Мдұ педагог-психологы кабинетінің түзетушілік секторы



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі33,69 Kb.
#79690
1   2
Байланысты:
МДҰ педагог-психологы кабинетінің түзетушілік секторы

Ойын және жаттығу аймағы.

  • Ойыншықтарды, құрылыс материалын және т. с. с. сақтауға арналған шкафтар немесе стенка.

  • Көлемі мемлекеттік стандартқа сай балалар үстелдері мен орындықтары.

  • Ойыншықтарға, оқулықтарға, кітаптарға арналған сөрелер.

  • Кішкене диван.

  • Балалардың ойын жиһазының жинағы.

  • Қабырға тақтасы.

  • Айна.

  • Кілем немесе кілем жабындылар.

Балалардың қозғалмалы қызмет аймағы.

  • Еңіс төбешік.

  • Саты – баспалдақ.

  • Гимнастикалық қабырға (немесе балалардың спорттық кешені).

  • Кілем немесе кілем жабындылар.
    Тірі табиғат бұрышы.

Тірі табиғат бұрышының терезеге жақын жерде орналасқаны орынды. Терезе кабинеттің барынша жарық жағына қарсы тұруы тиіс, себебі табиғи жарық өсімдіктердің тіршілігіне әсер етуші, оңтайлы шағын климат қалыптастырушы басты экологиялық фактор болып табылады. Психолог кабинеті үшін аса күтімді қажет етпейтін, бірақ сонда да жасыл жапырағы мол өсімдіктер керек. Өсімдіктерді таңдағанда олардың тағы бір маңызды қасиеті – ауаға оң немесе теріс қуат тарататын қабілетін ескеру қажет.
Коланхое, қазтамақ, раушан, қырыққұлақ, бегония, баданалының бәрі, лавр оң қуат таратады.
Дені сау өсімдіктер адамдардың денсаулығына барынша жақсы әсер етеді.
Интерьердің түсі бойынша әртүрлі элементтері бөлме өсімдіктерімен және өзімен өзі үйлесімділікте болуы тиіс. Бұл ретте басты талап – тітіркену мен ашушаңдық тудырмайтындай байсалды және бейтарап түстерді қолдану. Тірі бұрыштың қабырғаларына суретті тұсқағаздар жапсырылып, белгілі пейзажды: қылқанды орманды, шоқ қайыңды, теңіз жағасын, сарқыраманы және т. б. бейнелеуі мүмкін.
Интерьерді:

  • құстарға арналған тор немесе вольер;

  • балықтары бар аквариум толықтырады.

Маманның жұмыс аймағы.

  1. Маман үстелі (бір немесе екі тумбалы).

  2. Ересектер орындығы (2-3 дн.).

  3. Журнал үстелі бар жұмсақ жиһаз.

  4. Кітаптар мен карточкаларға арналған стеллаж немесе шкаф.

  5. Мұнда:

  • психологиялық әдебиеттердің;

  • танымдық саланы дамытуға және түзетуге арналған ойындар мен жаттығулардың;

  • балалармен жұмыстың диагностикалық әдістемелеріне арналған ынталандырушы материалдардың;

  • ата-аналармен және педагогтармен жұмыстың диагностикалық әдістемелеріне арналған ынталандырушы материалдардың;

  • тесттер мен сауалнамалар бланктерінің картотекасы болуы тиіс.

Мұндай картотекалардың болуы психолог жұмысын жүйелейді, уақыт үнемдеуге көмектеседі.
Әдебиет мынадай бөлімдер бойынша топтастырылуы тиіс:

  • жалпы психология бойынша (сөздіктерді қоса);

  • балалар психологиясы мен балалардың жас ерекшеліктері бойынша;

  • түзетушілік-дамытушы;

  • балалардың даму деңгейін диагностикалау бойынша;

  • ата-аналарға арналған;

  • мерзімдік басылымдар;

  • МДҰ-ның психологиялық қызметін ұйымдастыру бойынша.

Ойын бөлмесінің дәретханасы.

  • Жуынуға арналған шұңғылша.

  • Сүлгілерге және дәретхана керек-жарақтарына арналған ілгіштер.

  • Унитаз-құйылыс.

  • Қоқысқа арналған себет.

  • Тазалау керек-жарақтарын сақтауға арналған шаруашылық шкафы.

© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование»
vip-edu.mcfr.kz
Дата копирования: 12.06.2018

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет