Мәдени тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы рәміздердің маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі233,44 Kb.
#122562
1   2
Байланысты:
Мәдене мұра
11-15 АйданаБОӘ, Вопрос 161, Дәріс GCP, GLP, новый год 2023 (1), новый год 2023 (1), Жана жылда жаңарған мінез, osh sor fizika emn 10-klass kaz, КЛАССИФИКАЦИЯ ПОЧВ. ПГР
 
Бұл туралы
 
ұлттық нышанымыздың- Мемлекеттік тудың 
авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков былай деді: «Мемлекеттік туға арналған 
байқауға көп жоба түсті. Іріктеуден өткен соңғы төрт жоба коммисияның 
шешімімен Жоғарғы Кеңестің талқысына ұсынылды. Əрине, ту төңірегіндегі әр 
түрлі пікірлердің, ұсыныстардың болғаны рас: біреулер жалаудан сегіз бұрышты 
жұлдызды көргісі келетінін, келесілер і қазақтың киелі дүниесі- шаңырақты салу 
қажеттілін алға тартты. Дегенмен бұл ұсыныстар менің көңілімнен шықпады. 
Өйткені сегізбұрышты жұлдыз Əзірбайжанның жалауында бейнеленген еді. Және 
басқа да мемлекеттердің нышанында болатын. Ал шаңырақты біздің алдымызда 
ғана қырғыз бауырларымыз қабылдағантұғын. Сондықтан бұл екеуінің қай-
қайсысын да қайталап жату артық болар еді. Сөйтіп, өзгеше жоспар жасауға 
бекіндім. Байқаудың аяқталуына үш күн қалғанда жаңа жалау жобасын жасауға 
кірістім. Себебі, алдыңғы жасаған жобаларыма көңілім толмады. Сонымен соңғы 
жасаған жоба жұрттың көңілінен шығып, мемлекетіміздің төл туына айналды.» 

Қазақстанның Мемлекеттік р әміздерін шетелдік мамандар жоғары бағалағаны 


кездейсоқ емес. Бонна қаласындағы вексикология халықаралық ғылыми-зерттеу 
институтының директоры Р. Климеш былай деп жазды: "Сіздің мемлекеттік 
Туыңыз өте жақсы. Мен оны алғаш рет теледидардан Барселонадағы Олимпиада 
ойындарының ашылуында көрдім". Басқа да танымал заң мамандарының пікірлері 
осы оң бағалаумен сәйкес келеді. 
Қорытындылай келе айтарым, бұл тақырыптың өзектілігі мемлекеттік 
рәміздердің азаматтардың патриотизмін дамытудағы және мәдени-тарихи жадыны 
сақтаудағы маңыздылығымен анықталады. Шын мәнінде, Рәміздер - әр елдің 
мемлекеттілігі мен тәуелсіздігінің көрінісі. Мемлекеттік рәміздер бірегей құбылыс 
ретінде терең тарихи тамырларға ие және өркениеттің дамуымен тығыз 
байланысты. Оның пайда болуы, қалыптасуы және сақталуы маңызды әлеуметтік, 
ақпараттық және мәдени функцияларға байланысты. 


Мемлекет басшысы жастар алдында сөйлеген сөзінде: "Жарлықпен мен 4
маусымды Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні деп бекіттім. Мемлекеттік 
рәміздер күні әрбір қазақстандық отбасында атап өтілетін бүкілхалықтық сүйікті 
мерекелердің біріне айналатынына сенімдімін" деп бекерден айтпаған. Себебі 
Мемлекеттік рәміздер жеке тұлғаның патриоттық және азаматтық қасиеттерін 
қалыптастырудың қуатты факторы болып табылады. Бұл процесс осы елдің 
азаматының бала кезінен басталады- алдымен отбасында, содан кейін бала-
бақшаларда, мектепте, оқу орындарында, еңбек ұжымдарында, қоғамда жалғасады, 
яғни ол үздіксіз. Патриотизмді қалыптастыру кез келген уақытта және кез келген 
мемлекет үшін өзекті және бірінші кезектегі міндет болып табылады. 
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері-бұл біздің еліміздің тәуелсіздігі мен өзіндік 
ерекшелігі идеяларының іске асуы, олар азаматтарға мемлекет негіздеріне 
құрметпен қарауды, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етеді және 
қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. 
Ойымды Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: "Мемлекеттік 
рәміздер - біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. 
Олар тәуелсіздіктің біртұтас қасиетті бейнесін білдіреді. Өйткені біз Тәуелсіздік 
пен Мемлекеттілікті ұлтты сақтаудың алғашқы негізі, ең зор құндылық ретінде 
қабылдаймыз."
Ф.Қозыбакова,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті тарих және археология,
этнология факультетінің Қазақстан
тарихы кафедрасының профессоры,
ғылыми жоба жетекшісі.
Бақытова Назерке,
механика – математика
факультетінің студенті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет