балаға орындлалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру. Бұдан біз Ахмет Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары ресей ғалымдары В.Давыдов пен Л.Занковтың дамыта оқыту теориясын негізі болған,-өз ббетіндік танымдық әрекеттің ролін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағағндығын байқаймыз.

Бұл тағы да оның өз заманының озық тәжірибелі педагогы, ғалымы екндігімен қатар, оның баланы дамыту мәселесін көтере отырып басты нысанасы болып табылатын өз бетіндік жұмыстың ролін көре білгендігін көре аламыз.

Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыру оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы,сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай өз бетімен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда. Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзбетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.

Бастауыш мектепте өзбетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестеу, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор.

ӨЗ бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:



  1. Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөз жұмбақ, анаграмма) өз бетімен жұмыс түрлері;

  2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері ( кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.)

  3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).

Мұнда басты назар аударатын мәселе- бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түұрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздңше , тіл байлығымол, сауапты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр-түрлі танымдық есптерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларды тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену (игеру), бекіту, қайталап-пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.

Оқушылардың өз бетінше жұмыстың педагогикалық тиімділігі- мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасы мен тікелей байланысты. Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса,оқушылардың алдында қойылған мақсат да айқын болса, онда орындалған өзіндік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады.

Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі-оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімнің негізгі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше, осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты ережені түсініп, тұжырымдау есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша здігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс-әрекетіне бақылау жасай білу, т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру-оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшклігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындау. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін,мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылау, білу қабілетін, ойлауын есепті шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн.

оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың оқу әректі-күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әректін, рухани күштерін керек етеді.

Баланың ақыл ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.

Бааланың ақыл-ой әректі, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. Оқушының өздігінен оқуы тиісті болуы үшінақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл ой-еңбегін белгілі бір жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Ең алдымен баланың өз жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай біліуге, уақытты дұрыс пайдалануға. Өз әрекетін қадағалауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет