Байланысты: Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері
§1.2. Контаминациялық сөзжасам. Контаминация - бұл XX ғасырда кең таралған сленг сөзжасамының жас тәсілі болып табылады. Контаминация өзінің бастауын терминдік құрылымнан және жарнама тілінен алып, одан стандартты лексикаға енеді. Ағылшын тілінде бұл сөзжасамның көптеген синонимдері бар: «blends», «portmanteau words», «telescoped words», «contamination» тағы басқалар.
Контаминация дегеніміз не? Контаминация - бұл екі сөздің бір-біріне еніп, бірігіп жаңа мағынадағы жаңа сөзді жасайтын сөзжасамның бір түрі болып табылады [Беляева, 44]. Контаминация мынадай жолдармен жасалады:
1. Бір сөздің басы мен екінші сөздің түгелімен бірігіп жасалды. Мысалы: «Amerisian» сөзі «Ameri (can) + Asia» сөздерінің бірігуінен құралған.
2. Бірінші сөз толығымен екінші сөздің алғының бірігуі. Мысалы: «slimnastics» сөзі «slim + (gym) nasties» сөздерінің бірігуінен жасалған.
3. Екі толық сөздің бір-біріне енуінен жасалады. Мысалы: «swingle
swing + single»; «swellegant (swell + elegant)» әдемі.
4. Бірінші сөздің басы мен екінші сөздің алғы. Мысалы: «brupper
breakfast» және «supper» сөзінің бірігуінен «tea tea» және «dinner»; «loosy loose» және «easy» тағы басқалар.
5. Бір сөздің өзі немесе оның бөлігі екінші бір сөздің ішіне орналасуымен жасалады. Мысалы: «chortle chuckle + short». Контаминацияны стилистикалық тұрғыдан да бірнеше бөліктерге бөлуі болады:
1. Екі сөзде стандартты тілден алынған. Мысалы: «fride» (free + ride) тегін саяхат. Көріп отырғандай «free» сөзі де «ride» стандартты тілдегі сөздер болып табылады.
2. Сөздің бірі стандартты тілден де екіншісі стандарттан тысқары тілден. Мысалы: «pojam (poet + jam)»
3. Екі сөзде стандарттан тысқары лексикадан алынған яғни бұл жерде стандарттан тысқары лексикадан алынған екі сөздің бірігуінен жаңа мағынадағы сөздің жасалуы. Мысалы: «goon» (goof + loon) неміс қарауылы. Сол сияқты «mazoola + mazuma + moola» ақша.
4. Бұл жерде де стандарттан тысқары лексикадан жасалынатын сөздер бірақ мұнда жасалынатын сөздің мағынасы сол екі сөздің мағынасымен қалады. Мысалы: «fantabulous» (fantastic + fabulous) «фантастикалық, керемет», «gringy» (grimy + dingy) «кір» тағы басқа.
Ендігі кезекте контаминациялық сөздерге бірнеше мысалдар беріп өтсек: «doughtel» (dough + hotel) - «қымбат қонақ үй», «pollutician» (polluted + politician) - «ары таза емес саясаткер», «pullitiacian» (pull + political) «лауазымды саясаткер»; «swingle» (swinging + single) «өмірдің қызығынан бас тартпайтын басы бос жігіт»; «babelicious» (babe + delicious) «сүлу, көрікті»; «ballonatic» (ballon + lunatic) «қиялшыл»; «eatiquette» (eat + etiquette) «столда отырғанда сақтайтын этикет»; «blaxploitation» (black + exploitation) «продюсерлердің қара нәсілді адамдардың пайдалануы»; «foolosophy» (fool + philosophy) «ақымақтардың философиясы»; «summercation» (summer + vacation) «жазғы демалыс»; «sitcom» (situation + comedy) «актерларды қайталанып келетін сериал»; «sci-fe» (science + fiction) «фантастикалық оқиға»; «swellegant» (swell + ellegant) «әдемі, өте жақсы»;
Petey, he is fantabulous [N. Y. Daily News]
«Пити ол тамаша».
Kelly... isn't just a babe. She's megababe. She's babelicious. [Newsweek, 35]
«Келли жай ғана әдемі емес. Ол өте әдемі. Ол сұлу».
After appearing in the film «cheers», Mary was invited to take part in a new sitcom. [A.S, 228]
«Чиэрс» фильмінен көрінгеннен кейін, Мэри жаңа бір сериалға түсуге шықырылды».
Since the time he passed his college exams Douglas reads only sci-fi [A.S, 220]
«Дуглас колледжіндегі емтихандарды тапсырып болғаннан бері тек қана фантастикалық оқиғаларды оқып жүр».