5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сынып түстер әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр бір топ өздерінің сүйіспеншілік туралы түсініктерін, оның өмірдегі көрінісін плакатқа коллаж арқылы жасайды. Әр топта жұмыс істеу материалы әр түрлі болу керек:
1 топ – әр түрлі түймелер, ине-жіп, замок, биссер, су моншақ және т.с.с.
2 топ – газет-журналдардан сурет қиып алып, желіммен жапсырады.
3 топ – түрлі-түсті қағаздардан апплекация жасайды.
Қорытынды: Осы шығармашылық жұмыс барысында біз шабыттана түстік. Өз арман-қиялымызды жарыққа шығара алдық. Ең бастысы біз бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен сыйластық таныта отырып, ортақ нәтиже шығара алдық. Ендеше әр күнде осы бір сүйіспеншілік сезімін жүрегімізде сақтап жүрейік.
Анамызға арнап, өзіміздің ішіміздегі білдіре алмай жүрген риясыз сүйіспеншілігімізді хат арқылы жолдайық. Оқушылар осы хатты сыныптағы почта жәшігіне салады. Осы жазған хаттарды ата аналар жиналысында аналарына беремін. 1-2 оқушыдан оқытамын.
|