Жер ана: Иіліп, отырып, қалды.
Жолуашы: Көкжиекке қарап, ойланып қалды. Залда мұңлы күй жайлап өрби отыра қатыңқы ойнап тұрады.
Көрініс: «Теңіз неге ашулы?»
Автор – Қожатаева Зарина
Дауыл – Жамалбеков Нұрдос
Арал – Момбаева Мөлдір
Күн – Нұрлыбекова Ақерке
Бұлт – Жүсіпов Бақыт
Автор: Кешегі бар байлықтың мекені аталған қайран Арал.
Міне, қазір шаршаған, қамыққан күйде сырын шашып сырласатын, мұңын шағып, мұзданатын ешкім жоқ. Жан-жағына елеңдей қарайды. Осы уақытта уілдеген дауыс естіледі. Бұл ескі дауыл екен.
Дауыл: Ау, Арал! Қалың қалай? Неге мұңайып отырсың?
Арал: Дауыл достым-ау! Мұңаймай қайтейін, маған ешкім соқпайтын болды, бұрын сен де жиі келуші едің, толқындарымды тасытып, көңілімді көтеруші ең. Сенде соқпайтын болдың.
Дауыл: мұңайма достым. Бізге де күн туар, толқының қайта тұрар, байлығың қайта толар.
Арал: Әй, қайдам! Ондай күн көзімнен бұл-бұл ұшты ғой.
Дауыл: Сені осындай күйге түсірген адамдар ғой, сен олардан кек алуың керек. Сені олар аямады, сен де оларды аяма.
Арал: Сонда сен маған не дейсің? Адамдарға қатігездік жаса дейсің ба?
Дауыл: Иә, достым. Олар сені аямады, сен де оларды аяма!
Достарыңызбен бөлісу: |