Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы



бет9/18
Дата03.03.2020
өлшемі1,67 Mb.
#59407
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Микроэконом каз


Сұрақтар мен тапсырмалар

Талқылауға арналған сұрақтар


  1. Шығындар деген не ? Шығындардың жіктеуін келтіріңіз.

  2. Қысқа мерзімді өндірістің шығындарын сипаттаңыз. Олардың графигін салыңыз.

  3. Ұзақ мерзімдегі өндірістің шығындарын сипаттаңыз. Олардың графигін салыңыз.

  4. Өндірушінің тепе-теңдігі деген не? Оған жетудің шарты қандай?

  5. Изокоста деген не? Өндірушінің тепе-теңдігі графикте қалай көрсетіледі?


Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Фирма қызметінің ұзақ мерзімді кезеңіндегі шығындар саналады:

а) жалпы

б) орташа

в) шекті


г) тұрақты

д) ауыспалы деп



2. Шағын фирма иесінің екі жалданған қызметкер жалақысына ай сайынғы шығыны 8000 долларды құрайды. Үй-жайдың жалға алуы бір жылда 200000 долларға түседі. Өндіріске қажет жабдықтар кәсіпкерге 40000 долларға түсті. Жиынтық жылдық шығындардың 40% жуығы салықтарды және бюджетке кететін т.б. төлемдер құрайды. Кәсіпкердің есептеуі бойынша, егер ол ақша қаражатын басқаға жұмсаса, оның жылдық кірісі 80000 доллар құраушы еді. Осы ісін (бизнесін) ұйымдастыру алдында, ол айлығы 1200 доллар болатын жұмыстан бас тартқан. Бухгалтерлік және экономикалық шығындардың шамасын анықтап, мына кестені толтырыңыз:




Бухгалтерлік шығындар

Экономикалық шығындар

Жалданған қызметкерлердің жылдық жалақысы







Жылдық жалақысы







Құрал-жабдықтың құны







Баламалы кіріс







Бас тартқан жұмыс­­­­­тан табыс







Салықтар







Барлығы







3. Валдық (жалпы шығындардың) шығару көлемінен тәуелдігі ТС = 3Q + 100 формуламен көрсетіледі. Шығарудың әр көлемі үшін тұрақты, орташа ауыспалы және шекті шығындарын есептеңіз.

4. Жұмыскерлер жалақысының өзгеріссіз деңгейінде басқару қызметкерлер құрамының жалақысы өсті. Орташа тұрақты және орташа ауыспалы шығындардың шамасына бұл қандай әсер етеді?

5. Шекті капитал өнімі 60 бірлікті құрайды. Шекті еңбек өнімі – 40. станоктағы бір сағат жұмыс ақысы 30 доллар, бір жұмысшы еңбегінің сағат сайынғы ақысы – 10 доллар. Өндірісті тепе-теңдік жағдайға келтіру үшін не істеу керек?

6. Қысқа мерзімді кезеңде фирманың қолданатын еңбек санын өзгертуге мүмкіндігі бар, бірақ қолданатын (пайдаланатын) капитал санын өзгерте алмайды дейік. Кестедегі мәліметтер қолданатын еңбек санына байланысты өндіріс көлемінің өзгеруін көрсетеді.

Еңбек шығындары

Өнім саны

0

0

1

35

2

80

3

122

4

156

5

177

6

180

Еңбектің шекті және орташа өнімін анықтаңыз. Олардың қисық сызықтарын сызыңыз. Пайдаланатын еңбектің қай санында қисық сызықтар қиылысады? Капитал шығындарындағы өзгерістер шекті еңбек өнімінің қисық сызығына қалай әсер етеді?

7. Мына кестені толтырыңыз:

Q

TC

FC

VC

AFC

AVC

MC

0

20
















2

50
















5

100
















7

154


















8. Фирманың орташа жиынтық шығындары АС = 10Q функциясымен көрсетіледі. Өнімнің 5 бірлігі үшін шекті шығындар неге тең?

а) МС (5) = 50

б) МС (5) = 100

в) МС (5) = 150

г) МС (5) = 200

7 тақырып. БӘСЕКЕЛЕС ФИРМА ПАЙДАСЫНЫҢ КӨБЕЮІ
1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні
Өндіріс шығындарын қарастырып, енді фирманың табысы және пайдасы деген категориялардың талдауына көшейік. Кез келген фирма қызметінің ең басты мақсаты – табыс – пайданы көбейту. Табыстарды факторлық үлестіру тұрғысынан алғанда, кәсіпкерлік қызметінің табысы пайда болып саналады. Экономикалық талдау тұрғысынан «пайда» мен «табыс» категориялары синонимдер емес. Фирма табысы (валдық табыс) – фирма өнімдерін өткізуден алынған түсім. Шығындар сияқты, табыстар валдық (жалпы жиынтық), табыс орташа және шекті табыстарға бөлінеді. Пайда – валдық (жалпы) табыс пен валдық (жалпы) шығындар арасындағы айырма, яғни фирманың таза табысы. Оны П деп белгілейік. Экономикалық және бухгалтерлік пайданы айыру қажет. Бухгалтерлік пайда өткізуден түскен табыс пен бухгалтерлік шығындар араларындағы айырма деп анықталады. Экономикалық пайда – валдық (жалпы) табыс пен экономикалық шығындар араларындағы айырма. Сонымен, экономикалық пайда бухгалтерлік пайдадан баламалы (көзге көрінбейтін) шығындар сомасына айырмашылығы бар. Мысалы, барлық саладағы фирмалар бірдей пайда алады дейік. Бұл фирмалардың нөлдік (нормалары кәдімгі) экономикалық пайдасы бар. Осындай пайданың арқасында фирма өндірісін өсіріп, инвестицияларды алып, шығындарын жабады, яғни дұрыс қызмет жасайды. Егер бағалардың күрт өсуіне байланысты пайданың деңгейі жоғарылап кетсе, фирма экономикалық пайда алуын көрсетеді. Валдық (жалпы) табыс TR = P·Q (total revenue) формуласы бойынша анықталады, яғни өткізілген өнім бірліктері бағасы мен санының көбейтіндісіне тең. Тауардың нарықтық бағасы сұраныс функциясы болғандықтан, фирма өніміне деген нарықтық сұраныстың қисық сызығы оның орташа табысының қисық сызығы болып келеді. Орташа табыс – өнім бірлігіне табыс: AR = TR/Q (average revenue). Шекті табыс – өнімнің қосымша бірлігін өткізуімен байланысты валдық (жалпы) табыстың өсуі:

MR = Δ TR/ ΔQ = Δ (PQ)/ ΔQ = P (marginal revenue).



Ендігі біздің мақсатымыз: фирма пайдасын көбейтудің жағдайларын анықтау. Бұл фирманың қызмет жағдайларына, қай нарықта қызмет істейтініне байланысты. Нарықтық құрылымдар түрлерін қарайық.
2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары)
Нарықтық құрылым (нарық моделі, үлгісі) – фирмалардың өзара әрекеттестігінің ерекшеліктерін, бағалар мен өндіріс көлемін белгілеу әдістерін анықтайтын нарықтық ұйымдастырудың белгілер жиынтығы. Нарықтық құрылымдар жіктеуінің басты өлшемдері: сатушылар мен сатып алушылар саны, нарықтық жекешелендіру дәрежесі, кіру кедергілердің бары (жоғы), фирманың бағдары. Осы тұрғыдан алғанда нарықтық құрылымдардың 4 негізгі тұрпатын (түрін) айырады:

1. Таза бәсекелестік нарығы – бұл нарық үлгісіне келесі сипаттар тән: баға бәсекелестігі, сатушылар жағынан (тарапынан) бағаларға бақылаудың жоғы, сатушылар мен сатып алушылар санының көптігі, стандартталған (бір түсті) өнім, нарықтық ақпараттың толық мөлдірлігі мен қажеттілігі, шығу және кіру кедергілердің жоғы, фирмалардың тәуелсіздігі.

2. Таза монополия нарығы – бұл тұрпатты нарықтың сипаты – нарық ұсынысының жалғыз ғана өндіруші – монополистің қолында толық шоғырлануы, бірегей (ешқандай сәйкестігі мен ауыстырушысы жоқ) өнім, кіру кедергілері (экономикалық, ауқым әсерімен себептелген, заң – патенттер, лицензиялар және басқалар), монополистің бағаларды толық бақылауы.

3. Олигополиялық нарық – оның сипаттамалары: нарықтағы фирмалардың шектеулі саны (әсер, ықпал аяларын бөліп алған), өндіріс шоғырлануының жоғары деңгейі, кіру кедергілердің бары, бір түсті (таза олигополия) немесе бөлінетін олигополия, фирмалардың стратегиялық бағыттылығы.

4. Монополиялық бәсекелестік нарығы – бір жағынан нағыз бәсекелестікпен, екінші жағынан – монополиямен бірдей сипаттары бар нарық құрылымының түрі (тұрпаты). Оның негізгі белгілері: сатушылардың көптеген саны, олар жағынан бақылаудың аздығы, кіру кедергілердің жоғы, өнімдердің әр түрлілігі, стратегиялық бағыттың жоқтығы. Олигополия мен монополистік бәсекелестікті нарықтың жалпы атауын жетілмеген бәсекелестік деп айтуға болады. Нағыз бәсекелестік пен монополия кейде кездеседі (мысалы, бағалы қағаздар нарығы мен ауыл шаруашылық өнімдер нарығын бәсекелес деп айтуға болады, ал монополия ретінде қоғамдық пайдалану кәсіпорындары саналады). Әр нарық жағдайларындағы фирмалардың қызметі мен тәртібі әр түрлі. Осыған байланысты жетілген бәсекелестік монополия, монополистік бәсекелестік және олигополия жағдайларындағы фирмалардың қызметін, нарықтық тәртібін талдауының мәні бар.
3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі
Жетілген бәсекелестік жағдайда қызмет жасайтын фирманы сұраныс пен ұсынысты талдау тұрғысынан қарайық. Жетілген бәсекелестік жағдайда қызмет жасайтын фирма үшін шекті табыс бағаға тең, яғни сатылған тауардың әр бірлігіне фирма шығару көлеміне байланыссыз оның нарықтық бағасына тең сомасын алады. Шекті табыс орташа табысқа тең: P = MR = AR. Графикте фирманың шекті табысының қисық сызығы тура сызыққа айналып, бағаның тура сызығымен дәл келеді (63 сурет).

P

P' MR


Q

63 сурет. Бәсекелес фирманың шекті табысы

Сонымен, бәсекелес фирмалар өнімдерін өздері қойған бағамен сата алмай, нарықта белгіленген бағамен сатуға мәжбүр болады, яғни олар «айтқан бағаны қабылдайды» (price taker). Бәсекелестік нарықта фирма сондағы бағаларға бейімделеді. Жетілген бәсекелестік жағдайда фирма өніміне сұраныс икемді.

Ол өнімнің біртүрлігімен (стандартталуымен) және өнімнің әр бірлігінің бағасы бірдейлігімен себептеледі (түсіндіріледі). Демек, фирма өніміне деген сұраныстың қисық сызығы абцисс осіне жарыспалы түзу сызық болып келеді. Бірақ бұл тұтастай нарық сұранысына таралмайды.

P P
S

P' df


D

а) Q б) Q



64 сурет. Нарық сұранысы (а) және жетілген бәсекелестік жағдайдағы фирма өніміне деген сұраныс (б)
Сонымен, жетілген бәсекелестік жағдайда фирма пайдасының көбеюі тек қана өндіріс (ұсыныс) көлемін таңдаумен байланысты. Өндірістің қандай көлемі фирмаға ең жоғары пайданы қамтамасыз етеді? Микроэкономикада пайданы көбейтудің 2 қағидасы белгілі:

1) Валдық (жалпы) табыс пен валдық (жалпы) шығындарды салыстыру қағидасы. Өнімнің қосымша өткізілген бірлігі пайданы өсірмеген жағдайда фирма ең жоғары пайданы түсіреді, алады, яғни:

Δп / ΔQ = 0

П = TR – TC, ΔП/ ΔQ = ΔTR/ ΔQ – ΔTC/ ΔQ, сондықтан

ΔTR/ ΔQ = ΔTC/ ΔQ

мұнда ΔTR/ΔQ – валдық табыс қисық сызығының бұрыштық коэффициенті

ΔTC/ ΔQ – валдық шығындар қисық сызығының бұрыштық коэффициенті

Демек, валдық (жалпы) табыс қисық сызығының еңкіштігі валдық шығындар қисық сызығының еңкіштігіне тең болып тұрған өндіріс көлемінде ғана фирма пайдасы жоғары.

2) Шекті табыс пен шекті шығындарды салыстыру қағидасы. Бұл тәсілде сол мәліметтер алынады, бірақ ΔTR/ ΔQ = ΔTC/ ΔQ ары қарай дамиды: өйткені ΔTR/ ΔQ = MR, ал ΔTC/ ΔQ = МС, онда MR= МС.

Фирма пайдасының көбею шарты: шекті табыс пен шекті шығындардың теңдігі сақталатын өндіріс көлемі. Фирма пайдасын көбейту ережесі кез келген нарықта әрекетте болуы мүмкін, бірақ оның өз ерекшеліктері бар. Кейбір жағдайларда ол залалдарды азайту ережесіне айналады. Фирма тепе-теңдігінің моделін (үлгісін) салайық (сызайық). Сұраныс қисық сызығы көлденен (горизонталь) болғандықтан, фирманың тепе-теңдік моделі (үлгісі) мынадай болады:


AC

C,R MC



AVC
А В MR

Q

Q1 Q'



65 сурет. Жетілген бәсекелестік нарығындағы фирма тепе-теңдігі
Сонымен, бәсекелес фирма үшін тепе-теңдік шығаруы P = MR =MC =AC шартында мүмкін. Графикте біз MR мен MC қисық сызықтарының 2 қиылысу нүктесін алдық. Мұнда өнімнің әр қосымша бірлігі шығыннан асып түсетін табыс әкеледі, яғни MR > MC А-дан В-ға дейінгі кесіндіде – өндірістің кез келген көлемі бұл жерде шығынсыз. В нүктесі ғана тепе-теңдік сақтайды, өйткені А нүктесінде, фирма қызметі шығынсыз болса да, өндірісті кеңейту есебінде пайданы көбейту мүмкіндігі бар (Q1 > Q1). Пайда В нүктесінде ең жоғары деңгейіне жетіп, төмендей бастайды, яғни өнімнің қосымша бірлігін өндіруімен байланысты шығындар өнімді өткізуден алынған табыстардан асып кетеді. Бәсекелес фирма, нарықтық конъюнктураға байланысты, 3 мүмкін болатын нұсқадан 1 таңдайды.

1. Фирма пайдасын көбейтеді. Бұл іске асырылады, егер нарықта қалыптасқан баға фирманың орташа шығындарынан асып кетсе:

Р > АСmin, яғни фирма кәдімгі қарапайым пайдасын алады. Оны (пайданы) көбейту үшін өндіруші шекті табыс шекті шығындармен теңескенше өндіріс көлемін көбейтеді.



C,R MC
A B P=MR

AC

D C



Q

66 сурет. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейтуі
2. Фирма шығындарды (залалдарды) азайтады. Бұл мүмкін болады, егер баға мына деңгейде тұрса: AVCmin
min Осы жағдайда фирма дұрыс пайда алмайды, яғни залал шегеді. Бірақ өндірістің тоқталуы фирма үшін оның жалғасуынан да залалды. Шынында да, егер фирма өндірісін жалғастырса, ол пайдасын алмаса да ауыспалы шығындарды толық және тұрақты шығындарды жартылай жабады; егер өндірісін тоқтатса, тұрақты шығындар көлемінде залал шегеді. Сондықтан, фирма өндірісті таңдап, осылай залалдарды азайтады 67 сурет залалдарды азайту ахуалын көрсетіп тұр. Ондағы сызылған көлем (ABCD) залалдардың шамасына сәйкес. Ендігі назарды ABEF тікбұрышқа аударайық – бұл фирма жабылған жағдайда оның болатын залалдары.

C, R

MC

AC



A B

C D P=MR


AVC

E F


67 сурет. Бәсекелес фирманың залалдарын азайту
3. Фирма өндірісін жабады. Егер фирма өніміне нарық бағасы орташа ауыспалы шығындардан төмен түссе (P< AVCmin), фирмаға өндірісін жалғастыруға қажеті жоқ, өйткені ол өндірістің кез келген көлемінде тіпті ағымдағы шығындарды да жаба алмайды. Бұл 68 суретте көрсетілген.

C,R MC

AC
AVC


P=MR

Q

68 сурет. Фирма жабылған жәйт


Сонымен, фирма әрекеттері нарық бағасы мен орташа шығындар араларындағы қатынастарға байланысты. Пайданы көбейту қағидасы ретінде бағаның шекті шығындарға теңдігі болып келеді (МС = Р). Өндірістің оңтайлы көлемінің барлық нүктелері шекті шығындар қисық сызығында, орташа шекті ауыспалы шығындардың ең аз мағынасынан жоғары жатыр. Орташа ауыспалы шығындардың ең аз мағыналарынан жоғары жатқан шекті шығындар қисық сызығының көлемі фирма ұсынысының қисық сызығын қалыптастырады (69 сурет).

С MC AVC


Q


69 сурет. Қысқа мерзімдегі фирма ұсынысының қисық сызығы

Бәсекелес фирма ұсынысы қисық сызығының ұлғаймалы еңкіштігі бар. Себебі, Q өсуімен бірге МС өседі және де келесі факторардан тәуелді: саладағы фирмалардың саны, олардың көлемі, ауыспалы ресурстардың бағалары, технологиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет