3. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
4. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды және ауыз-мұрын жапқышты киіңіз.
5. Бір реттік шприцті ашыңыз, оны жинаңыз, ауасын шығарыңыз.
6. Науаға қақпақшасымен салыңыз.
7. Әйелдің иығына резеңке бұрауды салыңыз, олардың ортасына сүрткіні
немесе орамалды қойыңыз.
8. Көктамырды табыңыз.
9. Тесетін жерді спиртпен әртүрлі шариктермен екі рет тазалаңыз, оларды дезерітіндіге тастаңыз.
10. Сол қолдың үлкен саусағымен болжамалы тесетін жерден төмен көктамырды бекітіңіз.
11. Теріні тесіп көктамырға еніңіз.
12. Мікбасты (поршенді) жай өзіңе тарта отырып, 5-7 мл қан алыңыз.
13.Бұрауды шешіңіз.
14. Көктамырдан инені тартып алыңыз.
15. Тесілген жерге спиртпен мақта тығынды салыңыз, әйелден, оны сәл 3-5 минутқа (қан ісіктің алдын алу) қысып ұстауын сұраңыз.
16.Инені шығарыңыз, оны науаға дезинфекция үшін тастаңыз.
17. Шприцтегі қанды пробирканың қабырғасына қарай жайлап жіберіңіз.