Байланысты: 2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5
2.2 Жаттығушылар белсенділерін даярлау және тәрбиелеу Ұжым кеңесі мен мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің бірі - дене тәрбиесі ұжымының айналасына мектеп оқушыларының арасынан көп санды және тиісті деңгейде дайындықтан өткізілген белсенділерді ұйымдастыру мен топтастыру. Ондай белсенділерсіз сыныптан тыс спорттық жұмыстардың өрісін кеңейту мүмкін емес.
Белсенділердің бірінші тобы — дене тәрбиесінің ұйымдастырушылары мен насихаттаушылары. Бұл топқа жататындар: сыныптардағы дене тәрбиесінің ұйымдастырушылары, топ жетекшілері, секция төрағалары, ұжым кеңесінің және оның жанынан ұйымдастырылған әр түрлі комиссиялардың мүшелері.
Белсенділердің екінші тобы - мұғалімнің оқу-спорт жұмыстары жөніндегі көмекшілері, арнайы семинарлардан өтіп, мұғалімнің бақылауымен және тапсыруымен оқушылар тобымен сабақ өткізетін қоғамдық нұсқаушылар, жеке командалардың жаттығуында мұғалім мен жаттықтырушыға көмектесетін спорттық командалар капитандары, спорттың жеке түрлері бойынша төрешілер, жарыстардағы бақылаушылар мен хатшылар және т. б.
Белсенділердің үшінші тобы – көпшіліктік спортшыларды жүргізетін, жарыс пен әр түрлі ойындарды басқарушылар.
Белсенділерді даярлаудың негізгі түрі — семинарлар, ал басқару түрі - жеке немесе топтық нұскау беру мен мәжілістер.
Дене тәрбиесінің ұйымдастырушылары, кеңес мүшелері, секция төрағалары, қоғамдық нұскаушылар және спорттың жеке түрлері бойынша тағайындалған төрешілер үшін семинарлар өткізіліп тұрады.
Семинарларды халыққа білім беру бөлімдерімен бірлесе отырьш аудандық немесе қалалық дене тәрбиесі және спорт комитеттері ұйымдастырып, өткізеді. Семинарлар осы аталған ұйымдармен келісе отырып, тікелей мектептің езінде өткізілуі де мүмкін [43].
Спорттың жеке түрлері бойынша қоғамдық нұсқаушыларды даярлағанда семинар бағдарламасында мектептегі дене тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны туралы, дене тәрбиесі жүйесінің негізі болып есептелетін Президент сынамалары туралы, спортпен айналысуға байланысты адам организмі мен оның қызметінде болатын өзгерістер туралы және сол спорт түрі бойынша теориялық және практикалық сабақтар: мектепте жаттығу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу әдістері, жарыс ережелері мен оны ұйымдастыру, спорттың осы түрінін техникасы мен тактикасын үйрену туралы мәселелерді қарастыру керек.
Спорттың жеке түрлері бойынша төрешілерді даярлауда семинар бағдарламасында спорт саласындағы мектептің міндеттері, Президенттік сынамалар, оқушы-спортшыларды тәрбиелеудегі төрешілердің рөлі, бірыңғай спорттық классификация, спорт түрінің қысқаша техникасы мен тактикасы, жарысты ұйымдастыру мен өткізу, жарыс ережесі, төрешілік ету мәселелері қарастырылады.
Мектептің жағдайында спорттың түріне, семинарға жіберілген оқушылардың даярлық деңгейіне байланысты оқу жоспары басқарушы ұйымдардың рұқсатымен нақтыланып, өзгеруі мүмкін.
Семинарларда даярлықтан өткен белсенділер жүйелі басшылықты және мамандығын түрақты жетілдіріп отыруды қажет етеді. Басшылық ең алдымен жекелей және топтық нұскау беру түрінде іске асырылады.
Мұғалім жас төрешінің жұмысын бақылай отырып, оған әр түрлі жөн сілтеуі мүмкін: міне осыны жеке нұсқалар деуге болады. Мұғалім сыныптардағы дене тәрбиесі ұйымдастырушыларын жинап және алда болатын мектеп спартакиадасына байланысты олармен бірге спартакиаданың күнтізбесі мен ережесін пысықтайды және оларды ұйымдастыру жұмыстарының мазмұны туралы нұсқау береді. Немесе екі жеті сайын қоғамдық нұсқаушыларды жинап, секциядағы болатын алдағы екі-үш сабақтың мазмұны бойынша нұсқаулық өткізеді. Мұны топтық нұсқау беру немесе нұсқаулық сабақтар деуге болады.
Жиналыстар (мәжілістер), оқу жиындары және конференциялар басшылық ету және мамандықты жетілдіру түрі болып табылады. Бұларды алдын ала белгіленген және мұқият әзірленген бағдарлама бойынша халыққа білім беру бөлімдері мен дене тәрбиесі және спорт жөніндегі басқармалар өткізеді. Нұсқау беру мақсатында дене шынықтыру белсенділерінің жұмысын есепке алуды ұйымдастыруға және жүргізілген жұмыстар туралы қоғамдық ұйымдардағы есепке назар аудару кажет. Сынып дене тәрбиесінің ұйымдастырушысы сынып мүшелерінің жалпы жиналысында, төраға секция мүшелерінің жалпы жиналысы алдында, топ жетекшісі топтың жалпы жиналысында, команда капитаны өз командасының алдында есеп береді. Алдыңғы қатарлы белсенділерге алғыс жариялап (мектеп бойынша), спорттық құрал-жабдықтарды пайдалануға жеңілдіктер беру арқылы көтермелеп отырған жөн.
Көпшіліктік спорт жұмыстарының негізгі ұйымдастырушы формасы орта мектептердің дене тәрбиесі ұжымы болып табылады. Дене тәрбиесі ұжымының басшылығымен сыныптардағы оқушылар арасында дене тәрбиесі бойынша көпшіліктік жұмыстар ұйымдастырылады. Дене тәрбиесі ұжьмы мектеп директоры мен дене тәрбиесі пәні мұғалімінің басшылығы және мектеп белсенділерінің (оқушылар), сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп дәрігерінің қатысуы және олардың белсенді көмегі болып табылады.
Мектептің дене тәрбиесі ұжымы төмендегідей міндеттерді атқарады.
1. Дене тәрбиесі мен спортқа оқушыларды көптеп тарту, оларды Президент сынамаларын тапсыруға даярлау.
2. Оқушылардың денсаулығын нығайту, денесінің дамуын жетілдіру, сабақ үлгерімін арттыру жұмыстары бойынша мектепке қолғабыс тигізу.
3. Сабақтарда оқушылардың алған білімі мен дағдыларын жетілдіру, спортпен жүйелі түрде айналысуға деген олардың ұмтылысын туғызу.
4. Оқушылар арасынан қоғамдық дене тәрбиесі белсенділерін: дене тәрбиесі ұйымдастырушыларын, қоғамдық нұсқаушыларды, команда капитандарын, спорттың әр түрі бойынша төрешілерді және өзге де басқарушы белсенділерді даярлау.
5. Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында дене шынықтыру мен спортты үгіттеу және насихаттау.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ұжым өз жұмысын екі бағытта құрады:
1) өз секцияларындағы оқу-спорт жұмыстарын ұйымдастыру бағыты бойынша;
2) мектептің барлық оқушыларының арасында көпшіліктік дене тәрбиесі жұмыстарын кеңінен өрістету бағыты бойынша.Спорттың мақсаты мен міндеті
Спорт дегеніміз - әрбір жеке тұлғаның таңдаған спорт түрінен жоғарғы нәтижеге жетікізу саласы. Яғни жарыс әрекстінің, спортшыларды жарыстарға катысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дсне шынықтырудың бір түрі. Қызметі спорттық әрекет, жарысушылық. интернационалдық, жүйксні реттсйтін, комуникативтік ақпараттық, жалпы мәдениеттік, денені жетілдіру, эвристикалық, бейбітшілік қызметі, ойын-сауықтық іс-әрекет..
Жарыстар жөніндегі ереже. Алдын ала, бәрінен бұрын жарыс күнтізбесін жасаумен бір мезгілде «Жарыстар жөніндегі ереже» жасауы керек. «Ережені» сол жарысты өткізетін жауапты ұйым жасайды, облыстық деңгейдегі жарыстар жөніндегі ережені облыстық білім департамеіптері аудандық оқушылар жарыстары жөніндегі аудандық оқу бөлімдері, ал мектепішілік жарыстар жөніндегі ережеге дене тәрбиесінің мұғалімі жасап, мектеп директоры бекітеді.
Кез келген «Жарыс жөніндегі ереже» мынадай бөлімдерді қамтуы керек: жарыстың міндеттері, жарысқа даярлық пен оны өткуге басшылық, жарыстың өткізілетін уақыты мен орны, командалар мен қызығуушылардың құрамы, жарыс бағдарламасы, бағалау жүйесі жәнс бағдарламаның әрбір түрі мен тәсілі, бағдарламаның нөмірлері мен спорт түрлері бойынша жеке қатысушы-жеңімпаздар мен Жеіңімпаз командаларға сыйлық беру мсн мадақтау реттері тапсырыс (заявка) беру мерзімдсрі.
«Ереже» сыныптарға, мектептерге, аудандарға, облыстарға сол жарысты өткізуден екі ай бұрын хабарлануы тиіс. Жарыстың бағдарламасы. Жарыс бағдарламасында тек ең маңызды және қойылған міндеттерді шешуге қажетті деген нәрселер ғана болуы қажет. Бағдарламада жас ерекшелігі топтарына бөлінген спорттық жаттығулар түрі мен спорттың түрі атап айтқанда және сынақ түрі жағынан командалық па, жекелсй ме немесе жекелей командалықта, осылар көрсетіледі.. Спортшылар оқушылардың жас ерекшелігше сәйкес келуі керек, Кептеген мектептің жасөспірімі жарыстарының жоғарыда тұрған ұйымдардың ұсынған бағдарламалары мен спорттың жеке түрлері бойынша жасалған ережелер алынып жүр.
Сыныптантыс дене тәрбиесі ұжымының жалпы жұмыс жоспары
І.Окушы-белсенділердің мәжілісін өткізу.
2.Ұжым кеңесінің жаңа құрамына кандидаттар ұсыну жөнінде мектептегі оку ісі бөлімімен келісу.
З.Секцияға жазылу туралы хабарландыру әзірлеу.
4.Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерін кайта тіркеуден өткізу.
5.Дене тәрбиешілері мен сынып жетекшілері арқылы дене тәрбиесі ұжымының жаңа мүшелерін тіркеу.
6.Ұжымның құрамындағы окушылардың жиналысын өткізу және дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жаңа құрамын сайлау.
7.Ұжым ксңесінің жаңа құрамының жиналысын өткізу жэне олардың міндеттерін өзара бөлу. Мектептен тыс дене тәрбиесі. Мектептен тыс жүмыстарды ж\фгізу негізінен 5-сыныптан басталып, 11-сыныппен аяқталады. Мұнда мектептегі 5 - 11 сыныптарда дене тәрбиесі бойынша өткізілетін мектептен тыс жрмыстардың алдына қойған максат-міндсттері, бағыт-бағдарлары, оларды ұйымдастыру әдіс-тәсілдері өзінін тұтастық сипатын сақтай отырып, жүйслі түрдс беріледі.
Дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілегін мектептен тыс жұмыстар мектептегі оқу тәрбис ісінін маңызды бөліктерінің бірі болып табылады және оқу-төрбие ісінің міңдеттрін, атап айтканда, дене тәрбиесі бойынша мектсп бағдарламасыңда көрсетілген міндетерді табысты түрде шешуге жәрдесуді алдына мақсат етіп койып отыр. Дене тәрбиесі мсн спорт бойыынша жүргізілетін мектсптен тыс жұмыстар мектептін оқу жоспары арқылы дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың алатын білім, білім, дағдыларын тереңдетуге, окушылардың денсаулығы мен денесінін жан-жақты даму деңгейін өсіруге, спортпен жүйелі түрде айналысуға деген қызығушылықтарын арттыруға тиіс.
Дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілетін мектепттен тыс жұмыстар Отанға деген сүйіспеншілік пен шын берілгендікті, саналы тәртіп пен адамгершілік тәрбиесінің өзге де жақтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектептен тыс дене тәрбиесі орталық спорт кешеңдсрінде, спорт сарай, мәдениет орталықтарында. спорттық манеждерде жүргізіледі.