Зерттеу кезеңдері
Зерттеу жұмысы 3 кезеңге сәйкес жүргізілді.
1 кезең (2016-2017жж.) -
қарастырылып отырған проблема бойынша
материалдар жинақталып, оларға талдау жасалды, жүйеленді, ғылыми аппарат
анықталды, жоғары оқу орындарының, мектеп мұғалімдерінің озық
тәжірибелері жиналып, қорытыланды, тәжірибелік-эксперимент жұмысының
бағдарламасы даярланды.
2 кезең (2017-2018жж.) -
жоғары оқу орнының білім беру ортасында
пайдаланылатын
студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту
материалдары сұрыпталды, аталған дамудың құрылымдық-мазмұндық моделі
жасалды, психологиялық-педагогикалық шарттары айқындалды. Элективті
курс бағдарламасы әзірленіп, мазмұны жасалды. Оларды оқу-тәрбие үдерісінде
пайдаланудың әдістемесі жасалды, мәдени жағдаяттар жүйесі, кезеңдермен
дамытудың
ғылыми-әдістемелік
ұсыныстары
әзірленді.
Тәжірибелік-
эксперимент жұмысы жүргізілді, аралық кесінділер алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |