рет басыңыз.
2. 1 – ші бетпен жұмыс аяқталған соң, қаламмен менюді басыңыз -
содан соң «Сақтау» батырмасын басыңыз.
3. Келесі бетке өту үшін интерактивтік тақтаның функционалды
панелдегі оң жағындағы жуан көрсеткішті басыңыз.
Интерактивтік тақтаның басты панелімен жұмыс істеу
1. «Қалам» - бұл құралды белсенді ету үшін қалам белгісін
басыңыз. Ол басты панелдің оң жағында орналасқан.
2. Басты панелдегі таңдалған түске қаламды апарамыз, мысалы : көк.
Қаламды тақтадан алмай сөзді жазыңыз.
Интерактивтік тақтаның элементтері
Интерактивтік тақта – қаламнан, тақтадан, пульттен, активоуттан, планшеттен, проектордан, 2 мультимедиалық құрылымнан жəне бағдарламамен қамтамасыз етуден тұрады. (ИТ 8 əр құрастырушысы туралы анықтама береміз).
Қалам – құрал, ол жазу мен суреттерді салу кезіндегі белгілерді көрсету үшін қолданылады. Қалам оң жəне сол жақ батырмалардан тұрады. Сол жақ батырма мəліметтерді жазу үшін арналған. Оң жақ батырма қызғылт түске ие, оны басқан кезде көмек алуға болады. Онымен жұмыс жасаған кезде қаламды тақтадан 1 мм қашықтықта ұстау керек.
Тақта – бұл керекті мəлімметтерді көрсететін экран.
Активоут – құрылым, тестілеу кезінде оқушылардың қолданылатын құралы.
Планшет – бұл өзінде жазылған ақпараттарды ИТ экранына жіберетін құрал. Сонымен қатар бұл құралды интерактивтік тақтадан қашықта да пайдалануға болады. (Мысалы: дəрісхананың артқы жағында)
Проектор – ИТ жарық беруге жəне іске қосуға арналған құрылым.
2 мультимедиалық құрылғы – дыбыс шығаратын құрал. Пульт – проекторды іске қосу үшін қолданылатын құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |