Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско


Көзге арналған дәрілік түрлерді



бет2/3
Дата26.01.2022
өлшемі86,41 Kb.
#115086
1   2   3
Байланысты:
10 практика c1699360ec2b2bf4cceecc459dcd71d8 (копия)

Көзге арналған дәрілік түрлерді тұрақтандыру, стерилдеу, камфортығын қамтамасыз ету, әсерін ұзарту. Көз тамшыларының және басуға арналған ерітінділердің стерильділігін қамтамасыз ету үшін, оларды асептикалық жағдайда дайындайды. Термостабильді ерітінділерді (атропин сульфаты, пилокарпин гидрохлориды, цинк сульфаты ерітінділерін) стерильдейді. Термолабильді дәрілік заттардың ерітінділері (резорцин, физостигмин, салицилат, бензилпенициллин натрий, кейбір көп компонентті жазылымдар) асептикалық жағдайда стерильдеусіз дайындалады.

Микроорганизмдерді және олардың спораларын ұстап қалатын мембранды және терең қабатты фильтрлер көмегімен (стерильді фильтрлеу) стерилдейді. Көз тамшыларының және көзге басуға арналған ерітінділердің қолдану кезінде стерилділігін сақтау үшін, олардың құрамына дәрігердің рұқсатымен консерванттар: мертиолат (0,005%), этанолмеркурий хлориды (0,06%), цетилпиридин хлориді (0,01%), хлорэтон (0,5%), нипагин (0,1%), левомицетин (0,15%), бензил спирті (0,9%) қосылады. Көзге арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Шаншуға арналған ерітінділердегідей, шартты түрде, тұрақтандыруды қажет ететін көзге арналған ерітінділерді үш топқа бөледі: әлсіз негізбен және күшті қышқылдан тұратын тұздар, күшті негізден және әлсіз қышқылдан түзілген тұздар, жеңіл тотығатын заттар. Құрамында бірінші топтың дәрілік заттары бар көз тамшылары мен көзге басуға арналған ерітінділерін тұрақтандыру үшін, хлор сутек қышқылын қолдану тиімсіз, себебі ол көздің кілегей қабығын тітіркендіреді.

Хлор сутек қышқылының орнына дәрігердің көрсетуі бойынша 1,9-2% әлсіз бор қышқылы қолданылады. Бұл тұрақтандырғыш шыныдан бөлінетін сілтіні нейтралдайды және гидролиз, тотығу, күрделі эфир байланыстарының сабындану реакцияларын болдырмайды. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар: физостигмин салицилаты, дикаин, новокаин, мезатон, совкаин және цинк тұздары бар қышқылының 1,9-2% изотондық ерітіндісімен тұрақтандырады. Атропин сульфатының, эфедрин гидрохлоридінің, скополамин гидробромидінің, скополамин гидробромидінің ерітінділерін буферлі ерітінділерді (pH 6,5) қосып тұрақтандырады, ал дәріхана жағдайында натрий хлоридының изотонды ерітіндісінде дайындайды. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың сулы ерітінділерін 0,1 н. натрий гидрооксид ерітіндісімен тұрақтандырады.

Жеңіл тотығатын дәрілік заттардың (сульфацил-натрий, аскорбин қышқылы, адреналин гидрохлориді) ерітінділерін тұрақтандыру үшін натрий сульфит, натрий метабисульфит, трилон Б және басқалар қолданылады. Көз тамшыларының және көзге басуға арналған ерітінділердің комфорттығын қамтамасыз ету. Көптеген көз тамшылары инстилляциялау кезінде қолайсыз сезім, әдебиеттерде көрсетілгендей, дискомфортты құбылыстар, көзге арналған ерітінділердің осмостық қысымы және pH мәнінің көз жасы сұйығының мәндеріне сәйкес келмегенімен түсіндіріледі.

Көз жасы сұйықтығының осмостық қысымы нормада, қан плазмасының және (0,9 %) натрий хлориды ерітіндісің осмостық қысымына сәйкес. Сондықтан көзге арналған ерітінділердің де осмостық қысымы сондай болуы керек. Көз тамшыларында механикалық қоспалардың болмауын қамтамасыз ету. Көзге арналған ерітінділердің механикалық қоспамен ластануы көздің кілегей қабығын қатты тітіркендіреді, механикалық қоспалардан көзге арналған ерітінділерді шаншуға арналған ерітінділердей (N 3) шыны фильтр, қағаз немесе мембранды фильтр, фильтрлер арқылы сүзеді. Көз тамшыларының және көзге арналған ерітінділердің әсерін ұзарту.

Көз тамшыларының кемшілігі - құрамында арнайы қоспалары жоқ дәрілік заттардың сулы ерітінділерінің терапевтік әсері қысқа болады. Бұл, науқасқа және медициналық персоналға қолайсыз, сонымен қатар көзге қауіпті, оларды жиі инстилляциялау қажеттілігімен түсіндіріледі. Мысалы, пилокарпин гидрохлоридының сулы ерітіндісінің максимум гипотензивтік эффектісі, глаукомамен ауыратын науқастарда, 2 сағат аралығында байқалады, сондықтан көз тамшысы тәулігіне 6 ретке дейін инстилляциялауды қажет етеді. Осы кезде көз іші қысымының тез өзгеруі байқалады.

Сулы ерітінділерді жиі инстилляциялау, құрамында лизоцим бар көз жасы сұйықтығын жуып, соның әсерінен инфекциялық процестің пайда болуына жағдай жасайды. Көз тамшыларының инстилляциялау жиілігін қысқарту және бірден көз ұлпаларымен жанасу уақытын ұзарту үшін, дәрілік заттардың әсерін ұзарту: көз тамшыларының құрамына тұтқыр еріткіштер, синтетикалық гидрофильді ЖМҚ, метицеллюлоза (0,5-2%), карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы (0,5-2%), поливинил (1,5%), полиглюкин және т.б. қосу арқылы жүргізеді. Бұл заттар көздің шырышты қабығын тітіркендірмейді, кей жағдайларда көздің мүйізді қабығының эрозиясының эпителизациясын тездетеді және де көптеген дәрілік заттармен, консерванттармен сыйымды.

Көз тамшыларының жеке технологиясы.

Көз тамшыларында дәрілік заттың концентрациясының дәлдігіне, заттың дәл өлшенуі, әсіресе жазылған дәрілік заттың мөлшері 0,05 г төмен болса, әсер етеді. Мұндай жағдайда дәрілік заттардың концентрлі ерітінділерін қолдануға болады. Концентрлі ерітінділер асептикалық жағдайда дайындалады және стерильденеді. Бір компонентті және көп компонентті концентрлі ерітінділер қолданылады.

Көз жағар майлары. Көз жағар майлары көз конъюнктивасына жағуға белгіленеді. Көздің конъюнктиві өте нәзік қабық, сондықтан көз жағар майларын бөлек топқа жатқызады және оларға келесі талаптар қойылады:



  • көз конъюнктивін жарақаттайтын, өткір ұштары бар қатты бөлшектер болмауы;

  • ылғал кілегей қабатта жеңіл және өз бетінше таралуы қажет;

  • жағар майдың рН мәні көз жасы сұйықтығының рН мәніне сай болуы, басқа жағдайда жас ағып, дәрі тез жуылып кетеді;

  • көз жағар майлары өте жоғары сапалы негізде дайындалуы және қатты фазасы өте майда дисперсиялы болуы керек.

Көз жағар майларында негіз ретінде «көз жағар майы үшін» сортындағы вазелин және әр түрлі қатынастағы вазелин мен ланолин балқымасы қолданылады. Егер жазылымда негіз көрсетілмесе, онда МФ ХІ басылымы «Жағар майлар» мақаласына сәйкес 10 бөлік сусыз ланолин мен 90 бөлік вазелин балқымасы қолданылады. Қоспаны балқытып, фильтрлейді, содан соң стерильденген құрғақ банкіге салып, пергамент қағазбен жауып, кептіргіш шкафтарда 180°С 30 минут немесе 200°С 15 минут стерильдейді. Дайын негіз жарықтан қорғалған жерде 25°С температурада 2 тәулік немесе 3-5°С 30 тәуліктей сақталады. Көз жағар майы асептикалық жағдайда дайындалады. Барлық көмекші материалдар алдын-ала стерильденген болуы керек. Дәрілік заттар негізге дерматологиялық жағар майлардағы секілді жалпы ережелер бойынша енгізіледі. Суда еритін заттарды алдын-ала стерильді суда ерітеді. Мырыш сульфаты, резорцин, пирогаллол көз жағар майы дерматологиялық жағар майлардан өзгешілігі құрамына, сулы ерітінді түрінде енгізіледі. Суда және негізде ерімейтін дәрілік заттарды қосымша сұйықтықпен мұқият ысқылап, майда ұнтақ (суспензия) түрінде негізге енгізіледі. Көз жағар майларын тығыз жабылатын стерильді шыны немесе фарфор банкілерде босатады. Жағар май қолдану кезінде ластанбауы үшін, оны стерильді қалақшамен бірге босатқан орынды. Көз жағар майларының бұралатын қақпағы бар тубаларда босатқан ыңғайлы.

Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын бағалау. Көз тамшыларының және көзге арналған ерітінділердің сапасын тексеру: химиялық (сандық, сапалық) талдау жүргізіледі, механикалық қоспаның болмауын, түстілігі, көлемінің сәйкестігі тексеріледі.

Көз тамшылары мен ерітінділерінің сапасын қамтамасыз ететін құралдар мен тәсілдерінің көрсеткіштері

Көзге арналған дәрілік түрлердің технологиясын жетілдірудің негізгі бағыттары. Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын және технологиясын жетілдіруді келесі бағыттармен дамытқан ұтымды: көз тамшыларын фильтрлеу, дозалау, орамдау, стерильдеу үшін ықшамды, жоғары өнімді, қолданғанда сенімді және қарапайым қондырғылар мен аппараттарды дамыту; жаңа жетілген қосымша заттарды биоадекватты табиғи полимер коллаген, полисахарид аубазидан, карбопол және басқа қосымша заттарды консервант, тұрақтандырғыш, буферлі еріткіштер, пролонгаторлар ретінде қолдану; көз тамшылары мен ерітінділерінің сапасын бағалауда, әсіресе, олардың стерильділігін тексергенде адекватты экспресс бақылау әдістерін жете зерттеу; көз тамшыларын, ерітінділерін, жағар майларын радикалды жетілдіру, оларды бір рет қолданылатын орауыштағы дайын дәрілік құралдар ретінде шығару.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет