Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетті. ХХ ғасырдың басындағы алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басты мақсат деп білді.Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті.
Қазақ зиялыларының көш басшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында:
Алаш зиялылары мен олардың қызметі;
білімге деген құлшынысты ояту;
сауатсыздықты жою;
қазақ тілін дамыту, қазақ тілінде мектеп оқулықтарын шығару;
баспасөз;
«Талап», «Алқа» ұйымдарының қызметін;
қазақ әйелдерінің қоғамдық және шығармашылық қызметі;
қазақ публицистикасы,драматургиясы,журналистикасы...
қазақтың ақын-әншілерінің шығамашылығы
бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дәрігерлер, саясатшылар, судялар, ақын-жазушылар болатын. Бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді азамататры- Ә.Бөкеханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, және басқалардың қалыптасуымен ерекшеленді. Қазақстан ғылымының қаулап дамуы кеңес үкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды, бірақ оның ірге тасын нақ жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ зиялыларының таланты жас өкілдері қалаған еді.