мен оңалту жүйесін дамытуды және мүгедектер үшін білім алу, физикалық және мәдени
ортаның, тұрғын үй жағдайларының, көлік пен демалыс жағдайларының қол жетерлік
болуын негізгі бағыттар ретінде айқындайды.
Мүгедектіктің алдын алу
Мүгедектіктің алдын алу жүйесін жетілдіру мақсатында физикалық, ақыл-ой,
психикалық және сенсорлық кемістіктердің туындауын болдырмауға (бірінші деңгейдегі
алдын алу) және кемістіктің тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектікке
ұласуының алдын алуға бағытталған (екінші деңгейдегі алдын алу) шаралар кешені
көзделетін болады.
Олар:
1) әйелдер конультациялары мен босандыратын мекемелерде әйелдерге, жас
балаларға скринингтік тестілеуді уақытында жүргізуді және оның сапасын арттыруды
қамтитын болады, бұл патологияны оның бастапқы даму кезеңінде анықтауға мүмкіндік
береді;
2) Өскемен қаласындағы облыстық балалар емханасының базасында тірек-қозғалыс
аппараты бұзылған балаларды оңалту жөніндегі кабинеттерді құруды;
3) Өскемен қаласының «Амбулаторлық орталық» мекемесіндегі ауруларды барлық
кәсіптер бойынша: кардиология, травматология, неврология оңалтуды;
4) Өскемен қаласының және Семей қаласының облыстық онкологиялық
диспансерлерінің базасында 20 төсек орынды хоспис паллиативтік емдеу бөлімін ашуды;
5) жұмыс орындарында аттестаттауды жүргізуді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау ережесін сақтауды қамтамасыз етуді;
6) жүйке жүйесі, тірек-қозғалыс аппараты ауруларын ерте анықтау және өмірге
келгеніне бірінші жыл болған балаларға абилитациялық іс-шараларды дұрыс өткізу бойынша
облыс аудандарының учаскелік педиаторлары, учаскелік медбикелері үшін оқыту
семинарларды ұйымдастыру мен өткізуді;
7) мүгедектігі бар адамдардың дереккорын құруды қамтитын болады.
Достарыңызбен бөлісу: