I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты.
1.1.Соттылық түсінігі және оның қылмыстық-құқықтық салдары
Қылмыстық құқық бойынша сотта айыпталушы тұлғаға қандайда қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жаза тағайындалған және соттың айыптау үкімі заңдық күшіне енген уақыттан бастап сотталған деп танылады. Сотталушы тұлға жазаны өтеу көзінде де және сонымен қатар, жазаны өтегеннен кейін заңца белгіленген мерзім ішінде де сотталған болып есептеледі.
Тұлғаны сотталған деп тану белгілі бір қылмыстық-құқықтық салдарды қамтиды. Бұл салдар тұлғаның соттылығымен байланысты соттылық қылмыстық жазаны тағайындауымен пайда болады және соттылық тұлға жазаны өтегеннен кейінде сақталады, сонымен соттылықтың тағайындалуы қылмыстық жазаның мақсатымен тығыз байланыста болады. Соттылықтың мәнін, жазаның мақсатын белгілеудегі және жүзеге асырудағы алатын ролін дұрыс анықтамайынша соттылықтың құқықтың табиғатын ұғыну мүмкін емес.
Соттылық түсінігіне қатысты әртүрлі пікірлер қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде қалыптасқан. Г.Б. Виттенбергтің пікірінше, соттылық - жасалған қылмыс үшін жаза шарасы тағайындалған, тұлға үшін соттылық фактісін құрайтын қылмыстық-құқықтық жағдай./1/
В.Д. Филиминов былай дейді: соттың қылмысты жасағаны үшін жазаны тағайындайты тұлға үшін соттау фактісі ретінде құралатын занда белгіленген құқықтың туындауы /2/. Бұл түсінікте толық емес, өйткені, соттылық мәнін құқықтыңтуындауымен теңестірген.
Қылмыс үшін бұрын сотталған тұлға жаңа қылмыс жасаса (яғни бұрын қылмыстық жаза қолданылған болса) түзелмеген және қолданылған жаза оны түзеуі үшін жеткіліксіз болған. Мұндай тұлға мемлекет және қоғам үшін аса қауіпті болып есептелінеді. Сондықтан, жаңа қылмыс жасаған кезде тұлғаның соттылығы бар болса, жалпы ереже бойынша жаңа қылмысы үшін жаза тағайындау кезінде жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады.
Соттың осы тұлғаға жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылық көзделген заңның бабының санкциясындағы жазаның шегін күшейтуге мүмкіндігі бар. Жаңа қылмыс жасағанда тұлғаның соттылығы бар болса, қылмысты квалификациялауға әсер етеді.
Қылмыстық-құқықтың салдар-соттылығы бар тұлғаның қылмыстық жауаптылығын ауырлататын заңда белгіленген салдарын білдіреді. Бірақ бұл салдар, тек тұлғаға жаңа қылмыс жасаған уақытта ғана пайда болады. Жаңа қылмыс жасаған уақытта тұлғаның соттылығы;
1. жаңа қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтан тұлғаны бастауға (заңда көзделген негізі бар болса да) кедергі жасайды;
2. қайтадан жасалған қылмыстың саралайтын белгісі ретінде қызмет етеді;
3. сот таңдаған жазаны күшейтеді;
4. тұлғаны аса қауіпті рецидивист деп тануға негіз болады;
5. бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жазаның өтелу режимінің түрін анықтауға әсер етеді;
6. жазаны өтеудің шартты-мерзімінен бұрын босатылуына кедергі келтіреді.
Осы жоғарыда аталған соттылықтың қылмыстық-құқықтың салдарын өзгелейде беруге болады. Бірақ-та, осы аталған тізім істің процессуалдық қозғалысына сай келеді.
1. Соттылық тұлғаны жаңа қылмысы үшін қылмыстың жауаптылықтан босатуға кедергі келтіретін мән-жай ретінде қарастыру.
Сонымен, соттылығы бар тұлға жасалған жаңа қылмыстының қоғамға қауіптілігі аз болса да, қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, яғни жоғарыда аталған институт қолданылмайды.
Соттылықтың қылмыстық - құқықтың салдарының маңызы төмендегідей:
- тұлғаның жаңа қылмыс жасауына жол бермеуге тырысады, яғни тұлғаны түзеу және жаңа қылмыс жасаудан тұлғаны сақтандыру мақсатын орындайды;
- өзге тұлғаларды қылмыстық заі-щы бұзудан сақтандырады.
2. Соттылық қайтадан жасалған қылмыстың саралайтын белгісі ретінде. Қылмыстық заңда соттылық-қылмыс құрамының арнайы саралайтын белгісі ретінде қолданылады. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі өткенге дейін өзінің түзелгенін дәлелдесе, шартты түрде сотталушының мінез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сот шартты түрде сотталудың күшін жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы ете алады. Бұл орайда шартты түрде сотталудың белгіленген сынақ мерзімінің кем дегенде жартысы өткенсоң күші жойылуы мүмкін.
Егер шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарса немесе сол үшін өзіне әкімшілік жаза салынған қоғамдық тәртіпті бұзса, сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша мерзімі ұзарта алады, бірақ ол бір жылдан аспауы керек.
Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде өзіне сот жүктеген міндеттерді ұдайы немесе әдейі орындамаған, сол сияқты қоғамдық тәртіпті ұдайы немесе қасақана бұзған жағдайда сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша шартты түрде сотталудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етеді.
Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс жасаған не кішігірім ауырлықтағы қасақана қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындалған кезде шешеді.
Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде сотталудың күшін жойып, оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады.
3. Осы аталған соттылықтың қылмыстық-құқықтың салдары қылмыс рецидивімен күресуде маңызы зор. Жаңа ұқсас қылмыс жасаудан сақтандырады. Осы жерде соттылық жазаның мақсатына жетуге ықпал етеді.
4. Соттылық - жазаның шегін күшейтетін мән-жай ретінде. 58-баптың 6-тармағына сәйкес, егер сотталған адамның ісі бойынша сот үкім шығарғаннан кейін оның бірінші іс бойынша үкім шығарылғанға дейін жасаған басқа бір қылмысқа айыпты екені анықталса, жаза нақ сол ережелермен тағайындалады. Бұл жағдайда соттың бірінші үкім бойынша өтелген жаза түпкілікті жазалау мерзіміне есептеледі.
Соттылығы бар тұлға жаңадан қылмыс жасаса, жаңадан жасаған қылмысы үшін тағайындалатын жазаның шарасы күшейтілінеді және жаза мақсатына жетуге атсалысады.
5. Соттылық тұлғаны аса қауіпті рецидивист деп тану негізі ретінде қолданылады. Бап теру.
Бұл жерде соттылық - қоғамға аса қауіптілік тудыратын сотталғандарды ескертуге бағытталған маңызды құқықтық қурал ретінде қолданылады.
6. Соттылық бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу түрлерін анықтауға әсер ететін мән-жай ретінде. 59-баптың 3 тармағына сәйкес, егер осы айқындау белгі ретінде қылмыс жасаған адамның соттылығына сілтеме болса, сондай-ақ ерекше мән-жайлар болған кезде қылмыстың қайталануы немесе аса қауіпті қайталануы кезінде жаза осы баптың екінші бөлігінде көзделген ережелерді ескермей тағайындалады.
Сонымен, соттылықтың қылмыстық-құқықтың салдары жазаның мақсатын белгілеуде және нәтижесіне жетуде маңызды роль алады. Осыған орай соттылық қылмыстың түсінігімен байланыста болады. Соттылығы бар тұлғаның құқықтық салдарының әртүрлігі жасалған қылмысқа байланысты.
Жағдайда, тұлғаның соттылығы туралы сөз қозғағанда тек соттылығын ғана көздемей, нақты қандай қылмысты жасағаны Қылмыс сияқты соттылықта нақты ұғым. Сондықтан, кез келген үшін сотталғандығын көрсетуіміз қажет. Соттылықтың құқықтық табиғатын және оның мазмұнынын ашып көрсету соттылық ұғымын анықтауға мүмкіндік береді. 1956 жылғы заң сөздігінде берілген, соттылық ұғымы сол кездерде ең тиімді болған. Бұл анықтама мәні бойынша дұрыс, бірақ толық емес. Біздің пікірімізше, соттылыққа төмендегідей анықтама беруге болады. "Соттылық қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі.
Соттылықтың өзімен бірге жалпы құқықтық және қылмыстық-құқықтық мазмұнындағы салдары қоса туындайды.
Соттылықтың жалпы құқықтық салдары:
- белгілі бір қыметпен немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануына шек қою;
- қаруды иеленуіне шек қою;
- қарулы күштерде әскери қызметпен айналысуны тыйым салу. Соттылықтың қылмыстық-құқықтық салдары:
- қылмыс рецедивінде ескеріледі;
- соттылығы бар тұлғаның қылмыс жасаған кезде нәтижесінде қылмыстың қайталануы қалыптасады;
- түзеу колониясының режимін анықтауда қолданылады;
- жаза тағайындайда ескеріледі.
Соттың айыптау үкімі күшіне енген күннен бастап соттылығы жойылған немесе алып тасталаған уақытқа дейін тұлға сотталған деп есептеледі.
Сонымен, соттылық дегеніміз кінәлі адамның қылмыс істегені үшін қандай бір жазаға сотталып, соған байланысты белгілі бір құқылық шектеуге душар болу жағдайын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |