Мазмұны кіріспе І. ОҚу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері



бет10/37
Дата13.01.2022
өлшемі155,83 Kb.
#111486
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
stud.kz-88862 (1)

Биология: Бұл оқулықта экология негіздері бойынша төмендегідей тақырыптарға тоқталған: Тірі ағзаларды қоршаған орта факторлары, табиғи бірлестіктерінің, экожүйелердің және популяцияның экологиясы, биосфера және адам, табиғатты қорғау және үнемі пайдалану.

География: Географиялық қабықтар - өмір сүретін орта және адамның ондағы қызметі. Адам әрекеті арқылы нәтижесінде табиғи ортаның өзгеруін бағалау. Сонымен бірге өндіруші күшпен өндірістік қатынастың даму денгейі. Енді осылардың ішінде ең негізгісі экологиялық мәселерге де ерекше көңіл аударылады. Мысалы дүние жүзіндегі экологиялық проблемалардың болу себептері және шешу салдары қарастырылады.

Химия пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізу барысында экологиялық білімінің мынандай элементтерін оқушылар химия сабағында игеруге тиіс екендігі анықталды.



Химия: Қоршаған табиғи ортаның химиялық өлшемдерінің нормасы, адам санының күн сайын өсе түсуі салдарынан шаруашылықтын қажеттіліктері артуының нәтижесінде өнеркәсіптен шығатын химиялық қалдықтардың қоршаған ортаға тигізер зардабын бақылау т.б.

Физика пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізу барысында экологиялық білімнің төмендегідей элементтерін игеруге тиіс екендігі анықталды.



Физика: Адамды қоршаған ортаның физикалық параметрлері. Олардың физикалық антропогенді әсерлердің нәтижесінде өзгеруіне бақылау: шудың болу себептері және денсаулыққа әсері, электромагниттік сәуленену, шаңмен ластану және т.б.

Енді қазіргі уақытта жаңадан жасалынып жатқан оқу жоспары мен бағдарламаларыға төмендегідей ескертпелер айтылып жүр:



  1. Пән бағдарламаларында экологиялық түсініктемелер анық берілмеген.

Оқулықтарда мәліметтер жеке фактілер жинағы ретінде ғана сипатталып отыр. Бұл оқушыларға тиімсіз болып табылады.

2.Егер оқулықта жаңа ұғымдар мол болып, оның есесіне, кейбір мұғалімдердің жауапсыздығы әсер етеді.

3.Бүгінгі күні теледидар, радиолардан беріліп жүрген түрлі ғылыми жаңалықтар мектеп бағдарламаларына қосылмаған. Оның үстіне біздің негізгі міндетіміз оқушылардың табиғатты қорғауға деген психологиясын қалыптастыру болып отыр.

4.Ақпараттық технологиялар (видео - аудио материалдар,электрондық оқулықтар) енбеген.

Мектептегі әрбір пәннің өзіндік ерекшелігі болатындығы тәрізді биология, химия, физика, география сияқты пәндердің өзіндік байланысы арқылы оқушыларға экологиялық білім беруге және сол бағытта тәрбие берудегі маңызы бар. Мәселен пәнаралық байланыс арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жүрген география сабақтарына тоқталайық. 9-шы сыныпқа арналған география сабақтарындағы «Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы», «Табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарын бағалау» тақырыбына тоқталатын болсақ, мұнда Қазақстанның жер көлеміне, географиялық орнына, табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарына тоқтала келіп, Қазақстанның табиғи ортасын қорғауға ерекше көңіл бөледі. Енді бұл тақырыпты басқа пәндермен салыстыра қарайтын болсақ, мысалы биологиядағы кейбір табиғи ортада өмір сүретін жануарлар мен өсімдіктерге антропогендік әрекеттің тигізер әсеріне байланысты тақырыптарды байланыстыра отырып, түрлі көрнекіліктерді пайдалансақ, тақырыптың мазмұны ашыла түсері сөзсіз. Біздің міндетіміз мектеп оқушыларының бойында экономикалық білім мен біліктілерін қалыптастыру болғандықтан қоғам мен адам ортасындағы байланысты ашып көрсете білуіміз қажет. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жоғары оқу орындарының бағдарламасына халық педагогикасы пән ретінде енгізілді. Бұл пәннің негізгі міндеттерінің бірі яғни мақсаты әрбір баланы ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар халық дәстүрлігін педагогикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, әсіресе табиғатты қорғау мәселесін бір жүйеге келтіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу болып отыр. Көрнекті педагог В.А. Сухомлинский «Ақылды-ақыл, арды-ар тәрбиелейді»- деген екен. Халқымыздың дана өкілдерінің өз туындыларының бірі-табиғатты қорғау дәстүрлері, іскер, парасатты, арлы адам тәрбиелеуге көмектеседі. Қазақ халқының асыл мұраларының бірі - табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген қамқорлық жеткіншектер қасиеттерді тәрбиелейміз.

Дегенмен ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында шиеленісе түскен экологиялық мәселелер бүгінде бүкіл адамзат баласын толғандырып отыр. Әрбір ел өз табиғатын қорғау үшін түрлі шаралар қолдануда. Ал, біз үшін халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында оқушыларға көбірек білім беру керек. Мұны бабалардан қалған асыл сөз, ғибратнама, мақал – мәтелдер арқылы оқушы санасын қалыптастыруымыз қажет.

Мектеп оқулықтарындағы әсіресе географиядан түрлі тақырыптарды жаңа сабақ ретінде өткізгенде халқымыздың бай тәжірибесін қолдануға болады. Мысалы «Биосфераның қазіргі кездегі жағдайлары» тақырыбында атмосфера, гидросфера, литосфера компоненттерінің қазіргі жағдайына тоқтала келіп, халқымыздың «Жұпар ауа - дертке дауа» - деген нақыл сөзінен бастап, оқушыларға қазақ халқы өзі өмірге әкелген ауа тазалығын сақтау қажеттілігі жайында нақылдарын тиянақты іске асыра білгенін түсіндіру керек. Осы арқылы оқушылар адамдардың кейбір жөнсіз іс - әрекеттерінің негізінде ауаның ластанып, топырақтың су мен жел эрозиясына ұшырайтындығын анықтайды. Сабақ соңында оқушылардың назарын су мен жел эрозиясына қарсы қандай шаралар жүргізілуі қажеттігі айтылады.

Қоршаған ортаны ғылыми жаратылыстық жағынан түсінудің маңызды теориялық негізін қалаған В.И.Вернадскийдің биосфера-ноосфера туралы ілімі болатын. Бұл ілім «адам-қоғам-табиғат» жүйесіндегі қарым-қатынастың әдіснамалық негізін құрайды [149]. Ол экологиялық білім беру саласында кешенді пәнаралық тәсілді қалыптастырады, қоршаған ортаның проблемаларын біріктіре қарастыруды ұсынады. Арнайы экологиялық пәндер енгізумен бірге дәстүрлі пәндердің де мазмұнын жердің біртұтастығы, ол барлық тіршілік етушілердің ортақ мекені екендігі жөніндегі идеямен толықтыру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет