4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі.
Ұзақ мерзімді тепе-теңдік орнату ерекшелігі: ұзақ мерзімді кезеңде фирма өндірістің барлық факторларын өзгерте алады немесе ол өндірістен кетеді. Ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты шығындар болмағандықтан, тек қана «орташа шығындар» деген түсінік пайдаланады. Енді ұзақ мерзімді тепе-теңдік қалай болатындығын қарастырайық (70 сурет). Өнімге деген нарық сұранысы өсті дейік, бұл сұраныс қисық сызығын D орнынан D1 ауыстырады, ал тепе-теңдік бағасы. Р-ДАН – Р1 дейін өседі. Әр фирманың ұсынысы q1 дейін өседі, ал нарық ұсынысы – Q1 дейін. Р1 бағасы ең аз орташа ұзақ мерзімді LRACmin шығындарынан асып түседі де, бұл фирманың экономикалық пайданы алуын білдіреді. Осының арқасында салаға жаңа фирмалар тартылып, нарық сұранысы өсе түседі. Нарық сұранысы S2 деңгейге жетті дейік, оның нәтижесінде нарық бағасының LRACmin төмен Р2 деңгейге түседі. Онда өндіріс шығынды (залалды) болып, фирмалар нарықтан кете бастайды. Бұнын салдарынан баға қайта өсіп, ұсыныс та S3 деңгейге өседі. Осындай нарықтық тепе-теңдікте саладағы кез келген фирманың пайдасы дұрыс болады: п = (Р – LRACmin)Q = 0 тепе-теңдік q шығару жағдайында. Экономикалық пайданың жоғы саланы басқаларға қарағанда, тартымсыз қылады, демек, жаңа фирмалар оған кірмейді, ал ондағы фирмалар тастамайды. (Q3> Q, яғни жаңа келген фирмалар салада қалады).
LRMC
P LRAC S1
S3
P1 S2
P
P2
D D1
q q1 Q Q1 Q3
70сурет. Ұзақ мерзімді тепе-теңдік моделі (үлгісі)
Сонымен, ұзақ мерзімді тепе-теңдік қалыптасады, яғни фирмалар ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындармен өндіріп, экономикалық пайда алмайды (түсірмейді). Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді ұсынысының қисық сызығы – ұзақ мерзімді орташа шығындардың қисық сызықтарымен қиылысу нүктесінен жоғары жатқан оның ұзақ мерзімді шекті шығындар қисық сызықтарының ұлғаймалы кесіндісінің жартысы. Фирмалардың бәрі де пайда алмайды, кейбіреулері бір себептерден төмен шығындары болса да, экономикалық пайда түсіреді. Бұл жағдайда ол «экономикалық» рента нысанын алады.
5. Бәсекелес саласының тепе-теңдігі. Біз бәсеке тепе-теңдігін қарастырдық. Енді бәсеке саласының ұзақ мерзімді тепе-теңдігін немесе нарықтық тепе-теңдікті – саладағы барлық фирмалар өндірісінің жиынтық көлемін қарайық. Нарық ұсынысының қисық сызығы жеке фирмалар ұсынысы қисық сызығының сомасы ретінде қалыптасады. Бірақ бұл тек қана қысқа мерзімді кезеңге келеді. Нарық ұсынысының өсуі ауыспалы факторларға сұраныстың өсуіне әкеледі де, қосымша сұраныс бағаларды көтереді. Сондықтан, ұзақ мерзімдегі нарық ұсынысы қисық сызығының жағдайы саладағы өндіріс көлемінің өзгеруі факторлардың құнын өзгерткеніне байланысты салалардың 3 түрін айырады:
1. Тұрақты шығындары бар сала – ресурстарға (қорларға) бағалар ұсыныс ықпалымен өзгермейді де ұзақ мерзімді ең орташа шығындар деңгейінде сақталады. Демек, нарық ұсынысының қисық сызығы – көлденең (горизонтальді) тура сызық.
2. Өсіп жатқан шығындары бар сала – егер нарық ұсынысының көбеюі ресурстарға (қорларға) бағалардың өсуіне әкелсе, демек, шығындарға, онда LRAC қисық сызығы жоғарыға ауысады, ал МС қисық сызығы – солға. Нарық ұсынысының жаңа қисық сызығында жоғарыға қарай еңкіштігі болады.
3. Төмендейтін шығындары бар сала – егер нарық ұсынысының өсуі ресурстарға (қорларға) бағаның төмендеуіне әкелсе (бірақ, бұл сирек кездеседі), онда фирма шығындарының қисық сызықтары төмен ауысып, LRACmin сәйкес нүктесінде тепе-теңдік қалыптасады. Бұл жағдайда тепе-теңдік баға өндірістің өсуімен бірге төмендейді, ал нарық ұсынысының қисық сызығында төмен еңкіштік пайда болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
«Табыс» пен «пайда» категорияларға анықтама беріңіз. Бухгалтерлік және экономикалық пайда дегеніміз не? Қарапайым пайда деген не?
Валдық (жалпы), орташа шекті табыс деген категорияларға түсінік беріңіз.
Нарық құрылымдар түрлерінің (тұрпаттарының) жіктеуін келтіріңіз. Әр қайсысына сипаттама беріңіз.
Нағыз бәсекелестік жағдайда қызмет жасайтын фирманың шекті табысы неге тең? Қай себепте?
Пайданы көбейтетін өндіріс көлемін анықтау үшін қандай қағидалар пайдаланады? Шекті шығындардың шекті табысқа теңдігі ережесінің мәні неде?
Қай ахуалдарда (жағдайларда) бәсекелес фирма пайдасын көбейтеді, залалдарын азайтады, өндірісті жабады? Осыларды графикте көрсетіңіз.
Қысқа мерзімдегі фирманың ұсыныс қисық сызығының графигі қандай?
Фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігін сипаттаңыз. Ұзақ мерзімді ұсыныстың қисық сызығын салыңыз (сызыңыз).
Бәсекелес саланың тепе-теңдігі қалай қалыптасады?
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Қарапайым (кәдімгі) пайда өндірістің қандай шығындарына кіреді?
а) кірмейді
б) көрінетін
в) ауыспалы
г) тұрақты
д) көрінбейтін
2. Нағыз бәсекелестік жағдайларға не жатады?
а) ақпараттың шектеулігі
б) комплиментарий-тауарлардың жоқтығы
в) нарыққа кіру және одан шығу қиынға түседі
г) еркін баға белгілеу
д) әр түрлі тауарлар
3. Пайданы көбейтуге ұмтылған бәсекелес фирма өндірістің келесі көлемін ұстануға тиісті
а) ол ең жоғары бағаны белгілей алады
б) орташа шығындар азаяды
в) шекті шығындар шекті табысқа тең
г) шекті шығындар орташа шығындарға тең
4. Бәсекелес фирма валдық (жалпы) шығындарының шығару көлемінен тәуелділігі мына кестеде көрсетілген:
Q
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
TC
|
8
|
16
|
20
|
28
|
40
|
56
|
Келесі сұрақтарға жауап бер:
а) Қысқа мерзімді фирма бағасы 10 доллар құрайтын өнімді шығара ма? Егер шығарса, пайда ала ма және Q қандай жағдайында ол ең көп болады? Алынатын пайданың шамасы қандай?
б) Егер бағасы 15 долларға жетсе, валдық (жалпы) және шекті табыс қалай өзгереді? Осы баға болғанда фирмаға пайда түсе ме? Егер түссе, оны көбейту үшін өндіріс көлемі қандай болу керек?
в) Егер баға 8 долларға дейін түссе, не болады? Фирманың іс-қимылдары: саладан шығады немесе өндірісін жалғастырады. Егер ары қарай өндірісін жалғастырса, қандай Q таңдап алады?
г) жаңағы сұрақтарға жауап бер (егер нарық бағасы 5 долларға дейін түссе).
5. Бәсекелес фирманың нарық тепе-теңдік нүктесінде:
а) Р = МС
б) Р = АС
в) Р = МU
г) жауаптар дұрыс (а) және (б)
д) жауаптар дұрыс (а) және (в)
6. Нағыз бәсекелестік салада 1000 бірдей фирмалар қызмет істейді дейік. Олардың валдық (жалпы) шығындарының шығару көлемінен тәуелділігі кестеде көрсетілген:
Q
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
TC
|
10
|
12
|
16
|
22
|
30
|
40
|
Келесі кестеде осы фирмалардың өніміне деген нарық сұранысының қисық сызығы көрсетілген:
Р
|
3
|
5
|
7
|
9
|
QD
|
3000
|
2000
|
1500
|
1000
|
Сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Тепе-теңді баға неге тең?
б) Фирмалардың әр қайсысы өнімнің қандай көлемін өндіреді?
в) Ұзақ мерзімді кезеңде фирманың іс-қимылдары қандай болады: олар саланы тастап кете ме немесе ол салаға жаңа фирмалар кіре ме?
7. Бәсекелес фирманың шығындары 30 долларға тең. Оның өніміне нарық бағасы 50 доллар деңгейінде. Енді фирманың іс-қимылдары қандай болу керек?
а) нарық бағасы мен орташа жалпы шығындар аралығындағы айырмасы ең жоғары болатын өндіріс көлемін ұстану (ұстап тұру)
б) МС = 50 деңгейіне өндіріс көлемін көтеру
в) өндірістің бұрынғы көлемін сақтай отыра, 50 доллардан жоғары бағаны қою
г) орташа жалпы шығындар ең аз болатын өндіріс көлемін ұстау
8. Кестеде бәсекелес фирманың жалпы шығындары келтірілген:
Q
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
TC
|
5
|
8
|
10
|
13
|
18
|
26
|
Фирма өз өндірісін тоқтатуға мәжбүр болу үшін оның өніміне баға қай деңгейден төмен түсу керек?
9. Бидайдың құны 1 бушельге – 4 доллар. Егер фермер бидайды нағыз бәсекелестік нарықта сатса, 1 бушельге оның шекті табысы 4 доллардан аз болады. Осы дұрыс па?
10. Бәсекелес фирма валдық (жалпы) шығындарының шығару көлемінен тәуелділігі мына кестеде келтірілген:
Q
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
TC
|
50
|
80
|
100
|
130
|
180
|
260
|
Өнімнің әр көлеміне АС, АVC, МС есептеп, келесі сауалдарға жауап беріңіз:
а) фирма экономикалық пайда алу үшін нарық бағасы қай деңгейден жоғары болу керек?
б) залалдарды азайту мақсатымен фирма өндірісін жалғастыру үшін нарық бағасы қандай шектерде болу керек?
в) фирма өндірісін тоқтату үшін нарық бағасы қай деңгейден төмен түсу керек?
11. Бәсекелес салада қандай сұраныс ең икемді – жеке фирма өніміне деген сұраныс немесе нарық сұранысы?
а) жеке фирманың өніміне сұраныс икемділеу
б) жеке фирманың өніміне деген сұранысынан нарық сұранысы икемділеу
в) нарық сұранысы немесе жеке фирманың өніміне деген сұраныс икемділеу деп бірден айтуға болмайды, бәрі де нақты нарыққа байланысты
г) сұраныстың екеуі де икемсіз
12. Нағыз бәсекелес салада тұрақты ұзақ мерзімді шығындары бар 20 бірдей фирма қызмет жасайды. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдерде барлық фирмалардың шекті шығындары бірдей және MC = q2 – 12q + 36 теңдеуге сәйкес. Нарық сұранысы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде P = 189 – Q теңдеуге сәйкес. Қысқа мерзімді кезеңде шығару q = 8, ұзақ мерзімді кезеңде -q = 9 орташа шығындар азаяды. Сала ұзақ мерзімді тепе-теңдік күйде екендігін айтуға бола ма? Салаға бағасы = 5 өнімін ұсынған фирмалар кірсе не болады?
9 тақырып. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ
1. Монополияға тән сипаттар
Монополия – нарық үлгісі, оның негізгі сипаттамалары: бір сатушының қолында нарық ұсынысының шоғырлануы, субтитут – тауарлардың, салаға кіру үшін кедергілердің жоғы. Дүниежүзінің дамыған елдерінде ХІХ ғасырдың аяғында монополиялар (трестер) пайда бола бастады, әсіресе көлік пен коммуникациялар, ауыр өнеркәсібі, кең өнеркәсібі салаларында. Олар қазіргі заманда да пайда болады, негізінде компаниялардың қосылу, яғни бірігу жолымен. Бірігу, қосылу себебі: нарық үлесі айтарлықтай үлкееді де ауқым әсері қосылады (ауқым әсері монополияның өмір сүру себебі ретінде кейінірек қаралады). Бірігудің (қосылудың) бірнеше түрлерін айырады. Көлденең бірігу – бір салада, бір нарықта қызмет жасайтын, яғни бәсекелес компаниялардың қосылуы. Тік бірігу – бір салада, бірақ әр түрлі өндіріс сатыларында қызмет жасайтын компаниялардың қосылуы. Конгломераттық бірігу – технологиялық бір-бірімен байланысы жоқ, әр салада қызмет жасайтын компаниялардың бірігуі.
Монополиялық биліктің негізгі көздері ретінде әдетте айырады:
Заңды, яғни қызметтің осы түрін жүргізуге айрықша құқық. Біріншіден, олар мемлекеттік және жергілікті органдарымен коммуналдық (шаруашылық аясындағы қызмет) немесе коммерциялық ұйымдармен беріледі (франшиза – бір фирманың екінші фирмаға белгіленген қызмет жасауға берілетін монополиялық құқық), екіншіден, авторлық құқық аясында заңнамамен қамтамасыз етіледі (патенттер, лицензиялар). АҚШ заңнамасы бойынша өнертапқыш өзіне берілген заң жүзінде бекітілген айрықша құқығын 17 жыл бойы сақтайды. Дәл осы жағдай «Ксерокс», «Ай-би-эм», «Майкрософт» сияқты алыптардың өсіп, орнығып, дамуында басты рөл атқарады.
Экономикалық – олар бөлінеді:
а) ауқым әсеріне – қызметтің кейбір аяларында тұрақты жағымды әсері байқалады; бұл жағдайда баға бәсекесі мынаған әкеледі: салада ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындарды қамтамасыз етуге қабілетті бір ғана фирма қалады. Мысал ретінде ауыр машина жасау, өнеркәсіптің алюминий, болат балқыту салалары, оларды барлық елдерге бір компания – өндіруші жібереді.
б) ресурстарды (қорларды) бақылау – бір ресурстың (қордың) өндірісіне монополиялық құқығы бар фирма автоматты түрде басқа фирмалардың өндірісін жаба алады (оларға осы ресурс қажет болса да). Осылай, кейбір трансұлттық корпорациялар өз монополиялық орнын ұстап тұр, шикізаттың негізгі көздерін бақылаудың арқасында, мысалы, «Де Бирс» компаниясы дүниежүзілік алмаз рудниктерінің көбіне ие болушы.
в) тұтынушылардың ұнатымдары – кейде тұтынушылар бір ғана сауда маркасының өнімдерін тұрақты түрде ұнатады. Монополия, сонымен бірге, нарықтағы адал емес (арам) бәсекелестіктің нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Монополиялық биліктің көздеріне байланысты монополияның әр түрлерін айырады:
1 жабық монополия – оның пайда болу себебі: егер монополиялық жағдай заңнамамен қорғалса
2 ашық монополия – инновациялық (жаңалықтар) әзірлемелерімен байланысты: бір уақытта фирма бірегей тауардың жалғыз өндірушісі болып қалады – (өз жаңалығының нәтижесінде).
3. Табиғи монополия – жоғарыда келтірілген тұрақты жағымды ауқым әсері. Басқаша айтқанда, бұл саладағы шығындар өте жоғары (көп), оларды тек үлкен фирма ғана жаба алады. Егер осындай фирманың өнімі өмірлік қажет болса, ол мемлекеттің қорғауына түседі, себебі, мемлекеттің басты мақсаты – тұтынушылардың құқығын қорғау (темір жол көлігі, коммуналдық шаруашылық, электр-жабдық пен телекоммуникациялар жүйелері).
4. Сатып алушы монополиясы – монопсония – мұнда монополиялық билік сатып алушының қолында шоғырланады. Бірақ бұл билікті ол монополистен өзгеше пайдаланады, монополист қымбаттау сатуға тырысады, ал монопсонист – арзандау сатып алуға. Бұл монополияның монопсониядан жалғыз айырмашылығы. Монопсония мысалы – жергілікті еңбек нарығы, онда еңбекті сатып алатын жалғыз жұмыс беруші – фирма қызмет жасайды.
5. Екі жақты монополия – нарықтағы жалғыз сатушысы мен жалғыз сатып алушысы бар ахуал. Екеуі де нарық билігіне ие болғандықтан, өндірістің бағасы мен көлемі олардың келісім жүргізу қабілеттілігі мен бір-бірі жөнінде мәлімет алу деңгейіне байланысты.
2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
Нағыз бәсекелес фирма мен монополист – фирма араларындағы шешуші айырмашылық – нарықтық сұраныста. Монополия жағдайларында бір фирма барлық саланы көрсетіп тұрғанда оның өніміне деген қисық сызығы нағыз бәсекелестік жағдайлардағы нарықтық сұраныстың қисық сызығына тең, яғни төмен түсетін еңкіштігі бар. Бұнын түсінігі: монополист бағаны түсіре отыра, өз сатуларын көбейте алады, өйткені шекті пайдалылықтың азаю заңы әрекетте. Фирма өніміне деген сұраныстың қисық сызықтарының айырмашылығымен таза бәсекелестік жағдайларындағы және таза монополия жағдайларындағы өндіріс арасындағы айырмашылық себептелген. Бәсекелес фирманың шекті табысы тұрақты да өнімнің бағасына тең. Ал монополистің бағасы шекті табыстан асады. 71 суретте монополистің өніміне деген сұраныстың қисық сызығы көрсетілген. Тауардың төртінші бірлігін сатқысы келген монополист бағасын 5 тен 4 төмендетуге мәжбүр.
Бірақ, бұл баға төртінші бірлікке ғана емес, барлығына да таралады. Сондықтан валдық (жалпы) табыстың көбеюі тауардың төртінші бірлігін сату есебінен табыстың көбеюіне тең, шекті табыс – А көлемі үш алдыңғы бірліктердің бағасын төмендетуден айырылған табысты алу – В көлемі. Шекті табыс тауардың әр келесі бірлігін сатудан азаяды. Сондықтан, табыстың шекті қисық сызығында да төмен түскен еңкіштігі бар.
P D
5
4 B
3
2 A
1
1 2 3 4 5 Q
71 сурет. Монополистің өніміне деген сұраныстың қисық сызығы
Монополистің екінші айырмашылығы: ол бағаны өзі қояды (price maker). Сонымен, егер бәсекелес фирма өндірістің көлемі жөнінде (ұсыныс көлемі) шешім қабылдаса, монополист өндіріс көлемі мен бағалар деңгейі жөнінде де шешім қабылдауға тиісті. Сонымен бірге монополист өндіріс көлемін шектейді, себебі, оның үлкейген жағдайында баға түседі. Қорытындай келе, монополистің алдында 2 мақсат тұратындығын айтуға болады:
1) ең жоғары пайда түсетін (Q) өндіріс көлемін табу (бұл MR = MC өндіріс көлемі)
2) Q тең өндіріс көлемінде сұраныс бағасына сәйкес келетін бағаны (Р) табу. Бірінші мақсатқа жету үшін монополист MR = MC ережесін басшылыққа алады. Бұл жағдайда монополистің ұсыныс көлемі бәсекелес ұсыныстан аз болып шығады. Баға белгілегенде, ол пайданы көбейту ережесінен алынған формуланы пайдаланады:
Р = MC/(1 + 1/ED) (американдық тәжірибеде бұл ереже «бас бармақ» ережесі деп аталады).
Монополист өндіріс шығындарын сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамадан асатын бағаны белгілейді. Мұндай монополиялық баға шекті шығындар мен шекті табыстан асып кетеді, сондықтан ол бәсекелес бағадан көп: Р>MR = MC (ED = ∞ жағдайды санамағанда). Бұл баға пайданы көбейту тұрғыдан қарағанда, ең тиімді, оңтайлы. Осындай баға монополиске жоғары пайда алуын қамтамасыз етеді. Солай, біз монополистің қысқа мерзімді тепе-теңдік үлгісін алдық (72 сурет): М1 – тепе-теңдік нүктесі, ол QМ өндірістің тепе-теңдік көлеміне, мұнда (MR = MC) және РМ тепе-теңдік бағасына сәйкес. Бұл жағдайда РМ>MR = MC
A
MC
PM M'
E
PE
М
MR D
QM QE
72 сурет. Монополистің қысқа мерзімді тепе-теңдігі
Монополиялық нарық билігі кейде дұрыс түсіндірілмейді: монополистің әрекеттеріне қатысты көптеген қисық пікірлер бар:
Монополист әрдайым жоғары бағаны белгілейді. Бұл олай емес: монополистің бағасы жоғары емес, ең нәтижелі, яғни ең жоғары пайданы қамтамасыз ететін.
Монополиялық билікке ие болу – пайда алудың кепілдігі. Бұл дұрыс емес, өйткені кейбір жағдайларда (сұраныс азайғанда) монополист шығындарға ұшырайды.
Монополист орташа пайданы өсіруге (көбейтуге) ұмтылады (өнім бірлігінен пайда алу). Бұл пікір де дұрыс емес. Шын мәнінде, монополист валдық (жалпы, жиынтық) пайданы көбейтуге (өсіруге) ұмтылады. Бағасы 32 доллар тұратын өнімнің 4 бірлігін сатып, 128 доллар пайда алғанша, ол бағасы 28 доллар тұратын өнімнің 5 бірлігін сатуын қалайды.
Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
Келесі ахуалды қарайық: фирма – монополист ұзақ мерзімді кезеңде өндірісі кеңейту жөнінде шешім қабылдайды. Ол бар өндіріс шеңберінде жаңа өндірістік қуаттарды енгізуге дайын, яғни өздеріндегі бар зауытпен шектеледі. Бірақ ол екінші, үшінші, төртінші зауыттарды салып, ары қарай дами алады. Өндірісті кеңейту жөніндегі монополистің шешімі ұзақ мерзімді шығындар мен нарық сұранысы ара қатынастарынан тәуелді. MR = LRMC жағдайында ұзақ мерзімді тепе-тендікке жеткен монополист пайданы өсіруге мүмкіндік беретін өндірістің кез келген көлемін таңдай алады.
Егер монополист ең аз орташа ұзақ мерзімді LRACmin шығындардан жоғары шығындармен өндірсе, бұл өндіріс факторларын пайдалану нәтижесіздігінің көрсеткіші болып табылады. Ауқым әсерінің жартылай пайдалану немесе кері ауқым әсерінің әрекеті себеп болуы мүмкін. Монополия жағдайында ауқым әсерінен фирма ұтады, егер нарық сұранысы МС = MR жағдайын қамтамасыз етсе. Енді монополист өндірісті кеңейту жөнінде шешім қалай қабылдайтынын қарайық 73 суретте монополист ұсынысының q-дан Q-ға дейін өсуі көрсетілген. Q тең өндіріс көлемінде ең аз қысқа мерзімді орташа шығындар АС2 қисық сызығымен белгіленген. Сонда ұзақ мерзімді орташа LRAC2 шығындар q тең өндіріс көлеміне LRACmin айтарлықтай асады, q ауқымды 2 зауыт салып, монополист жиынтық ұсынысты 2q дейін көбейтеді. Бұл өндірістің ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындарда іске асырылуын білдіреді: MR = LRMC = LRACmin. Нарық бағасы нәтижесінде азаяды (РQ – Р2q дейін), бірақ монополистің жиынтық пайдасы ұсыныстың өсуі мен өндірістің орташа шығындарының төмендеуі есебінен өседі.
P LRMC
LRAC
PQ
P2q
AC2
D
LRAC2 AC1
LRACmin
MR
q Q 2q
73 сурет. Ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемін оңтайландыру
Жоғарыда айтылғанның негізінде бір маңызды түйін жасауға болады: монополиялық өндіріс жағдайларында баға мен ұсыныс араларындағы тәуелділікті білдіретін ұсыныстың қисық сызығы жоқ. Бұл қисық сызықты салу мүмкін емес, өйткені монополия жағдайларында баға мен ұсыныс арасында бірдей тәуелділігі болмайды. Шынында да, ұсыныс шамасы мұнда бағамен емес, сұраныстың икемділік деңгейімен анықталады. Өндірістің сол бір көлемінде монополиялық фирма сұранысқа байланысты әртүрлі баға белгілей алады, бір баға бойынша өнімнің көлемін өндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |