Мазмұны Кіріспе Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу


Күресші іс-әрекетінің негізгі түрі ретінде



бет29/36
Дата07.02.2022
өлшемі440,5 Kb.
#87380
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5

Күресші іс-әрекетінің негізгі түрі ретінде. Дене шынықтыру да бұқаралық спортта да адамдардың іс-әрекеті өзіне, өздерінің физикалық және психологиялық сапаларын жетілдіруге бағытталған. Бұл іс-әрекеттің негізгіу мақсаты-тұлғаның гармониялық дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын физикалық өркендеу.Негізгі мақсатқа жету күнделікті арнайы физикалық жаттығуларды талап етеді. Жаттығулардың тиімділігі мен жүйелілігі, физикалық сапалар дыбыстарының белгілі бір деңгейінде айқындалады.
Күресшінің жеке басының қасиеттері іс-әрекеттерінде, қылықтарында көрінеді: ол өзінің пайдалы немесе зиянды сапаларын көрсетеді. Н.Г.Чернишевскийдің сөзіне қарағанда, адамның ақылы мен мінез-құлқы туралы ең анық мәліметтерді ол адамның іс-әрекеттерін зерттеу арқылы ғана білуге болады.
Күресшінің іс-әрекеті теориялық және практикалық формада жүзеге асырылады. Теориялық іс-әрекетінің мысалы ретінде ғылымның теориялық формула, ереже, сурет және т.с.с. құбылыстардың жалпы заңдылықтарын белгілейді. Сондай-ақ практикалық іс-әрекеттің мысалы ретінде табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылап, эксперимент жасау арқылы зерттейтін ғалымдардың жұмысын алуға болады.
Бірақ қандай іс-әрекетте болса да теориялық және практикалық іс-әрекеттің компоненттері бар. Іс-әрекеттің құрылымындағы мақсат қоя білу, жоспарлауды, жұмыс әдістерін іріктеп алуды теориялық іс-әрекетке, ал қалғандарын практикалық іс-әрекетке жатқызуға болады.
Адамның іс-әрекетінің маңызды бір формасы-адамның бір-бірімен қарым-қатынаста болуы. Бұл тек сөз сөйлеуде ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар іс-әрекеттің басқа формаларында да, айталық дене тәрбиелік және спорттық өнермен шұғылдануда да жүзеге асады. Олардың іс-әрекеті мыңдаған басқа адамдарға қуаныш әкеледі., сүйсіндіреді, олар белгілі спорт қайраткерлерімен қарым-қатынаста болып, шығармашылық қабілеттерін одан әрі шыңдауға кеңестер алады, елімізге жеңіс пен мәртебе сыйлайды.
Дене шынықтыру мен спортта оқытушылардың психологиялық негіздерінің ортақ қасиеттері бар, алайда оларда біраз айырмашылықтар да кездеседі. Спорттық және дене тәрбиесінің іс-әрекеттері психологиялық ерекшеліктері анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет